Алгоритм және программа дегеніміз не, олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Компьютерде орындалатын алгоритмдердің қандай қасиеттері болады?
Алгоритмдерді өрнектеу жолдары.
Компьютерде есеп шығару кезеңдері.
Алгоритм схемаларының әртүрлі блоктары, олардың бейнеленуі, байланыстары.
Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер ерекшеліктері.
Қадамдық циклдер және олардың орындалу жолдары.
Программалау тілі және машиналық тіл түсініктері. Олардың айырмашылығы мен ұқсастығы.
Транслятор, интерпретатор, компилятор ұғымдары.
Төменгі және жоғары деңгейдегі программалау тілдері дегеніміз
не?
Паскаль тілін қай жылы кім, қандай мақсатта қолдану үшін
жасады? С, С++ тілдерін ше?
Бейсик, Фортран, Java тілдері қайда пайдаланылады?
ЛЕКЦИЯ № 2
Тақырыбы: Мәліметтерді енгізу және шығару. Си және С++ тілінің енгізу-шығару операторлары
Лекция жоспары:
Тілдің құрамы
Енгізу-шығару операторлары
Лекция мазмұны 1 Тілдің құрамы
С тіліндегі программа құрылымы төмендегідей болады: #препроцессор директивалары
#препроцессор директивалары функция а()
{операторлар} функция b()
{операторлар}
void main() // программаның орындалуын бастайтын функция
{операторлар: сипаттау операторлары
меншіктеу операторлары функция
бос оператор құрама операторлар
таңдау операторлары цикл операторлары көшу операторлары
}
Препроцессор директивалары – программаны компиляциядан өткізгенге дейінгі түрлендіру ісін басқарады. С тілінде мәтіндік файл түрінде даярланған бастапқы программа түрлендірудің 3 кезеңінен өтеді: 1) мәтінді препроцессорлық түрлендіру; 2) программаны компиляциядан өткізу; 3) біріктіру (байланыстарды түзету және жинақтау).
С программасының мысалы:
#include // препроцессорлық директива
void main() // функция тақырыбы
{ // функция тұлғасының басы
printf(“Hello!”); // экранға Hello! сөзін шығару
} // соңы
Келесі 2.1-суретте С программасының жалпы құрылымы көрсетілген.
Сурет 2.1. - С программасының құрылымы
Программада түсініктемелер беру үшін /* және */ таңбалары қолданылады, олардың ішіне қазақша, орысша, ағылшынша сөздер жазуға болады. Ал жол соңындағы түсініктемелер қос қиғаш сызықтан (//) кейін жазылады, бұл тәсіл С++ тілінің құрылымынан алынған.
Тілдің қарапайым объектілеріне сан, идентификатор, константа, айнымалы және функция, өрнек ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады. Олармен жұмыс істеу қолайлы болуы үшін алгебра курсындағы белгілеулерге ұқсас шартты атаулар пайдаланылады. Бұл атаулар әртүрлі мәндерді (сандық мән, символдық мән, т.с.с.) қабылдауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.
Символдардан тіл лексемдері құралады, ал лексемдер константалар, айнымалылар, идентификаторлар, т.б. тұрады. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады, олар сандық, символдық немесе тіркестік мәнді тұрақты түрде қабылдайтын лексем болып табылады
Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әртүрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Әрбір айнымалы мен константа программа алдында сипатталуы тиіс. Олардың компьютер жадында алатын орны типтеріне байланысты болады. Константалар мен
айнымалылар идентификатормен белгіленеді. С тіліндегі айнымалы – белгілі бір типтегі мәліметтер сақталатын компьютер жадының ат қойылған аймағы. Айнымалының аты мен мәні болады. Аты компьютер жадында мәні сақталған мәліметті пайдалану үшін керек. Пайдалану алдында кез келген айнымалы сипатталуы тиіс. Мысалы: int a; float x;
Атау – идентификатор (іdentіfіcatіon – объектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды және тағы басқаларды белгілеп жазу үшін қажет. Идентификаторлар тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерін, функцияларды, программаларды, файлдарды, т.б. программа объектілерін белгілеу үшін қолданылады. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру және кейіннен сақтау біраз уақытты керек етеді.
Идентификатор – латын әрпінен басталып, әріптер мен цифрлардан тұратын тізбек. Мысалы, a, beta, b5, baga, т.с.с. Айнымалыны сипаттау мынадай нұсқада орындалады:
char f; long z, t;
int a, beta, baga; float b5, k, n; int y = 10;
Идентификаторлар латын әліпбиінің бас және кіші әріптерінен және цифрлардан құралады. Әріп ретінде астын сызу символын (_) қолдануға рұқсат етілген. Бас әріп пен кіші әріп бірдей болып саналмайды, олар әртүрлі идентификаторлар болып есептеледі, мысалы, abc, ABC, A128B, a128b төрт түрлі идентификатор болып есептеледі.
Идентификатор ұзындығына шек қойылмайды, бірақ оның алғашқы 31 символы ғана мағыналы болып саналады. Идентификатор оны сипаттау кезінде анықталады да, кейінгі операторларда қолданыла береді. Сипатталатын идентификатор С тілінің алдын ала анықталған түйінді сөздерімен сәйкес келмеуі тиіс.
Константалардан, айнымалылардан, функциялардан және операциялар таңбаларынан өрнектер құралады. Әрбір өрнек арифметикалық операциялар таңбаларымен қажетті жақшалар көмегімен біріктірілген бірнеше операндтардан (сан, айнымалы, константа) тұрады. Математикадағы формулалар, алгебрадағы көпмүшеліктер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.
Түйінді сөздер – мағынасы алдын ала анықталған идентификаторлар, олардың саны шектеулі. Тұтынушы айнымалы, константа, өз функциялары аттарында тілдің түйінді сөздерін пайдаланбауы тиіс, олар тек өз мағынасында ғана қолданылады.
Стандартты функциялар. С тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілердің бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін
қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде функцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет. Стандартты функциялар: fabs(x), sіn(x), cos(x), asin(x), acos(x), tan(x), exp(x), log(x), sqrt(x), atan(x), т.с.с.
Арифметикалық операциялар символдар арқылы жазылады. С тілінде мынадай операциялар бар: * – көбейту, / – бөлу, % – модуль бойынша бөлу (қалдықты анықтау), + – қосу, - – азайту.
Қатынас операциялары (<=, >, >=, ==, !=) бірінші операндты екінші операндпен салыстырады. Операндтар арифметикалық немесе нұсқауыштық типте болуы мүмкін.
Логикалық операциялар (&& және ||). ЖӘНЕ (&&) мен НЕМЕСЕ (||) логикалық операцияларының операндтары арифметикалық типте немесе 1 1 0 1 0 1 1 1 1 1-операнд 1 1 0 2-операнд 1 0 1 Нәтиже 1 0 0 1 1 0 1 0 1 0 1 1 Операция: & | ^ 52 нұсқауыш түрінде бола алады, мұнда әрбір операциядағы операндтар типтері әр түрлі бола береді. Операциялар орындалуы кезінде типтерді түрлендіру жасалмайды, тек әр операндтың нөлге эквиваленттілігі бағаланады (нөлге тең операнд false, нөлге тең емесі – true болып саналады).
Достарыңызбен бөлісу: |