Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Дк қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады



бет4/71
Дата04.10.2022
өлшемі1.36 Mb.
#461923
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
С тілінде программалау УМКД

Си/С++ тілі


С тілі өткен ғасырдағы 70-жылдардың басында АҚШ-та Bell Telephon Laboratories компаниясының қызметкері Дэннис Ритчидің бастауымен дүниеге келді. Бұл тілдің негізі Алголдан басталып, Паскаль және ПЛ/1 тілдерімен қатар пайда болды.


С тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесінде программалаумен тығыз байланысты, өйткені бұл жүйе ассемблерде және осы С тілінде жазылып шыққан болатын. UNIX жұмыс істеу ортасы С тілін жүйелік программалау тілі ретінде елге таныстырды, ол компиляторлар мен операциялық жүйелер жазу үшін қолайлы деп саналды, кейіннен С тілі кез келген салада программалар жазуға да өте қолайлы тіл болып табылатыны анықталды.
Алғаш рет UNIX 1969 жылы Нью-Джерси штатындағы Bell фирмасының лабораториясында PDP-7 мини-компьютерінде жасалып шықты. UNIX PDP-7 компьютерінің ассемблер тілінде жазылды. Бұдан соң сол лабораторияның жетекшісі Кен Томпсон 1970 жылы В деп аталған жаңа
тілге арнап компилятор жасап шықты. Осы тілді С (ағылшынша С) тілінің негізі деп атауға болады.
Жалпы С тілінің тез дамуына 1983 ж. оның стандартын жасау мақсатында Америка ұлттық стандарттар институтында (ANSI) Техникалық комиссияның құрылуы себепші болды. Комиссия жұмысына сол кездегі алдыңғы қатарлы мамандардың көпшілігі араласып, олар тек программалау мәселелерін ғана қарастырмай, кең таралып келе жатқан IBM PC компьютерлеріне арналған компиляторлар жасауды да осы стандартқа енгізді.
С тілінің негізінде 1983-жылы С++ тілі жасалып шықты, сол кезден бері тілдің бірнеше нұсқалары пайда болып, ол қазіргі ең көп тараған тілдердің біріне айналды. Біздің елде С тілінің алғашқы нұсқасы орыс тілінде Б. Керниган мен Д. Ритчидің ―С программалау тілі‖ деген кітабы арқылы бірнеше рет жарық көрді (1985-1991жж.).
Бірсыпыра фирмалар осы тілге арнап компиляторлар жазды, мысалы, Borland International фирмасы 1989 жылы біріктірілген программалау ортасы TurboC++ жүйесін дүниеге келтірді. Ол DOS ортасында жақсы жұмыс істеді. Ал 1992 ж. жасалған Borland C++ жүйесі Windows ортасында да жұмыс істейтін жақсы компилятор болып табылады.
Сонымен, С/С++ программалары Паскаль тілінің біріктірілген (интегралданған) ортасы сияқты DOS ортасында да және Windows жүйесінде де жұмыс істей береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет