Ежелгі Үндістандағы дәрітану
Б.д.д III мыңжылдықтың басында ерекше мәдениетімен, дамыған
медицинасымен тамымал Үндістан өркениеті қалыптасты. Гималай тауының
оңтүстік етегінде орналасқан, Инд және Ганг ұлы өзендермен суарылатын
байтақ елмекені. Тропикалық климатта әр түрлі хош иісті тамырлармен,
жемістермен және гүлдермен бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің оразан зор
түрлері баршылық. Ежелгі үнді дәрігерлеріне қолдануға флора жергілікті
өсімдіктері мол болғандықтан, басқа елдерден емдік өсімдіктер алдырылмады.
Медицина мен фармацияның зор дамығанының айғақтарына «Аюр-Веда»
(б.д.д. І ғ.) шығармасы және «Ману заңдарының жиынтығы» (б.д.д. ІІ ғ.)
жатқызылады. Шығармада берілген философиялық және медициналық, ілім
17
бұлағына байланысты «Аюр-Веда» (өмір кітабы) ұзақ өмір сүру іліміннің
негізі деп саналды.
Аюрведалық жүйе медициналық білімді 8 негізгі тарауларға бөледі:
жараның шипасы; бас аумағына қатысты дерттің жазылуы; организмнің барлық
жеріне таралған дерттің жазылуы; жын әсіріне бағынған психикалық бұзылу
мен жан дертінің шипасы. У қайтаратын қарсы әрекет туралы үйрену негізгі
бөлім болып саналған. Аюрведа дерт шақыратын жын шайтандар дуасы және
магиялық шипа салтын сипаттаудан тұрады. Ежелгі емшілер «жын
шайтандарды куушы» деп аталған. Ежелгі үнді дәрігерлері ағза қалыпты жұмыс
жасауы үшін бастапқы үш элементтің болуы қажет деп есептеген: олар ауа
(эфир), шырыш және өт. Үнділердің «Аюр-Веда» кітабында осы үш
компоненттің тепе-теңдігі бұзылғанда ауруға ұшырайды деп айтылған.
Ведиялық мәтіндер екі табиғаттың дулей күшін (стихияны) мәлімдейді – жер
және кеңістік (эфир). Бұл элементтердің әртүрлі комбинациялары адам және
бүкіл әлемнің пайда болуына әкеліп соқты.
Индустардың натурфилософиялық ілімдеріне сәйкес барлық үш
элементтер органикалық тәрізді космостық аспект иемденеді. Мысалы,
табиғаттағы жел – жарық беруші; күштің құпиялық құдіретті күштерді алып
жүретін елеусіз құбылыс. Адам организмде жел мынадай қозғалыстармен
байланысты жүйелермен түсіндіріледі: нервтік жүйе, сонымен қатар қан
айналым, ас қорыту, зат алмасу және зат бөліну. Өт табиғатта от болып көрінеді
де ал организмде шынайы жылуды реттеп отырады және дененің қалыпты
температурасын ұстап тұрады. Ол басты қайнар қөзі дененің ішкі жылуы болып
саналатын жүректің қызметін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ас қорыту және
зат алмасу процесінде бөлінетін жылуды осылай атаған. Оның қайнар көзі
аспен бірге бөлінетін шынайы шырындар. Адам табиғатындағы флегма ұсақ
заттармен ассоциацияланады және жақпа майлар болып саналады. Үнді
ілімдерінде дене жылуын ұстап тұратын шынайы шырындар туралы мәлімет
көкбауыр функциясымен сипатталады: бұл бауыр мен көкбауырдан өтетін
шырындар, яғни күлгін-қызыл түске боялады да қанға айналады. Ары қарай
қаннан организмнің бес негізі пайда болады – тән, май, сүйек, ми сүйек және
ұрық.
Ежелгі Үндістан дәрігерлерінің емдеу ісінің қажетті бөлігі дәрі-дәрмек
тағайындау болып саналған. Сушруттың ойы бойынша, «білімсіздің қолында
дәрі уға тең, сондықтан оны пышақпен, отпен және жарықпен ғана салыстыруға
болады. Ал білімдінің қолында ол мәңгілік өмір сусынына айналады». Үндістан
дәрігерлері көбінесе өсімдіктер сығындысын қолданған. Ежелгі дәрігерлерді
дайындау жүйесі әлемге танымал, Индияда дайындалған дәрі-дәрмектер,
18
Гималайдан өсімдіктер теңізбен, және құрлықтағы сауда жолдарымен Орта
Азияға, Қытайға, Еуропаға жеткізілді.
«Аюрведа» кітабында 760 дәрілік заттар жазылған. Лимон, алоэ, қызыл
бұрыш дәрілер дайындалуға пайдаланды. Үнді дәрігерлері өсімдік тектес
заттардан жасалған дәрілер, үндіде қазіргі уақытта қолданылып келеді.
Ежелгі индустердің емдеу өнерінің негізі бағыттары Чарака (б.д.д. І- ІІ ғ.)
және Сушрут (б.д.д. ІV ғ.) трактатарында көрсетілген. Чараканың еңбектерінде
ауру диагностикасына көп көңіл бөлді: науқастың жасына, дене бітіміне,
тұрмыстық жағдайларға, адам әдеттеріне, мамандығына, тамақтанудың
ерекшелігіне және жергілікті ауа райына. Зәрдің
иісінің ерекшелігіне, түсіне қарап ерекше аурулардың
диагнозын қойған. Сонымен қатар дауысы, пульсі,
күш - құаты, әр түрлі тітіркендіртерге сезімталдығы
тексерілді. Чарака өз кітабында ішкі ауруларды
емдеуін сипаттады, соның ішінде тырысқақ, шешек,
оба, безгек, туберкулез. Анатомия мен тамырдан қан
алу туралы мағлумат арнайы бөлімде берілген.
«Сушрут-самхит» трактатының авторы атақты
дәрігер Сушрут. Бенарес қаласында медициналық
мектепті бітірген соң, хирург болып осы қалада
жұмыс жасайды. Ол жазған трактат алты бөлімнен
тұрады, оның біріншісі – хирургия туралы. Басқа
бөлімдерінде анатомия, терапия, көз аурулары, у және у қайтаратын ем туралы
айтылған. Сушрутаның ойы бойынша, науқастың ауруға шалдыгуы - ағзаның
үш субстанциясының бұзылуына байланысты: ауа, шырыш және өттің.
Адамның науқасын табуда емдеу өнері реттеліп жүйеленді. Адам аяқ
астынан ауруға шалдықса, онда оған жын шайтандар кірде немесе денесіне
құрттар жайлады деген ұғым болған. Науқасты қабылдағанда дәрігер
алдыменен сұрастырудан бастаған, тындаған, сыртқы түрін, пульсті тексерген.
Медициналық трактаттар әрқашан дәрігердің теориялық білімі мен
практикасына ғана емес адамгершілік қадір қасиетіне де ие болуы керектігіне
көңіл аударады: риясыздығына, адалдығына, батылдығына, сабырлылығына.
Басқа мамандыққа қарағанда медицина адамнан үлкен моральді беріктілікті
қажет етеді. Емделушінің алдында жеке ынталылығын жоғары қоюға міндетті.
Егер дәрігер айықпайтын ауру болған жағдайда өзінің дәрменсіздігін
мойындауы керек. Дәрігерлік кеңестің әдептілігі оның сыртқы түріне де
байланысты: дәрігер практикасында жетістікке жету үшін дені сау, ұқыпты,
қарапайым, шыдамды, қысқа қиылған сақалы, тазартылған, қиылған
Сурет.2 Атақты
үнді
дәрігері Сушрут
19
тырнақтары, иіссу себілген ак киімі болуы керек, енді үйден шыққанда, таяқпен
және қолшатырмен әсіресе, мылжыңдардан қашады.
Ежелгі Индияда дәрігерлік құпия ұғымы болған: жақындарына ауыр әсір
ететін болса олар науқастан алынған мәліметтерді жарияламайды. Дәрігер
науқастың жан дүниесіне жағымсыз әсер қалдырмас үшін және емделіп
шығуына кедергі болмас үшін өзінің бақылағанын айтпауы керек. Бұл
аюрведиялық қойылымға сәйкес денсаулықты сақтау үшін жан дүниенің
тыныштығын қажет етеді.
Сушруттің
ойынша,
аурулардың
түйіні
ағзаның
үш
негізгі
субстанциясының бұзылуына себеп: ауа, өт және шырыштың. Ағзада ауаның
бұзылуы ауыр жұмыстан немесе артық тамақты тудыруы мүмкін, ол 80 түрлі
ауруға алып келеді; өттің бұзылуы ашудан, уайымнан немесе қорыққаннан
пайда болады және өзімен 40 ауруды тудырады; шырыштың бұзылуына әкеледі
және де әрекетсіздік, апатия және созылған ұйқы 20 ауруға алып келеді.
Сонымен бірге, аурудың себебі денедегі үш элементтің шынайы тепе-
теңдігінің бұзылуы. Сушрут трактатында бұл тепе-теңдіктің бұзылуының үш
себебін тапты:
o
ағзаның ішіндегі патологиялық өзгерістер, шамадан табиғи
ауытқулармен, болмаса адамдардың өмір салты денсаулыққа қолайсыз
болуымен сипатталады;
o
сыртқы жағдай (ауа райының асер етуі, жаралар, улану, жыланның шағуы
және басқа да себептер);
o
құдіретті күштің әрекеті – құдай және жындар, сонымен бірге «шарасыз
үдерістер» ағзаның қартаюына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |