20
кесіп кетеді деп, дәрігерлер ағаштан жасалған пышақпен ағзаны сойып
зерттеген. Үндістан хирургтері тіндерді зығыр жіптерімен, жылқы қылымен,
сіңірмен тігуін білген; күлмен, салқынмен және қысып таңғышпен қан
тоқтаткан; сынықтарды емдеу кезінде созу, түзету шаларын жасаған және
емдеуге қозғалыссыз таңғыштар, бамбуктен жасалған шиналар қолданған;
күйік жараларын, ойық жараны, ісіктерді арнайы әдістермен емдеген; опий,
меңдуана, гашиш, шараптар арқылы операцияларды жансыздандырумен
жасаған.
Диета, массаж, су процедуралары, күнге қыздырылу, емдік гимнастика
туралы кітапта арнайы бөлімдері бар. Емдік өсімдіктер сипатталған: лимон,
женьшень, шәй, аконит, пияз, мандрагора, бадан, жусан, опий. Емдеу
практикасында, сонымен қатар олар минералды заттар мен олардың тұздарын
да қолданған. Олардың арасында мысалы, мышьяк, темір, мыс, препараттары,
олармен жараларды күйдірген, көз ауруларын емдеген. Темір мен мышьякты
қан көп кеткенде қолданған. Жараның бетін емдеуге құрамында қорғасын,
күкірт, сурьма, мырыш, аммоний тұздары бар жағылмалар пайдаланған.
Достарыңызбен бөлісу: