Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Ежелгі Месопотамиядағы дәрітану



Pdf көрінісі
бет11/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Фармация тарихы

Ежелгі Месопотамиядағы дәрітану 
 
Б.д.д. IV-II мыңжылдықта Нил, Тигр, Евфрат, Хуан-Хэ, Янцзы, Инд, Ганг 
өзендердің  құнарлы  алқаптарында  құл  иенушілік  мемлекеттер  өркендеді.  
Олардың  ішінде  Египет,  Месопотамия  (Вавилон,  Ассирия),  Қытай,  Үндістан, 
Иран  т.б.  мемлекеттер  белгілі.  Кейінірек  құрылған  Рим  империясының  шығыс 
шегарасында  орналасқан  бұл  жерлерді  тарихта  «Ежелгі  Шығыс»  деп  аталып 
кетті. 
Өндірістің  артылған  өнімдері  басқа  елдердің  халықтарымен  саудалық 
алмасуға  мүмкіндік  берді.  Елдердің  арасында  ірі  теңіз  бен  құрлықтағы  сауда 
жолдары салынды, бұл жағдай халықтар арасында экономикалық және мәдени 
байланыстарын дамуына, өзара білімдермен молаюына әкелді. 
Ежелгі  Шығыс  елдер  туралы  біз  табылған  тарихи  көздерінен  білеміз: 
жазбаша  деректері  (Египеттегі  папирустарда  және  саркофагтар,  ұстынды 
храмда,  пирамидалар  үстіндегі  жазбалар,  қышқа  түсірілген  жазба  айғақтары, 
Месопотамиядан  -  күйдірілген  балшықтан  жасалған  плиткалар,  Үндістаннан  – 
ведалық әдебиеттен, Қытай, Тибеттен- медициналық кітаптардан); материалды 
мәдениет    заттары  (санитарлы-гигиеналық  ғимараттар,  медицинада  күнделікте 
пайдаланатын бұйымдардан, хирургия аспаптары, жасанды адам мүшелері және 
т.б.); заннамалық акттар (б.д.д XVIII ғасырда Вавилонда әмірші Хаммурапидың 
жарлығы,  Үндістанда  –  Ману  заңы),  діни  кітаптары  (Палестинада  –  библия, 
Иранда – «Авест» және т.б.); эпикалық шығармалар.  


 
21 
Месопотамия 
медицинасының  дамуына  жұлдыз 
дүниесіне  сенушілік әсер етті: адам 
ағзасындағы  барлық  өзгерістер 
жұлдыздар 
сәулелерімен 
басқарылады.  Адам  ішіне  «жын» 
кіріп  кетеді,  соңың  салдарынан 
неше  түрлі  аурулар  пайда  болады 
деген  ұғым  сол  заманда  кең 
таралған.  Мысалы  «Пазузу  перісі» 
құстырған,  бас  ауруын  әкелген,  ал 
«Ламашту  перісі»  қызу  көтерген. 
Дәрігерлер  науқасты  емдегенде 
алдыменен  дұға  оқыған,  сиқыршылық  мәтіндер  арнайы  кітапта  жазылған. 
Кітапта «Тіс ауруына қарсы дұға», «Бас ауруына қарсы дұға», «Тамақ ауруына 
қарсы  дұға»  және  т.б.  бөлімдері  берілген.  Тумарлар,  қарғыстар  мен  дұғалар 
жазылған тақшайлықтар кеңінен таралған. Әр адамда өз сақтаушы-құдайы бар, 
ол  күнәға  батқан  адамға  ызаланып  ауру  жібереді,  егер  де  науқас  өкінсе,  онда 
құдай  кешірім  етеді.  Құдайдың  каһарынан  ешқайда  ешкім  кете  алмайды деген 
ежелгі жазбаларда. Құдайға сиынып құрбандыққа мал шалу, тұмарларды тағып 
жүруін  емшілер  кеңес  берген.  Ниетің  дұрыс  болсын,  сонда  жазылып  кетесің 
деген.  
Месопотамия  медицинасының  қалыптасуына  Ежелгі  шығыс  елдерінің 
діндері  әсерін  тигізді.    Медина  ісінің  қамқоры  –құдай    Мардук,  аналық  және 
акушерлік қызмет  қамқоры – әйел құдай  Иштар. Таңғы жұлдыз  
Иштар  құдайына  аурудан  жазылуға  көмектеседі  деп  сенген,  оның 
бейнесін  көбінесе  қолына  баланы  көтеріп  тұрған  әйелді  суреттелген.  Ежелгі 
Вавилонда  адамдар  Иштар  құдай  мүсіні  күш-қуат  беретіне  орасан  зор  сенген.  
Александр  Македонский  Үндістаннан  соғыстан  қайтып  келе  жатқанда  қатты 
ауырды,  сонда  түніменен  әскери  басшылары    Вавилон  құдайларының 
мұсіндерін құшақтап сыйынған. 
Ассирия  медицина  туралы  Ашурбанипал  патшаның  кітапханасының 
медициналық  жинағынан  анықталды.  Саз  тақтайшаларында  арнайы  жазумен 
(клинопись)  33  емдік  өсімдіктер  туралы  сипаттама  берілген:  қына,  қарағай, 
алмұрт, ақ тал, майқарағай, қыша және т.б. Дәрілердің құрамына мұнай, шайыр, 
сүт,  ас  тұзы,  жануарлардың  мүшелері  мен  жүні,  тасбақаның  қабыршасы,  су 
жыланының мүшелері.   
Медициналық тақтайшалары аурудың нышандары немесе дене мүшелері 
бойынша  жинақталған.  Мысалы,  «Адамның  бас  қызуы  көтерілсе»  деген  
Сурет.3 
Месопотамия 

күйдірілген  балшықтан  жасалған 
плиткалар 
ж
а
з
а
л
ғ
а
н
 
п
л
и
т
к
а
л
а
р 
 


 
22 
тақтайшалар  жинағында,  түрлі  бас  аурулар  сипатталған:  «естен  айырылу»,  
«шаштың түсіп қалуы», құлақ, көз, самайдың аурулары.  
Құрбандыққа  шалынған  малдың  жүрегіне,  бауырына,  шегіне,  бүйрегіне, 
асқазанына  көп  көңіл  бөлген.  Бауырға  қарап  бал  ашқан,  тағдыры  мен 
болашағын жобалаған. 
Құл  иенушілік  Месопотамияда  медицина  дамуы  қоғамның  таптық 
құрамына  байланысты  еді.    Хаммурапи  заңында  дәрігерге  құл  иесі  ойдағыдай 
жазылып кетсе, оған 10 сиклей мөлшерінде күміс сыйақы, ал құлға  – 2 сиклей 
төленсін деген. Егер ақсүйектер өкілі дұрыс ем алмаса, дәрігердін қолы немесе 
саусақтары кесілсін,  ал құл өлсе оның орнына басқа құл берілсе болады деген. 
Дәрігерлер  дұрыс  емдемеген  жағдайда  қатал  жазаланған,  соның  салдарынан 
медициналық  көмектін  төлемі  жоғары  болған.  Мысалы,  сынған  сүйекті 
қалпына  келтірсе  немесе  буын  ауруын  емдеп  берсе,  дәрігерге  науқас  5  сиклей 
төлеу қажет. Бұл төлем сомасына бірнеше адам бір жыл бойы тамақтаналады. 
Ежелгі  Месопотамияда  дәрігерлер  дәрілік  өсімдіктер  білгішілері  болған, 
жануар мен минерал текті өнімдерден (бал, балауыз, еріткен сары май, мангуст 
қаны,  балық  майы,  қошақан  терісі  және  т.б.)  емдік  жақпа  майлар,  ішетін 
ерітінділер  жасаған.  Дәрілер  құрамы  20  компоненттен  кем  болмаған.  Массаж 
жасағанда  майларды  пайдаланған,  ішуге  -  пилюлалар,  ұнтақтар,  ерітінділер 
берген.  Б.д.д.  III  мыңжылдықта  рецепт  жазылған  медициналық  тақтайшалары 
табылған:  «Тасбақаның  қабыршағын  ұнтап  елей  қажет,  мұқият  араластырып, 
нага өсімдік өркені, тұз және қыша қосылсын; науқастың ауырған жерін күшті 
сыра  мен  ыссы  сумен  жуу; сосын  осы  дайындамамен  ауырған  жерді  ысқылау,  
өсімдік  майымен  ысқылау; сонан  соң  майқарағай  инелер  ұнтағын  сеуіп тастау 
қажет». 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет