I БӨЛІМ
ЕЖЕЛГІ ДӘРІТАНУДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Алғашқы қоғамның қалыптасуы
Адамзаттың даму тарихында алғашқы қауым ең ұзақ шамамен 2,5 млн
жыл мерзімді қамтиды. Арнайы археологиялық жіктелу бойынша адамзаттың
даму тарихы үш мерзімге бөлінеді: тас, қола және темір дәуірлері. Алғашқы
қоғамның тас ғасыры екі кезеңге бөлінеді: палеолит және неолит. Бұл заман
шамамен 2,5 – 2 млн жылға созылған. Қола дәуірі б.д.д 3 мыңжылдықтан -1
мыңжылдықтың басына дейін, ал темір заманы шамамен б.д.д 1
мыңжылдықтан басталады.
Шетел ғалымдары дамудың алғашқы қатары мен адами қалыптасуы
(антропогенез) бір мезгілде және кезегімен жүзеге асырылды деп санайды. Д.Г.
Рохлин (1965) медициналық істің қалыптасу уақытын анықтау үшін аса
маңызды деп антропогенез кезеңдерін атады. Ол негізгі кезеңдерін талдау
барысында, оның төрт сатысын белгіледі: 1) «алғашқы жабайы адамдар
тобыры» - антропоидтық арғы тегі – 1 млн. жылдар бұрын өмір сүрген; 2)
маймыладамдар (питекантроптар, синантроптар, гейдельбер адамы); 3)
неандертальдықтар; 4) қазіргі адамдар.
Біздің дәуірімізге дейінгі миллион жыл бұрын жер бетінде маймыл –
австралопитектер өмір сүрген. Олар ағашта өрмелеп және екі аяғымен жүре
алған. Олардың бойы аласа, көбеюге бейім, түкті, терісі қара және жақтары
мықты болған. Олар басқа жануарларға қарсы шоқпар қаруын қолданды. Одан
кейін найза мен от пайда болды. Олар тобыр болып найза және алау мен
желбіретіп қорқыныштан есі кеткен жануарларды жарға қарай құлатқан. Кейін
сол жерде олар от жандырған. Отқа кесек етті қуырып, ыстық етті қолымен
бөліп жеген. Тойғаннан кейін өздерінің үңгірлеріне кіріп, келесі күнге
аңшылыққа дейін демалып ұйықтаған.
Осылай жылдар, ғасырлар бойы жалғасқан. Климат өзгерді, солтүстіктен
мұздықтар басты, қоршаған ортаның табиғаты өзгерді және маймылдар да
өзгерді, олардың қолдары қысқарды, жақтары кішірейіп, басының көлемі
үлкейді.
Австралопитектердің
орнын
питекантроптар
басты,
ал
питекантроптарды-неандертальдықтар басты, бірақ олардың ешқайсысы
адамдарға ұқсамаған. 10 мың жылдықтан соң неандертальдықтардан кейін
әлемді жаулап алған адам пайда болды. Адамдардың тәңірлік дәуірі басталды.
Саванналар, жайлаулар және тундралар аңшылық туыстығы бойынша бөлінді.
Олар барлық жерде орналасып, қолдарынан келгенше жерден барлығын алды.
6
Қоректену үшін олар өздерінің ата-бабасы маймыл секілді жеуге келетін
өсімдіктерді теріп және тамырларын таяқпен қазып жеді. Содан соң балық
аулауды үйренді, құстарға және ұсақ аңдарға аңшылық етуге мүмкіндік беретін
садақ ойлап тапты.
Ч. Дарвиннің адамдардың адам тәрізді маймылдардан жаралды деген
гипотезасы «Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен дамуы немесе өмір үшін
күресте жіктеліп қалған тұқымдардың сақталуы» (1859) атты еңбегінде
келтірілген. Ч. Дарвиннің айтуы бойынша, адамның пайда болған жері Африка
континенті. Алғашқы адамдар тек ғана жылы климатты аймақтарда
қоныстанды (Шығыс және Оңтүстік Азияда, Батыс- Оңтүстік Еуропада).
Алғашқы қауымның тарихын табылған палеантология, археология мен
этнография салаларының қазбалар айғақтары, археологиялық мағлұматтары
бойынша қайта қалпына келтіруге болады.
Алғашқыда адамдар көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын
жүргізген. Ежелгі қауымдықта адам коршаған табиғаттан түгел тәуелді болған.
Қарапайым еңбек саймандары, кездейсоқ аңшылық, оттың жоқтығы, киімнің
және үйдің жоқтығы көп мыңжылдық бойы адамдардың азап шегуіне,
өмірлерінің қысқаруына, түрлі ауруларға шалдығуына әкеліп соқты.
Жабайы адамдар еңбек құралдарын жасауға және бір-біріне көмек
көрсету, қамқорлық жасауға мәжбүр болды. Аңшылық дамуына садақ пен
жебенің пайда болуы себеп. Адамдар жануарларды (иттерді, мүйізді малдарды,
шошқаны) қолға үйретуін білді. Тас дәуірінде адамдар жиналып өсімдіктерді
жинауды, балық аулауды, отты пайдаланып еттен тағам дайындауды үйренді.
Алғашқы қауым қоғамда адамдар аңның терісінен киім жасауға, үйлерін
жабуға ұйымдасып ат салысты. Адамдардың ұжымда құрал-жабдықтарды
жасау, аңды бірігіп аулау, балық аулау, бір-бірімен тіл қатысу, сөйлеу
қабілетінің пайда болуына әкелген, содан соң ойлану және қарапайым сана-
сезімнің қалыптасуына мүмкіншілік туғызған.
Неандертальдықтар мәйітті жерлеу рәсімін алғашқы рет қолданған, оған
дәлел 70-50 мың жыл бұрын өлген адамның мәйіті әр жерде қазбаларда
табылған (Еуропа, Азия, Америка, Африка т.б.) және олардың қасына ыдыс-аяқ
т.б. заттар қойылған. Адамдарда сана-сезім дамып хайуандар әлемінен бөлініп
әлеуметтік дамуы қалыптаса басталған.
Екі миллион жыл бұрын «Адам» (Homo) тегі хайуанаттардың
патшалығынан шыққан; ежелгі тас ғасырының аяғында – 40000 жыл –
«Ақылды адам» өмір сүрді (Homo sapiens) .
30000 жыл тарихы бар ақылды адамдар өздеріне қабілетті жасалған
қарулары арқылы табиғаттан сыйын алды. Жабайы өсетін жемістерді жинады,
аңшылық пен балық аулаушылық дамыды. Өмір табиғаттың құбылмалылығына
7
байланысты болды, ашаршылық кезеңі күтпеген ажалмен ауысты. Балалар мен
қарттар арасында өлім көп болды.
Достарыңызбен бөлісу: |