Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Ежелгі Қытайдағы фармацияның дамуы



Pdf көрінісі
бет8/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Фармация тарихы

Ежелгі Қытайдағы фармацияның дамуы 
 
Ежелгі Қытай әлемге жібек пен оқты, компас және фарфорды, фаянс және 
қағазды,  кітап  басып  шығаруды    және  жаратылыстану  ғылымдары,  медицина 
мен фармациядағы  жаңалықтарды жария етті.  
Ежелгі  Қытай    халық  медицинасының  негізінде  ежелден  келе  жатқан  қытай 
философиясы  жатыр.  Бұл  философия  бойынша  Аспан-Адам-Жер  байланысы 
үзілмейді.  Аспан  және  Жер  (инь  мен  янь),  олар  әрдайым  әрекеттесіп  ғарыш 
өзгерістерін тудырады. Инь — аналық бастамасы, оның сапасы — бату, құлау, 
тыныштық;  янь  —  еркек  бастамасы,  оның  сапасы  —  жүзіп  шығу,  көтерілу, 
қозғалыс.  Адам  ағзасы  Әлем  заңдарына  бағынады,  табиғат  құбылыстарына 
бағышты,  мысалы,  жыл  маусымдарынан.  Табиғатпен  жарасымды  өмір  сүрсе 
адам  аурырғаны  ұмытады.  Ян-инь  ілімдерінде  баяндалған:  егерде  адамның 
жігері жетпей ауырса, «салқындықты» жылы дәрілермен емдеу, ал адам ағзасы 
ысыса, онда  «ыстықты» салқын дәрілермен емдеуі қажет.  
Қалыпты  жағдайда  Инь-Яннің  үнемі  болып  тұратын  күресінің  есебінен 
салыстырмалы  түрдегі  физиологиялық  тепе-теңдік  болып  тұрады  және  ол 
бұзылған кезде ауру пайда болады. Инь-Яннің өзара қатынасы екі бастаманың 
тығыз  байланысында  анықталады.  Ешқайсысы  да  жеке-дара  оқшауланып,     
бір-бірінсіз  өмір  сүре  алмайды.  Қытай  философиясының    негізінде  (Жу-цзяо) 
конфуцийшілдік дін дамыды.  
Ежелгі  Қытай  медицинасы  ерекше,  оның  дамуына  Индияның  Брахман 
діні Дао-ши ықпалын тигізді. Көп жылдар бойы индиялық сиқыршылары патша 
сарайында  қызмет  көрсетті.  Олардың  қолынан  сиқыршылықта,  балгерлікте,  
емдеуде  келетін.  Сол  ежелгі  заманда  Қытайда  бұл  үш  өнер  бір  бірінен 
ажырамайтын, Дао-ши дін қызметшілерінің шеберліктері жоғары бағаланатын. 


 
12 
Алғашқы археологиялық деректер б.д.д  ІІІ ғасырдың ортасында Хуань-ди-нэй-
цзинь  әмірші  патшалығынан  басталады.  Сол  мезгілде  Қытайда  ежелгі 
иероглификалық  жазбасы  толық  жетіледі.    Жылдар  бойы  ұрпақтан  ұрпаққа 
ауызша  берілген  ағзаның  құрылымына,  ауру  түрлері  мен  емдеу  жолдарына 
арналған  кітапты  «Нэй-цзинь»    атты  медициналық толық шығармалар  жинағы 
болып 
шығарылады. 
Барлық 
алдыңғы 
ұрпақтардың 
медицинадағы 
жаңалықтарды  меншіктеп  алып,  өз  атын  шығарды  деп  айтсақ  та  болады.  Б.д. 
618 мен 907 жылдарында Тань әмірші патшалығында  «Нэй-цзинь»  (19 кітабі) 
медициналық еңбегі қайта көшіріліп жазылғаны белгілі.  
«Нэй-цзинь»    еңбегінде  ежелгі  дәрігерлер  қолданған  принциптер 
басшылыққа алынған. 
1.  Адам  қоршаған  ортаның  белгілі  жағдайында  өмір  сүреді.  Ондағы  қолайсыз 
жағдайлар аурудың пайда болуына немесе оған әкеліп соғатын ішкі себептерге 
әкелуі  мүмкін.  Сондықтан  сыртқы  ортадағы  қолайсыздықты  жойып,  ауру 
адамды  шынайы, табиғи заттармен емдеу керек.  
2.  Табиғаттың  барлық  элементтері  –  ауа,  күн,  су,  минералдар,  өсімдік  және 
жануарлардан алынған бәрі емдік қасиетке ие. 
3. Әрбір науқасты емдеу қатаң түрде өзгеше болуы керек. Сонымен қатар емді 
науқастың жағдайы өзгерген сайын өзгертіп отыру керектігін көрсеткен. 
4.  Барлық  жағдайда  синдромдық-сиптоматикалық  ем  мүмкіндігінше  аурудың 
себебін жоюмен толықтырылып отыруы керек. 
5.  Емдеу  әдістерін  таңдаған  кезде  емдеу  принциптерін  ұстана  отырып  дәрігер 
ағзадағы  жетіспей  тұрған  қажетті  қоректік  заттардың  орнын  толтыруды 
ұмытпауы қажет. 
6. Барлық ем кешенді болуы керек. 
7.  Емді  жүргізу  кезінде  ешқашан  асығыстық  жасамай,  ағзаның  өзі  аурумен 
күресуіне жағдай жасау қажет. 
8.  Емнің  жақсы  нәтиже  көрсетуіне  науқастың  толық  жазылатына  сенімділігі 
және соған белсенді тірде ұмтылысы қажет. 
Б.д.  ІІ  ғ.  Кань-си  әмірші  патшалығы  заманында    «Чжань-чжень-цзин» 
медициналық еңбегінде қызу көтерілу түрлері, оның емдеу тәсілдері жазылған. 
Б.д.  ІІІ  ғ.  Сань-го  әмірші  патшалығы  заманында  әйгілі  хирург  дәрігері  Хуа-то 
қолымен жазылған «Ню-ма-цзинь» еңбегі елге танымал болған. Хуа То дәрігер 
(141  ж.  шамасында  туған),  кендірді,  мандрагораны,  белладонна  қолданып 
арқылы  операция  жасаған.  Жазған  еңбектері  жойылып  кеткен,  бізге  тек  қана 
ветеринарлық  кітап  жеткен.  Хуа  То  әмірші  бүйрығымен  өлім  жазасына 
тартылды.  Бұл  туралы  аңыздың  бірі  былай  болған.  221  мен  265  жылдарында 
Цао-Цао атақты қолбасшы бас ауруынан дәрігерге көрініп оның ұсынған емдік 
заттарын қолданды. Бір кездерде ауру шалдығып кетті, оған жазылып кету үшін 


 
13 
хирург  бас  сүйегін  тесуге  ұсыныс  жасайды.  Бұл  ұсынысты    естіген  патша 
қолбасшының  өміріне  жасалған  қастандық  деп,  дәрігерді  абақтыға  жапты. 
Атақты  Хуа  То  мұрасынан  тек  қана  жануарларға  арналған  шығармалары 
қалған.  
І ғасырда «Шин-Нун-Бэнь- Цао» кітабы құрастырылған. Бұл кітапта 300-
ден  астам  емдік  құралдар  мен  көптеген  жазбаларға  түсініктеме  берілген. 
Өсімдіктерден  алынған  заттармен  қоса  жануарлардан  алынатын:  панты  (жас 
алабұғының  мүйізі),  мускус,  қан,  бауыр,  жолбарыс  жүрегі,  пілдің  терісі, 
тасбақаның  басы,  кептірілген  кесірткелер,  тасбақаның  тас  қабығынан 
дайындалатын ұнтақ т.б. жазбаларға сипаттама берілген. 
Қытайдың  аңызға  айналған  билеушісі  Шэнь  Нунның  «И-цзунь-цзинь-цзянь» 
толық медициналық жинағы  тарихта ерекше орын алады. Бұл кітапты Ву-цянь 
сарай  маңында  жұмыс  атқаратын  емшілермен  бірге  құрастырған.  Кітапта 
барлық  сол  кезде  танымал  шығармаларынан  алынған  аурулардың  сыртқы 
сипаттамасы  және  олардың  суреттері,  сырқаттың  белгілері,  сынықтардың 
емдеуі,  дәрілер  жан-жақты  жазылған.  Бұрынғы  шығармаларда  аурулардың 
сипаттама  беріліп,  оған  қолданылған  дәрілер  аталса,  мына  кітапта  алдыменен 
дәрі-дәрмектер  (декоктар,  пилюлалар  және  т.б.)  тізімі  жазылды.  Қолданған 
дәрілер бойынша аурулардың атауын табуға болатын.  
Ежелгі  Қытайда  император  маңайында  әрдайым  атақты  емшілер  қызмет 
етті.  Олар  сарай  ақсүйектерін  емдеуде  бар  білгендерін  қолданды,  «өмір 
нүктелерін»    тітіркендіру  арқылы  ауруды  емдеу  әдісін  жетік  меңгерген. 
Әлемдік  тәжірибеге  Қытай  Халық  фармациясының  –  женьшень  тамыры,  
лимонник,  камфора,  шай,  жуа,  сарымсақ,  смола,  ревень  сияқты  өсімдік 
құралдары  және    жануарлардан  жасалатын  дәрілер;  бұғы  пантасы,  бауыр, 
желатин енгізілді. 
Мемлекеттік,  жеке  және  әлеуметтік  мамандар  дайындайтын  мекемелер 
болмағандықтан,  медицина  саласында  қызметкерлер  әкесінен,  жеке 
мұғалімнен,  немесе  өзі  талаптанып  емші  болуға  патша  рұқсат  берген. 
Қарапайым  халықты  емшілер,  бақсылар,  сиқыршылар  емдеген.  Емшілер 
«белсенді  нүктелерінің»  тітіркендіру  арқылы  ауруды  емдеуін,  пульстік 
терапияны меңгерген, әр-түрлі заттарды қолданана білген.  Ауылдық бақсылар 
жергілікті  астрологтар  ретінде  танымал  болған.  Адамның  ағзасы  Әлем 
өзгерістеріне  бағынышты,  маусымның  ауысуы,  жылға,  Табиғаттың  бес 
бастамасынан  –  су,  от,  жер,  тал  мен  металл.  Емдеу  барысында  емшілер 
науқастарды  жан-жақты  қараған  -  көңіл  күйін,  тұрмыс  жағдайын  анықтауына 
тырысқан. Баршамызға «фэн-шуй» өнері деп танымал.  Бақытты және бақытсыз 
күндерді  санап,  соғылған  үйдің  тұруға  қолайлы  жерлерін  табуды  білген. 


 
14 
Науқасты  өз  үйінде  қабылдаған, 
немесе  емдеуге  олардың  үйіне 
барған.  Емшілер  қайнатпаларды, 
пилюлалар  үйлерінде  дайындап 
науқасқа әкелген.  
Б.д.д.  ІІ  ғасырда  Қытайда 
әлемдік  медицина  тәжірибесінде 
алғаш  рет  «аурудың  тарихын» 
жазу  енгізілді.  Емдік  дәрілердің 
тізімі 
байытылды, 
дайындау 
және 
жасау 
техникасы 
жетілдірілді,  фармакологиялық 
білімдер  кеңейтілді.  Жабайы  шөптерден  тұратын  емдік  шөптерді  ғана  жинау 
ешкімнің  көңілін  толтырмағандықтан,  оларды  мәдениетке  енгізу  қажеттілігі 
туындады.  Ол  үшін  VI  ғасырда  арнайы  дәрілік  плантациялар  -  дәріханалық 
бақшалар  ашылды.  Ондай  бақтардың  бірі  үшін  астананың  маңынан  300  му 
жақсы жерлер бөлінген. Ол Медициналық бұйрықтың қарамағында болды және 
онда арнайы оқытылған адамдар қызмет істеді. 
Қытайда Мин әміршілігіне дейін дәрігерлік мамандыққа оқыту болмаған. 
Сол ғасырда патша сарайының маңында Медициналық бұйрық ашылды (Тай-и-
юань), жұмысшыларының саны 30-40 адам.  Атқарған қызмет деңгейі бойынша 
қазынадан  жалақы  төленген.  Медициналық  бұйрық  қаулысы  бүкіл 
медициналық    қызметкерлерге  емес,  тек  қана  сарай  мағындағы  дәрігерлерге 
ықпалын  тарататын.  Әрбір  дәрігерлік  мамандығын  армандағандар  емтихан 
тапсыруға  мүмкіндік  алды.  Тапсырушылар  тақырып  бойынша  бір  аурудың 
сипаттамасын  және  оны  емдеуге  өз  көзқарасын  жөнді  түрде  жеткізу  қажет. 
Қанағаттанарлық  баға  алғаннан  соң  патша  сарайының  маңында  дәрігерлермен 
жұмыс  жасауға  рұқсат  алады.  5-6  жыл  бойы  жұмыс  атқарып,  емтиханға 
жіберіледі.  Өте  жақсы  баға  алғандар  лауазымы  мемлекеттік  дәрігер  болып 
сарайға жұмысқа кабылданады. 
  
Қытай    дәрігерлері  «өмір  нүктелерінің»  бар  екенін  және  оларды  инемен, 
күйдіріп  тітіркендіру  арқылы  ауруды  емдеуге  болатындығын  дәлелдеген. 
Ағзаның  «өмірлік  өзегін»,  «белсенді  нүктелерін»  тітіркендіру  арқасында 
рефлексотерапия  дамыды.  Адамның  «өмірлік  өзегі»  ағзаның  үстімен  өтеді. 
Олар  ішкі  құрылыстағы  бауырмен,  бүйрекпен,  жүрекпен  т.б.  мүшелермен 
байланысты.  Ағзаның  «өмірлік  өзегі»,  «белсенді  нүктелері»  сырттай 
көрінбейді, оларды тауып тітіркендірсе, сырқатты басады.  Бұл әдістің алғашқы 
терең түсініктемесі б.э.д ІІІ ғасырда берілген. XIV ғасырға дейін 700-дей «өмір 
Сурет.1 Қытай медицинасында әуенмен 
емдеу 


 
15 
нүктелері»  табылып,  олар  14  «өмір  сызығымен»  біріктірілді.  Нүктелерді 
жусанмен, күкіртті қыздырып, сарымсақты қолданып тітіркендіретін. 
Қытайдың барлық атақты дәрігерлері бұл әдісті жетік меңгерген. 
Қытай  дәрігерлері  айрықша  өнерді  пульстік  диагностикада  жетілдірді. 
Оның  негізін  қалаушы  дәрігер  Бянь-цзяоның  тұжырымы  бойынша  әрбір 
мүшенің  пульстік  анықтамасы  бар,  сондықтан  пульсті  анықтау  үшін  дененің 
кем дегенде әртүрлі 9 жерінен зерттеуге нұсқау берді. Қытай дәрігерлері 24-тен 
200-ге  дейінгі  пульс  түрлерін  ажыратқан,  соның  ішінде  10  негізгі  болып 
табылады.  Пульстің  ғылыми  маңызы  туралы  Цэй-цзиннің  трактатында 
жазылған.   
Қытайда  Европаға  дейін    шешек  ауруынан  сақтандыру  мақсатында,  сау 
адамдардың  танау  тесіктеріне  оспамен  ауырған    науқастардың    кептірілген 
іріңінің  пустуласын тамызған.  
        Қытай  медицинасында  гигиена  мен  алдын  алу  элементтеріне  сәйкес, 
жалпы емдеуді бекітуші шараларға: диетаға, массажға, сулы процедураға, күнге 
сәулелендіру,  емдік дене шынықтыруға көңіл бөлінген. 
Қытай  медицина  тарихында  Сун-сы-Мяо  (581-673)  көрнекті  орын  алған. 
Өз  зерттеулерін  ол  фармакологияға  арнап,  халық  арасында  «дәрі  патшасы» 
атағына ие болған. Оның 30 томдық «Цзянь-цзинь-фан» (1000 алтын рецептер) 
еңбегі - қытайдағы дәрітанудағы теңдесі жоқ үлесі. 
Атақты  қытай  ғалымы  Ли-Ши-Чженнің  кітабында  жануарлардың  және 
дәрілік  шөптердің  сипаттамасы  берілген.  Б.д.  1596  жылы  жазылған  кітапта  әр 
түрлі  мезгілде  аурулар  емдеу  тәсілдері,  көп  рецептердің  жазбалары,  дәрілік 
өсімдіктердің  жинау  уақыты  мен  тәсілі  сипатталған.  Бұл  кітапта  медицинада 
қолданылатын  және  пайдаланбайтын  дәрілік  заттар  сипатталған,  олар  дәмі, 
емдік қасиеті мен аурулар бойынша жіктелінген.  
Ли-Ши-чжен б.д. ІІ ғ. Мин әміршілі заманында  өмір сүрді. Ал 1655 жылы 
Манжур әміршілі заманында кітап қайтадан көшіріліп жазылды.  
Ли-Ши-чжен  1518  жылы  дәрігер  отбасында  дүниеге  келген.  Ли-Ши-
Чженнің  10  шығармасының  үшеуі  біздің  заманымызға  дейін  жеткен.  Негізгі 
шығармасының  бірі  1892  емдік  өсімдіктің  сипаттамасы  мен  11896 
рецептуралық  жазбалар  52  томдық  жиынтығы  «Бэнь-Цао-Гань-Му».  Бұл 
шығарма  1552  жылы  басталды,  26  жыл  жазылды.  10  жыл  бойы  мәлеметтер 
қайта  қаралды,  1596  жылы  жазушы  өлгеннен  кейін  шығарма  басылып 
шығарылды.    «Бэнь-Цао-Гань-Му»-дың  26  томында  Ли-Ши-Чжень  дәрілік 
өсімдіктердің  қасиетерін,  олардың  емдік  сипаттады.  Алдыменен,  женьшень, 
ревень, лакричный корень, эфедра, қытай лиммонигі өсімдіктердің қасиеттерін 
сипаттады.  Ли-Ши-Чженнің  анықтауы  бойынша,  пияз,  сарымсақ,  қара  өрік, 
жапон  жемолость,  қытай  ветреницасы  өсімдіктерін  бактерияға  қарсы  және 


 
16 
антитоксикалық  қолдануға  ұсынған.  Туберкулезді  емдеуге  жапон  гинкго, 
аристолохияны;  безгек  ауруына  иір,  бруцея,  иммортели,  дикроа  өсімдіктерін; 
ішек-қарын,  бауыр  құрттарын  емдеуге  асқабақ  және  қарбыз  дәндерін,  арек 
пальмасының  жаңғағын,  папоротник  тамырын,  маклей  шөбін,  гранат  талының 
қабығын ұсынған. Әл-куат беретін, тырыспаны басатын, «тазартқыш» процесін 
реттеуші  (қақырық  түсіретін,  несеп  айдайтын)    дәрілерге    жусан,  володушка, 
хош  иісті  цимицифуга,  орхидея,  тростник,  бамбук,  шие  және  т.б.  өсімдіктерді 
кіргізді. Жалпы әл-куат беретін, сергітуші  заттарға  женьшеньды шабдалы, иір 
жатқызды.  Тыныштандыратын  және  седативті  қасиеті  бар  өсімдіктердің 
қатарына  Ли-Ши-Чжень  шүйгіншөпті,  өгейшөпті,  көкнәр  бастарын, 
полиморфты  ангелика  тамырын,  кокос  жаңғағын,  жас  бамбуктың  сабағын, 
жүзім  сабағын,  книдиумды  жатқызды.  Үлкен  топтың  бірі  жансыздандыратын 
дәрі-дәрмектер,  бұл  топқа  аконит,  ангелика,  копытень  тамыры,  драцена, 
қытайлық  ломонос  тамыры,  хохлатка  тамыры,  пион  тамыры,  көкнәр  бастары, 
үнді конопля, мандрагора  кіргізілді.  
Ли-Ши-Чженнің  жинағында  емдік  өсімдіктердің  басқа  да  көптеген 
топтары  жинақталған.  Жүрек  ауруларын  емдеуге  меруертгүл,  строфант, 
олеандр, жапондық родея, актинидия, магнолия қабығы, шалфей қолданған. 
Ли-Ши-Чженнің  «Бэнь-Цао-Гань-Му»-дың  30  томы  жануарларды 
сипаттауға  және  оларды  емдік  заттар  ретінде  пайдалану  жолдарына  арналған: 
құрт-құмырсқалар  -100  атауы,  балықтар  –  59,  жыландар  –  17,  ұлулар  –  29, 
құстар  -59,  үй  және  жабайы  жанурлар  –  86  атауы.  Жалпы  әл-куат  беретін, 
сергітуші,  тыныштандыратын, жансыздандыратын зат ретінде бал  қолданған. 
Жалпы  сергітетін  қызмет  көрсету  мақсатында  мускусты  тағайындаған.  Осы 
мақсатта одан да кеңірек панттар пайдаланылған.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет