Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Қазақ хандығының қалыптасып, құрылуы (ХІV-ХVІІ ғғ.)



Pdf көрінісі
бет36/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Фармация тарихы

Қазақ хандығының қалыптасып, құрылуы (ХІV-ХVІІ ғғ.) 
 
Бұл  кезде  қазақ  халқының  қалыптасу  процесі  аяқталып,  оның 
мемлекеттігі  жергілікті  этникалық  негізінде  қалпына  келтіріледі.  Осы  кезде 
Қазақстан  жерінде  әлеуметтік-экономикалық  жағдай  қайта  түзеліп,  оңтүстік 
өңірлерде  егіншілік  кәсібі,  қала  өмірі,  қолөнер  өндірісі  жанданып,  мал 
шаруашылығы  да  аяқталып  тік  тұра  бастады.  Моңғолдар  құрған  Алтын  Орда 
мен  Шағатай  мемлекеттінің  ыдырауы  тездетті,  оған  себеп  халықтың 
дербестенуге ұмтылысы, өңірлердің ішкі  қарама-қайшылық.  
Ежелден  Қазақстан  территориясын  мекендеген  тайпалар  табиғи-
жағрафиялық,  экономикалық  және  саяси  ерекшеліктеріне  орай  этникалық 
бүтіндікті  сақтап  отырып  Үш  Жүзге  бөлінді,    олар  Ұлы,  Орта  және  Кіші  деп 
аталған.  Олардың  әркайсысының  территориялық,  шаруашылық,  рухани 
мәдениетінің  өміршеңдігі  күні  бүгінге  дейін  айрықша  сақталған.  Қазақтың  үш 
жүзі  ешқашан  бір-бірімен  ауқымды  көлемде  жауласып,  өзара  алауыздыққа 
араздыққа  бармаған.  Керісінше,  қазаққа  қауіп  төнгенде,  халықтың  тағдыры 
шешілер  сәтте  хандары  мен  қарашасы  бар,  батырлары  мен  билері  болсын 
бәріде бір жерден табылып отырған (Абдоллаев Н.А., 2002). 
Аймақтағы  этникалық  процестер.  Қазақ  жеріндегі  этногенетикалық 
процестердің  түп  тамыры  кола  дәуірінен  басталады,  ғалымдардың 
пайымдауынша  қазақ  даласын  мекендеген  қола  дәір  тайпалары  нәсілдік  түр 
жағынан европеидтар, андроновтық европеидтық өкілдерге жатқан. 
  Ғылыми    тұжырымдардың  көпшілігі  кола  дәуірінде  Қазақстан  өңірін 
мекендегендер үнді-иран тайпалары болу керек деп топшылайды. 


 
76 
Ежелгі темір дәуірінде қазақ жерін сақ  тайпалары  – массагеттер, даилар, 
исседондар  және  басқалар  мекендеген.  Б.д.д.  ІІІ  -  б.д.  V  ғғ.  да  Қазақстанның 
оңтүстігі  мен  оңтүстік-шығысында  мекендеген  кангюйлер  мен  үйсіндер  де 
негізінен  европеоидтер  болған,  дегенмен  бет  пішінінде  монголоидтық 
элементтерде 
біршама 
баршылық, 
мұны 
зерттеушілер 
гұндардың 
шапқыншылығының  ықпалымен  байланысты  деген  пікірге  тоқтайды.  Ал 
тайпалардың тілін талдауда  ғалымдар көзқарасы түркі тілдес деген тұжырымға 
тоқтайды. 
Біздің 
заманымыздың 
 
бірінші 
мыңжылдығының 
ортасында 
Қазақстанның жерлерінде  бұғу,  байырқу,  беклі,  қыбыр,  түргеш,  бұлақ,  қарлұқ, 
торғай,  едіз  тайпалары  орналасқан.  Бұл  түрік  тайпаларының  арқасында  түрік 
тілі  басым  бола  түсті.  Сақтар,  үйсіңдер,  кангюй  ұрпақтары  түріктермен 
араласуын күшейтті. 
Ежелгі  Түрік  мемлекеттерінің  қалыптасуына  сол  кезде  тұрып  жатқан 
қангюйлердің,  қанғар-печенегтердің  тайпалары,  оғыздардың,  Сырдарияға 
қоныс  аударған  астар  мен  алаңдар,  қарлүқтар  топтарының  өзіндік  алар  орны 
бар. VІІІ ғ. Шу мен Таласты жайлаған халаждар, жағралар тайпалары, сонымен 
қатар,  елдің  оңтүстігінде  орналасқан  көшпелі  түрік  тілдес  тайпалар  -тұхсил, 
шығыл,  дұлу,  түргеш,  жалаж,  аргұ,  шарұқ  тайпалары    қазақ  халқының 
этникалық  қалыптасуында  терең  із  қалдырып,  осы  кезге  дейін  этникалық 
атаулары (тайпа, ру аттары) сақталған. 
ХІ-ХІІ  ғ.  қазақ  жерінде  Қыпшақтар  мемлекеттік  бірлестігі  қалыптасты. 
Бұл мемлекет құрамында кимектер, баяндұрлар, баяқты, қаңлы, югур, елбірлік, 
дурут және басқа тайпалар өмір сүрді. Бұл этникалық топтар тарихта «қыпшақ» 
деген атаумен қалды. 
ХІІІ  ғ.  басында  Моңғолия  мен  Алтайдан  Шыңғыс  хан  жойқын 
жорықтарының  әсерімен  ығысқан  наймандар  мен  керейттер  Қазақстанның 
шығыс жерлерінде этникалық процестерге белсене араласады. 
Этникалық  қатынастардың  дамуында  із  қалдырған  тарихи  деректер  аз 
емес,  солардың  ішінен  моңғолдардың  үстемдігінен  туылған  себептер  ерекше. 
Қазақстан  жерлері  Шыңғыс  хан  ұрпақтарының  еншісіне  айналды. 
Қатыгездіктің,  қанаудың  торына  ілікті.  Үлкен  жаңа  саяси  құрылымдар 
орнатылды:  Жошы,  Шағатай,  Угэдей  ұлыстары.    Жошы  ұлысы  (Алтын  Орда) 
Ертіс  пен  Алтайдан  бастап,  Дунайға  дейін  кең  байтақ  қыпшақ  жерін  алып 
жатқан.  Ал,  Шағатай  ұлысына  оңтүстік  және  оңтүстік-шығыс  жерлері  қарады. 
Жетісудың  солтүстік-шығыс    бөлегі  Угэдей  ұлысына  бағынды.  Қазақ  жеріне 
моңғолдардың  жалайыр,  қоңырат,  маңғыт,  барлас,  байрин  тайпалары  қоңыс 
аударды. 


 
77 
Моңғол  ұлыстарының  құрамына  зорлықпен  еңгізілген  халықтар  мен 
елдерді  басқару  үшін  ХІІІ  ғасырда  Шыңғыс-ханның  «Ұлы  ясасы»  дүниеге 
келді. Яса (ясақ, монголша-дзасак) қаулы немесе заң деген мағнаны береді. Яса 
заңдар  жинағы  Шыңғыс  хан  әулетінің  тектелік  беделін  бекітті.  Ұзақ  уақыт 
бойы  бұл  дәстүрді  бұзғандар  қатаң  жазаланатын  болған.  Ясаның  жекелеген 
қағидалары  мұсылманның діни  құқығына  және  жергілікті  тұрғындардың  әдет-
ғұрпына  мүлдем  қайшы  келді.  Осының  әсерінен  халық  шаруашылығының 
дамуына  кеселдігін  тигізген  ірі-ірі  қақтығыстар  болып  тұрды.   Уақыт  өте  келе 
моңголдар  жаулаған  елдердің  өркениетімен  біте  қайнасып,  «Ясаның» 
қағидаларын түпкілікті сақтау саябырсыды. 
«Яса»  шарттары  бойынша  жергілікті  халық  соғыс  жорықтарына  қатысу 
үшін  әр  бір  үйден  «түтіннен»  бір  жауынгер  шығаруға  міндетті  болғаан.  Хан 
әулетіне  сыбаға  есебінде  күрделі  алымдар  мен  міндеттемелер  түсіп  отырды. 
Көшпелі  мал  өсірушілер  көпшір  деп  аталатын  салық  төлеуге  тиісті  еді,  оның 
мәнісі  жүз  бас  малдан  бір  бас  мал  беру.  Егіншілерден  де  астықтай  салық 
алынды-  әрбір  он  тугар  егістен  қазына  пайдасына  бір  тугардың  өнімі,  кей  бір 
жерлерде харадж «жер салығы» алынды. Көпестер баж салығын төледі. Салық 
жинау қызметі аса маңызды рөл атқарды, оны сатып алуға болатын еді. Салық 
жинаушылар қарамағына арнаулы әскерлер тобы бөлінген. 
Әскери  міндеткерлік  өте  ауыр  болды  -  халық  моңғол  әскерлері  үшін 
жауынгерлер  беруге  міндеттелінді.  Отырықшы  халық  та  әскери  борышын 
өтеуге тиіс болды  (бұлар да он түтіннен бір жауынгер беруге тиіс болды). 
Халық  ерекше  жарлық  бойынша  жол  жүріп  бара  жатқан  моңғолдардың 
елшісіне,  шенеуниктерге,  көпестерге  көлік,  түс  етін,  үй,  азық-түлік  беруге 
міндетті болды. 
Моңғол  шапқыншылығы  Қазақстанның  жерінде  жергілікті  халықтың 
біртұтас ел болып қалыптасуына  ұзақ уақыт кедергі жасаған еді. 
Моңғолдардың  басқыншылық  саясаты  жергілікті  халықтың  ата-тегінен 
қоныстаған  шұрайлы  жерлерін  зорлықпен  иеленіп  оларды  жат  жерге  көшіп 
кетуіне  апарды.  Ел  ішінде  өзара  қырқыс-соғыстар  мен  бітіспес  бәсекелестік 
орын алды. Уақыт өткен сайын басқыншы  моңголдардың азған шорығы қалың 
түрік арасына сіңіп, түріктеніп кетті. 
Тарихи түрлі қилы оқиғаларға қарамастан Қазақ хандығы дәурен  сүрген 
заманда  қазақ  халқы  өзінің  ұлттық  төлтумалығын  біржолата  орнықтырып 
үлгірді.  Соңғы  екі  ғасырда  ұлттың  жойылып  кетуінен  сақтаған  тек  ғана  жеке 
тұлғалардың  табанды  іс-әрекетінің нәтижесі  ғана  емес,  ең  басты  негіз  төлтума 
ұлттық мәдениетіміздің  өміршеңдігі мен менталитетіміздің мінездігінде жатыр. 
Бұл  орайда,  көшпенділер  мәдениетінің  дара  болмысына  айғақ  болатын  сөз 
өнерін, музыка өнерін және қолөнерін айрықша атап өткен жөн. Асан қайғыдан 


 
78 
бастап Махамбетке дейінгі, Жиреншеден бастап Сырымға дейінгі  тау сусындай 
тасқындап,  таңғы  шықтай  мөлдіреген  сөз  өнері,  поэзиясы  қазақ  халқының 
рухани  мәдениетінің  қандай  дәрежеде  болғанын  көрсетеді.  Қазақ  хандығы 
тұсында бес мыңдай күй дүниеге келіпті. Күйдің тілін түсініп, аңызын тыңдаған 
жан  ұлттың  жүрек  тебіренетер  әуеніне  айналған  шежірелі  тарихына  куә  болар 
еді.  Бұл  кезде  баяғы  Сақ,  Скиф,  Ғұн  заманындағы  қолөнер  мұраттары  қайта 
жаңғырып,  көшпелі  қазақтардың  күнделікті  тұтынатын  заттарынан  бастап, 
бейіттік  құрылыстарға  дейін  мүлде  жаңаша  сапасымен,  төлтума  қасиетімен 
көріне бастады. Әсіресе, сақтардың далалық өрнегі (звериный стиль) ғасырлар 
тұңғиығынан
 
қайтып оралғандай болды, алтын үзікті, жез құрсаулы киіз үйлер 
жасала бастады.  
Қазақ  хандығы  саяси-әкімшілік  құрылыс  жағынан  қарағанда    жүйелі 
орталықтандырылған мемлекет болып қалыптаса алмады. Хандық ірі ұлыстарға  
бөлініп, әрбіреуі хан тұқымынан шыққан султандар басқарған.  
1680-1718  жж.  Тауке  хан  билігін  жүргізді.  Тауке  ханның  заманында 
құқық  нормалары  бір  жүйеге  келтірілді,  толықтырылды.  Тауке  хан  Құлтөбеде 
үш  жүздің  атақты  билерін  қосып,  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»  мен 
«Есімханның ескі жолынан» құқық нормаларын талқыға салуының нәтижесінде 
«Жеті  жарғы»  дүниеге  келді.  «Жеті  жарғыға»  құқық  нормалары,  әкімшілік, 
қылмысты  істер,  діне  көзқарастар  туралы  ережелер  еңгізілген,  сол  кездегі 
құқықтық нормалар жиынтығы боп саналды. 
ХVІІ  ғ.  ортасында  Жонғар  мемлекеті  күшие  түсті.  Ойрат  ұлысы  қазақ 
жерлеріне  қайта-  қайта  шабуыл  жасады.  Жәңгір  султан,  кейін  Тәуекел  хан 
жоңғарларға қарсы бірнеше рет ойсырата соққы берген.  
1646  жылы  Қарасай  батыр  үш  жүздің    батырлары:  кіші    жүздің    - 
Жалаңтөс,  Орта  жүзден  –  Ағытай,  батырмен  бірге    жоңғарларға  қарсы  қимыл 
жасаған. 
1723  жылы  қазақ  еліне  жоңғарлар  шабуыл  жасады.  Шапқыншылықтың 
ауыртпалығы  Ұлы  жүздің,  Жетісудың  халқына  түсті.  Ешбір  бөгетсіз, 
қарсылықсыз    жоңғарлар    араға  көп  мезгіл  салмай  Орта  жүз  бен  Кіші  жүз  де 
жетеді. Малын, мүлкін, қонысын тастап, туыстарынан айырылып босқан халық 
беті ауған жаққа қашуға мәжбүр болады. Халық Самарканд, Ходжент, Бухараға 
қашты.  Бұл  кезең  халқымыздың  арасында  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл 
сұлама»  деген  атау  алды.  Яғни,  табанымыз  ағарғанша  шұбырып  Алқакөлге 
жетіп, азап пен аштықтан сұлаған жылдар дейді. 
Бұл  шапқыншылықтың  аяғында  Самарканд,  Бұқар,  Хиуа,  Фергана 
қалалары қаңырап қалды.  
1728  жылы  Әбілхайыр  бастаған  Кіші  жүз  жасақтары  үш  жылдай 
жүргізген  ұрыстан  қалмақтарды  жеңіп  шықты.  Қалмақ  әскерлері  қиян-кескі 


 
79 
соғыста  ондаған  мың  адамынан  айрылды.  Бұл  жеңіске  қол  жеткен  жер  кейін 
«Қалмақ қырылған» деп аталып кеткен. 
1730  жылы  Балқаш  көлінің  маңында  қазақ  пен  қалмақтардың  арасында 
тағы бір шайқас болды. Қырғын соғыста қазақтың атақты батырлары Қабанбай, 
Бөгенбай,  Шапырашты,  Наурызбай,  Жәнібек,  Малайсары  бастаған  жасақтары 
екінші рет соққы берді.  
Сонау қиын кездерде Әбілқайыр хан Кіші жүздің Ресей құрамына кіруіне 
тікелей  мұрындық  болды.  Ол  қазақ  жүздері  тап  болған  күрделі  ішкі  және 
халықаралық  жағдайда  өзінше  бағамдап,  тарихи  шешімді  қабылдауға  батыл 
мойын  бұрған.  Оның  ойында  Ресей  одақтықты  қабыл  алған  жағдайда  жоңғар 
шапқыншылығынан құтылу және Цинь  империясы тарапынан төнген тегеуінді 
қәуіп-қатердің бұлтын сейілту және ішкі алауыздықты тізгіндеу. 
1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілхайырдың елшілері келді. Олар Анна 
Иоанновнаға  хат  тапсырды,  Кіші  жүзді  Ресей  құрамына  кіруі  жөнінде  өтініш 
жасады.  1731  жылдың  19-ші  ақпанында  қазақ  халқының  Кіші  жүзін  өз  қол 
астына кіргізуі туралы грамотасына қол қояды. Кіші жүздің кіргенін естіп, Ұлы 
жүздің  елшілері    орыс  патшасына  өздерін  қамқорлыққа  алу  жөнінде  хат 
жолдады.  1734  жылы  10  тамызда  Ұлы  жүздің  Ресей  құрамына  қабылданғаны 
туралы құжат қайта жіберілді. 
Ресей  өкіметінің  отаршылық  саясатының  жүргізу  барысында  бекініс-
қамалдар салынды: Жайық өзені бойында сол кезде 14 қамал салынды. ХVIII ғ. 
50-ші жылдары ертіс өзенінің жағасында Омбы,  Железинск, Петропавл, Семей, 
Өскемен,  Ямышев  сияқты  қамал-бекіністер  бой  көтерді.  Қазақ  жерінде  орыс 
қамалдары  салынуға  орыс-қазақ  байланысын  және  Орта  Азиямен  сауда 
жасасуға жол ашады. 
Ежен  хан  (Шин  патшалығы),  Абылай  хан  және  Ұлы  жүздің  ханы  
жолбарыспен  бірігіп  басқарған  әскери  қолдары  1757  жылы  жоңғар 
шапқыншылықтарын тыныштандырады. 
1738-1739  жылдары  Орынбой  қаласынан  Ташкентке  және  басқа  да  сауда 
қалаларына  алғашқы  сауда  жасайтын  керуен  аттандырылады.  Содан  кейін, 
Ресей  патшалығы  кіші  жүздің  жеріне  еншілеп  ене  береді.  1740-1755  жылдары 
Жоғарғы Оралды, Омбыны, Семейді және Өскемен мен Ертісті біріктіретін 950 
км. қашықтыққа отаршылдық билікті жүргізе бастайды. 
Ресей  патшалығына  хандық  басқарудан  гөрі  аймақтық-саяси  басқару 
тиімді  болды.  Осы  тұрысында  1822  жылы  Сібір  генерал-губернаторы  М.М. 
Сперанскийдің  басшылық  етуімен  «Сібір  қырғыздары  туралы  Жарғы»  жария 
етіледі.    «Жарғы»  шарты  бойынша  Орта  жүзде  жаңа  әкімшілік  құрылым  мен 
сайлау  жүйесін  еңгізу  жоспарланды.  Онымен  қатар,  қазақ  баларына  Ресей  оқу 
орындарында  білім  алу  құқығы  берілді.  Денсаулық  сақтау  саласында  кейбір 


 
80 
шаралар  белгіленді:  қырдағы  бекінестер  гарнизондарына  ауруханалар  салу, 
көшпелі  халық  арасында  жұқпалы  ауруына  қарсы  профилактикалық  жұмыс 
жүргізу т.б. 
Бұл  қаулының  мақсаты:  қазақ  халқының  көнеден  қалыптасқан  саяси 
өмірін құрту және Солтүстік Қазақстан жеріндегі әкімшілдік басқарушылдықты 
жою  еді.  1822  жылы  Сібір  облысы  екіге  бөлінді:  Шығыс  және  Батыс 
бөлімдеріне.  Батыс  бөліміне  Тобыл,  Томск,  Омбы  облыстары  кірді.  Бас 
басқармасы  Иркутскіде  болатын    Шығыс    бөлімінде  орналасты.  Орталығы 
Тобылда  болды,  ал  1839  жылдан  Омбыда  болған.  Омбы  облысына  Орта  жүз 
қоныстаған жерлері мен Ұлы жүздің бір бөлігі кірді. 
Сібір  облысы  округтерге  бөлінді.  Сыртқы  округтерге  Ертістің  сыртында 
көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер облыстар мен ауылдарға бөлінді. 
Округтерге 20-ға  жуық  болыс, болысқа 12-дейін ауыл, ауылға 70-ге жуық үй 
енуі тиіс болатын. 
Осылайша  Ресей  патшалығының  күшпен  ену  әсерінен  1822  жылы  Орта 
жүздің, ал, 1824 жылы Кіші жүздің хандық басқармасы жойылады. 
1822-1844  жылдарда  8  округ  құрылды.  1833-34  жылдары  Аманқарағай 
және  Үшбұлақ  округтері  ашылды,  олар  ХІХ  ғ.  ортасында  таратылды  да, 
бұлардың  болыстары  Ақмола  мен  Көкшетау  округтеріне  берілді.  Баянауыл 
округі  1833  жылы  бекітілді.  1838  жылы  Омскілік  қазақтардың  облыстық 
басқармасы құрылды.  
1854  жылы  Сібір  қырғыздарын  басқару  екіге  бөлінеді:  Семейлік  және 
сібірлік болып. Семейлік басқару бөліміне Аягөз, Көкпекті, Семей, Қапал және 
Алатау  кірді.  Сібірге:  Ақмола,  Аманқарағай  және  Атбасар  қарады.  1859  жылы 
Орынбор қазақтарының облыстық басқармасы құрылды. 
ХІХ  ғасырдың  ортасынан  Ресейдің  патшалық  отаршылық  саясаты 
тұрғылықты  халықтың  тіршілігіне  әсер  етпей  қойған  жоқ.  Қазақ  халқының 
арасынан  ұлттық  батырлар  біріктірген  әскерлер  патша  саясатына  қарсы 
соғыстарды  ұйымдастырумен  болды.  Ал,  патша  өкіметі  қазақ  жерінің 
байлығына кенелу мақсатымен, өзінің ойлаған жоспарын іс жүзіне асыра берді. 
Қазба  байлықтарды  меңгеру  саясатында  заводтар  мен  фабрикалардың  бірінен 
соң бірін салдырды. Бұл қазақ халқының мәдени өсуіне тікелей, мол пайдасын 
тигізді. 
ХІХ ғ. 60-шы жылдары қазақ өңірінің Ресей қол астына қарауы аяқталды. 
Крепостниктік право жойылғаннан кейін Ресейде өнеркәсіптің қарқынды дамуы 
Қазақстанның  өнім  өткізетін  аса  бай  рынок    және  арзан  шикізат  көзі  ретінде 
рөлін күшейте түсті. 
1865  жылы  Қазақ  даласын  басқарудың  жобасын  дайындау  үшін  «дала 
комиссиясы»  құрылып,  оның  кұрамына  ішкі  істер,  әскери  министрліктерінің 


 
81 
өкілдері  және  Орынбор  мен  Батыс    Сібірден  «депутаттар»  енді.  Жалпы 
Қазақстанды  басқарудың  жаңа  жүйесінің  жобасын  Александр  ІІ  патша  үкіметі 
үкіметтік  шенеуніктер  дайындалатын  үлгі  негізінде,  Сейдалин,  Шыңғыс 
Уәлиханов,  Муса  Шорманов  тәрізді  сұлтандардың  т.б.  белсенді  қатысуымен 
әзірледі.  
1867  ж.  «Жетісу  және  Сырдария  облыстарын  басқару  туралы  уақытша 
ереже» 
және 
1868 
ж. 
 
«Орынбор 
және 
Батыс-Сібір 
генерал-
губернаторлықтардың  далалық  облыстарын  басқару  туралы  уақытша  ереже» 
бекітілді. 
Бұл  құжаттардың  шарты  бойынша  Қазақстан  өңірі  үш  (Түркістан, 
Орынбор,  Батыс-Сібір)  генерал-губернаторлыққа  бөлінді.  Орынбор-Орал  және 
Торғай  облыстары,  Батыс-Сібір-Ақмола  және  Семей  облыстары,  Түркістан  – 
Жетісу  және  Сырдария  облыстарында  бүкіл  әскери  және  азаматтық  өкімет 
билігі түгелдей генерал-губернатордың қолына шоғырландырылды. 
1889 жылғы 13 шілдеде  «Село тұрғындары мен мещандарды қазыналық 
жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы ереже» бекітілді.  
ХІХ ғ. 60-шы жылдарынан бастап, Ресей орталық губернияларынан Қазақ 
даласы мен Сібірге стихиялы түрде қоныс аудару басталды. Тек 1885-1893 жж. 
Ақмола  облысының  қазақ  халқының  пайдалануынан  251,8  мың  десятина  жер 
тартылып, 10940 еркек адамы бар 24 келімсектердің мекені құрылды, ал Семей 
облысында  қазақ  шаруаларының  пайдалануынан  33064  десятина  жер  тартып 
алынды. 
1895-1905  жылдары  қазіргі  Торғай,  Орал,  Жетісу,  Семей  және  Ақмола 
облыстарында  2.667.290  адам  тұрды,  оның  ішінде  қазақтар  2.153.011  болды, 
олар  1.914.013  шаршы  шақырым  жерді  мекендеді.  Миграция  мезгілінде 
Қазақстанға  Ресейден  1895-1905  жылдары  249  мыңнан  астам  адам  ауысып 
келді, ал 1906-1910 жылдарда оның саны 770 мыңға жетті. 
Ресей  губернияларынан  Қазақ  жерлеріне  қоныс  аударушы  шаруалардың 
басым  көпшілігі  күйзелген,  жоқшылыққа  ұшараған  адамдар  болатын. 
Көшпенділер  жергілікті  халыққа  оның  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
мәдениетіне,  әдет-ғұрпына,  әлеуметтік  қатынастарына  ерекше  көзқарасты 
қалыптастырды.  Олар  патша  өкіметі  мен  қанаушы  таптарға  қарсы  күреске 
бірлесіп  шықты,  қоныс  аударғандар  мен  қазақ  шаруаларының  таптық  сезімі 
бірте-бірте  өсе  берді.  Еңбектегі  және  әлеуметтік  байланыстардың  дамуы 
арқылы  қазақ  пен  қоныс  аударғандардың  жақындасу  процесі  бір  жүйелік 
қалыпқа келе бастады. 
 
 
 


 
82 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет