Зертханалық жұмысты орындауға арналған жеке тапсырмалар:
Кубтың қабырғаларының ұзындығы берілген. Оның көлемі мен қабырғасының бетінің ауданын табыңдар.
Теңбүйірлі үшбұрыштың жақтары берілген. Үшбұрыштың ауданын табыңдар.
x1, y1 және x2, y2 координаталарымен берілген нүктелердің ара қашықтығын табыңдар.
a, b, c нақты оң сандары берілген. Ұзындықтары a, b, c-ға тең үш қабырғалары бойынша үшбұрыш тұрғызып, оның бұрыштарын табу керек.
Үшбұрыштың ішкі бұрыштары және сырттай сызылған шеңбердің радиусы берілген. Оның қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.
Шеңбердің ұзындығы белгілі. Осы шеңбермен шектелген дөңгелектің ауданын табыңдар.
Ішкі радиусы 20-ға, ал сыртқы радиусы r ( r > 20 ) болатын сақинаның ауданын табыңдар.
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС № 3
Тақырыбы: Шарт тексеру, таңдау және шартсыз көшу операторлары
Жұмыстың мақсаты: С++ тілінің шартты және шартсыз операторлары, таңдау операторын оқып-үйрену.
Оқу-зертханалық құрылғылар тізімі: Дербес компьютер немесе ноутбук, Windows/Linux/macOS операциялық жүйелерінің бірі, Turbo С++/Dev C++/Visual C++ бағдарламалау орталарының бірі.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Программа жұмысын басқару операторлары программаның басқарушы конструкциясы деп аталады. Олар:
құрама операторлар;
таңдау операторлары;
цикл операторлары;
көшу операторлары.
Құрама операторларға жай құрама операторлар және блоктар жатады. Екеуі де жүйелі жақшаға алынып жазылады. Блокта жай құрама операторларға қарағанда, айнымалыларды сипаттау жолдары болады. Мысалы:
{ жай құрама оператор n++;
summa+=n;
}
{
int n=0; блок n++;
summa+=n;
}
Қатынас операциялары. Қатынас операциялары екі мәнді салыстыру үшін қолданылады. С тіліндегі қатынас операциясының тізбегі мынадай: ==,
!=, <=, >, >=.
Таңдау операторлары – бұлар шартты оператор және ауыстырғыш. Шартты оператордың жалпы жазылу түрі мынадай:
if (шарт)
{1-оператор;}
else
{2-оператор;}
Мұнда жақшадағы шарт түріндегі өрнек ақиқат болса, 1-оператор орындалады, әйтпесе 2-оператор атқарылады. Операторлар қарапайым немесе құрама болып жазыла береді. Оператордың қысқаша жазылу түрі:
if (шарт)
{1-оператор;}
Кейде қабаттасқан шартты операторлар кездеседі, мысалы: if (1-шарт)
{1-оператор;}
else
{if (2-шарт)
{2-оператор;}
else
{3-оператор; }
Мұнда егер 1-шарт ақиқат болса, 1-оператор орындалады, егер 1-шарт жалған болып, 2-шарт ақиқат болса, 2-оператор орындалады, ал 1- шарт және 2-шарт жалған болса, 3-оператор атқарылады.
Ондағы кез келген else түйінді cөзі (keyword) оның алдында ең жақын тұрған if операторына қатысты болып саналады.
Мысалы, берілген х, у – екі санның үлкенін анықтау үшін жазылған шартты операторды былай жазуға болады:
if (x>y)
{max=x;}
else
{max=y;}
Ал х, y, z сияқты үш санның үлкенін табу үшін, қабаттасқан шартты операторлар жазылады
if (x>y)
{if (x>z)
{max=x;}
{if (y>z)
{max=y;}
else
{max=z;}
Достарыңызбен бөлісу: |