Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Дк қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады


Жоғары деңгейлі программалау тілдері



бет3/71
Дата04.10.2022
өлшемі1.36 Mb.
#461923
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
С тілінде программалау УМКД

Жоғары деңгейлі программалау тілдері


Жоғары деңгейдегі программалау тілдері нақты бір компьютерлік архитектура ерекшеліктерін есепке алмай жұмыс істейді, сондықтан олар процессорға сәйкес транслятор жазылған басқа компьютерлерге оңай көшіріледі. Жоғары деңгейдегі программалау тілдерінде программа жазу машиналық тілдерге қарағанда анағұрлым жеңіл. Жоғары деңгейдегі программалау тілдері:



  1. Фортран – өткен ғасырдың 50-жылдары инженерлік және техникалық есептерді шығаруға арналған тіл ретінде жасалған, машиналық тілге компилятор арқылы аударылатын алғашқы тіл. Мұнда программалаудың бірсыпыра маңызды түсініктері жүзеге асырылған еді. Осы тілде статистикалық есептерге арналған қарапайым кешендерден бастап, жер серіктерін басқаруға арналған есептерге дейін көптеген кітапханалық программалар жасалған болатын, сондықтан ол көптеген мекемелерде осы кезге дейін пайдаланылып келеді.

  2. Кобол – өткен ғасырдағы 60-жылдардың басында жасалған, экономикалық есептер шығаруда қолданылатын, машиналық тілге компилятор арқылы аударылатын тіл. Коболда сыртқы мәлімет сақтау құрылғыларында сақталатын көлемді мәліметтерді өңдеудің қуатты мүмкіндіктері жүзеге асырылды.

  3. Паскаль – 1970-жылдардың аяғында швейцар математигі Никлаус Вирттің программалауды үйрету мақсатында қолдану үшін арнайы жасаған тілі. Ол адамның алгоритмдік ойлау қабілетін қалыптастыратын, көпшілікке түсінікті қысқа программа жазуға қолайлы, алгоритмдеудің негізгі тәсілдерін көрсетуге және де ірі жобаларды да жүзеге асыра алатын тіл болды.

  4. Бейсик – бұл да өткен ғасырдың 60-жылдары программалауды үйренушілерге арналып жасалған қарапайым тіл болды. Бұған да арнайы

компиляторлар мен интерпретаторлар жасалып, ол көпшілікке кең тараған, игеруге жеңіл программалау тілдерінің бірі болды.

  1. С – 1970-жылдары шықты, ол, алдымен, көпшілікке арналып жасалмаған тіл еді. С нақты процессорға тәуелді емес, қысқа, әрі тиімді программалар жасайтын ассемблер орнына пайдалану үшін жоспарланған тіл болатын. С тілінің көптеген қасиеттері Паскаль тіліне ұқсас болғанымен, оның компьютер жадымен тікелей жұмыс істей алатын жаңа мүмкіндіктері бар еді. Осы тілде көптеген қолданбалы және жүйелік программалармен қатар Unix операциялық жүйесі де жазылып шыққан болатын.

  2. С++ – объектіге бағытталған С тілінің кеңейтілген түрі, оны 1980- жылы басында Бьярн Страуструп жасап шығарды. Ол алдымен «кластары бар С тілі» деген атпен С тілінің жетілдірілген нұсқасы ретінде шыққан еді, 1983 ж. ол С++ деп аталды. Объектіге бағытталған программалау дегеніміз

– тіл объектілері сұраныс арқылы байланысып, бір-бірінен жауап ала отырып, өзінің ішкі айнымалылар мәнін өзгертуі жолымен, яғни бір-бірімен байланысқан объектілердің сипатталуы арқылы жүзеге асырылатын тіл. Мұндай тілдердің ерекшелігі мұралау қасиетінің болуы, сатылы түрде бір объектінің қасиеттері екінші бір объектілерге беріліп отырады. Оларда мәліметтер инкапсуляцияланады (жасырылады), мұраланады және абстракциялық қасиеттерге ие бола алады.

  1. Java тілін 1990-жылдары басында С++ тілін негізге ала отырып, Sun компаниясы шығарды. Ол С++ тілінен төменгі деңгейдегі мүмкіндіктерді алып тастап, қолданбалы программалар жасауды оңайлату мақсатында жасалды. Тілдің басты ерекшелігі – оның машиналық кодқа түрленбей, бірден платформалы-тәуелсіз байт-кодқа (әр команда бір байт орын алады) түрленуі болды. Осындай код виртуалды Java-машина (JVM) интерпретаторы көмегімен орындалатын болды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет