Алғашқы қауымда дәрітанудың қалыптасуы
Ғалымдардың зерттеулері бойынша 40-35 мың жыл бұрын анахандық
(матриархат) дәуірі басталды. Бұл дәуір алғашқы қауымның ыдырау кезеңіне
дейін жалғасқан, аталық дәуіріне ауысқан. Анахандық дәуірі алдыменен ру
басында әйел болғанымен сипатталады. Әйелдің қоғамда орны өте мықты
болғандығын көрсетеді. Рулар шешеден тараған, адамдар шеше жағынан
туысқан болған. Анахандық дәуірінің дамуы сол кездегі адамдардың
тұрмысына тығыз байланысты болар. Әйел ұрпақты жалғастырушы және
балаларды асырап бағушы деп, аналарға табыну кең тараған. Әйел өз
ұрпағының қамын ойлай жүрді, балалардың денсаулығы мен тамақтануына
көңіл бөлді. Еркектер аңшылыққа кеткенде әйелдер балаларын қорғап қалады,
балалар ауырып қалса қолынан келгенше ем көрсетеді. Мүмкін әйелдер
өсімдіктерді қорек ретінде пайдаланып, олардың емдік қасиеттерін туралы
мәлеметтерді жинақтап жүрген. Мыңдаған жылдар бойы өз білгендерін
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді, өсімдіктерді сипаттап олардың қасиеттерін
айналысындағы адамдарға айта жүрді.
Өсімдіктермен емдеуде әйелдер саналы тәжірибелер жинақтаған. Әйелдер
науқасты емдеу жолдарын іздестірді. Ежелгі адамдар өсімдіктерді күнделікті
тамаққа пайдалынып, олардың ішінен пайдасыздарын анықтап, емдік өсімдікті
улыдан ажырата отырып, эмпирикалық жолмен өсімдіктер арасынан қайсысы
қоректік, улы, емдік екенін ажырата білуге мүмкіндік алды. Алдыменен олар
ауырғанды басатын (паслен тұқымдастарына жататын өсімдіктерді) ашты. Сол
кездерде «кока», мак, темекі, асқорыту жүйесіне тітіркендіргіш әсер беретін
өсімдіктер (жусан) белгілі болған.
Археологиялық зерттеулерге тоқтасақ алғашқы адамдар әр-түрлі
ауруларға шалдыққаны белгілі. Бұл туралы табылған мәлеметтер куә. Алғашқы
адамдар тоңғаннан, жұқпалы аурулармен ауырғаны Г.Г. Скориченко-Амбодик
еңбектерінде көрсетілген (1895).
Адамдардың тамаққа өсімдіктермен бірге жануардың етін пайдалануы,
оларға бауырдың, қанның, жануар майының шипалы қасиеттерін білуге
мүмкіндік туғызды. Науқастарды емдеуге көп жылдар бойы жануарлардың
қанын, күлін, жануар майын, бауырын, терісін пайдаланған.
|