Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Дк қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады


Зертханалық жұмысты орындауға арналған жеке тапсырмалар



бет47/71
Дата04.10.2022
өлшемі1.36 Mb.
#461923
түріПрограмма
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71
С тілінде программалау УМКД

Зертханалық жұмысты орындауға арналған жеке тапсырмалар:


  1. Жазықтағы нүктенің координаталары бойынша оның қай ширекте жататындығын анықтайтын программа құрыңдар.

  2. Жазықтықта үш нүкте берілген: A(x1,y1), B(x2,y2) және С(х3,у3). Осы үш нүкте арқылы үшбұрыш құруға бола ма? Егер болса, Герон формуласын пайдаланып оның ауданын есептейтін программа құрыңдар.

  3. Бүтін n саны берілген, ол бүтін m (m

  4. Кез келген айдың бірінші жұлдызы аптаның қай күні екені белгілі болғанда, сол айдың енгізілген кез келген күнінің аптаның қандай күні болатынын анықтау программасын құру қажет.

  1. Апта күндерінің реттік нөмірі бойынша олардың аттарын анықтайтын программа құру керек.



ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС № 4




Тақырыбы: Циклдық операторлар


Жұмыстың мақсаты: С++ тілінің параметрлік, алғышартты және кейінгі шартты циклдық операторларының орындалу алгоритмін біру және олардың есептің берілгеніне қарай дұрыс пайдалана алу.


Оқу-зертханалық құрылғылар тізімі: Дербес компьютер немесе ноутбук, Windows/Linux/macOS операциялық жүйелерінің бірі, Turbo С++/Dev C++/Visual C++ бағдарламалау орталарының бірі.


Қысқаша теориялық мағлұмат:




For операторы


For операторы айнымалы ретінде берілген цикл параметрінің алғашқы, соңғы мәні мен өзгеру қадамы белгілі болғанда, соған сәйкес бір немесе бірнеше операторларды қайталап орындау кезінде қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы немесе арифметикалық цикл деп аталады. Параметрлі циклдің орындалу схемасы:





Сурет 4.1. For циклінің орындалу алгоритмі For цикл операторының жалпы жазылу түрі:


for(x=x0; x<=xk; x=x+dx)
{
<1-оператор>;
<2-оператор>;
. . .
;
}
Мұнда x=x0 – цикл айнымалысының бастапқы мәні, x<=xk – циклдің орындалу шарты, x=x+dx – цикл айнымалысының қадамы. x=x0 цикл операторы орындаларда бір рет есептеледі, x<=xk ақиқат болса немесе 0-ге тең болмаса, цикл тұлғасы ретіндегі операторлар атқарылады. Содан соң x=x+dx есептеледі және x<=xk мәні қайта анықталады. x<=xk мәні жалған болса немесе жалпы жағдайда ол 0-ге тең болса, for операторының жұмысы аяқталады. Сонымен, цикл тұлғасының келесі орындалуы немесе орындалмауы оның атқарылуы алдында анықталады.
Мысал: /* 1-ден 100-ге дейінгі сандар қосындысын анықтау */



#include #include int main()
{ int s=0,i; clrscr();
printf("1-ден 100-ге дейінгі сандар қосындысы:");
for(i=1;i<=100;i++) { s+=i; }
printf("s=%d",s);
printf("\nАяқтау үшін Enter басыңыз\n"); getch();
return 0;
}









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет