Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Алғашқы қауымда емшіліктің қалыптасуы. Халық медицинасы



Pdf көрінісі
бет6/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Фармация тарихы

Алғашқы қауымда емшіліктің қалыптасуы. Халық медицинасы 
 
Табылған  палеантология,  археология  мен  этнография  салаларының 
қазбалар  айғақтары    бойынша  анахандық  дәуірінде  халық  медицинасының 
алғашқы қадамдарын байқауға болады. 
Анахандық  дәуірінде  адамдар    аңдарды  аулады,  сонымен  қатар  аңның 
терісінен киім жасады. Адамдардың бірігіп   аң, балық аулауды, бір-бірімен  тіл  
қатысты,  сөз  сөйлеу  қабілеті  пайда  болуына  әкелген.  Тілдің    дамуы  бүкіл 
адамзаттың даму тарихына үлкен ықпал етті.  
Анахандық  дәуірінде  адамдардың  отты  ашкалы,  тұрмыстық  жағдайлары   
күрделі  өзгере  бастайды.  Адам  табиғатты  бағындыруға  бір  қадам  аяқ  басты. 
Егер олар бұрынғы кезде тек қана судың жағасында, жемістері мол және аңдағы 
көп  жерлерде  тұруға  мәжбүр  болса,  енді  оларға  басқа  жерлерді  пайдалануға 
мүмкіндік  туды.  Оттың  берер  жылуы,  отқа  піскен  тамақтың  ағзада  жақсы 
қортылуы,  тағамдардың  түрлерінің  көбейуі  адамдардың  тұрмысын  жақсартып, 
оларды  шынықтыра  түсті.    Адамдардың  өмір  салты  өзгерді,  бара-бара 
адамдардың ой-жүйесі мен сана-сезімі өзгере бастады. 
Әрқашан,  адамзат  өзінің  айналасындағы  құбылыстарды,  тіпті    өз  жан-
дүниесіндегі  өзгерістерді  шамасы  келгенше  болжап,  оған  жауап  та  таппақшы 
болған. Сол замандағы адамдар не білді? Ол – табиғат пен өзі туралы еді, сол өз 
заманына  сәйкес  келетін  қоғамдық  сана  –  тұрпайы  діни  ұғымдар  болатын.  Ол 
ұғымдар  мыңжылдар  бойы  халық  медицинасының  арқауы  болды.  Енді  сол 
ұғымдарға  жеке-жеке  тоқталайық.  Оларға:  анинизм,  тотемизм  және  фетицизм 
жатады.  
Тотемизм  –  Солтүстік  Америка  индеецтерінің  оджиб  тайпасының 
«тотем» (оның тегі) деген сөзінен шыққан. Рулық қоғамдағы адамдар тобының 
шығу  тегін  жануармен,  өсімдіктермен  немесе  табиғат  құбылыстарымен 
байланыстыру  негізінен  алғанда  қалыптасқан  фантастикалық  сенімдер  мен 
әдет-  ғұрыптардың,  салт-сананың  жиынтығы.  Тотемизм  қалдықтары  барлық 
құрлықтағы  тұрғындар  арасында  кездеседі.  Мысалы,  жаңа  туған  айға  табыну, 
аңға шыққанда олардан рұксат сұрау. 
Фетишизм  –  (португалдықтан  fetiche  –  сиқырлық  деген  сөзінен)  – 
діншілердің жансыз заттарға ерекше пішінді тасқа, хайуанат терісіне, адамның 
немесе хайуанат бейнесіне табиғаттан тыс күш, қасиет «танып» оған табынуы. 
Фетишизм осы замандағы діндерде де сақталған, қоғамда да тұмар тағу, аңның 
басын қабырғаға ілу, қабырғаға мүйіз ілу ақылға симайтын әдеттер сақталған. 
Анимизм  (латынша  anima  немесе  жан,  рух)  жанға  мен  рухқа  сену. 
Алғашқы  қауыдық  қоғамда  адам  жабайы  табиғат  алдында  дәрменсіз,  дененің, 
мидың  ерекшеліктеріне,  жалпы  материалдық  заттардың  ерешеліктерінен 


 

бейхабар  болды.  Ұйықтау,  түс  көру,  өлім  тәрізді  құбылыстарды  кетіп-келіп 
жүретін дене қосағы, деп түсінді. Адамдардың түсінігінше: тіршілік бұ дүние, о 
дүниеде    рухтар  мен  жандар  тұрады.    Алғашқы  қауым  адамдары  бұларды 
бастапқы өмірдегі тірі жандардың ғажайып қосақтары, яғни адам сияқты тамақ 
ішетін, іс істеп, етіне сіңісіп кеткен тірі жандылар деп ұққан. О дүниеге, әулие-
періштелерге,  жын-шайтанға,  аруақтарға,  аян  беруге,  түске  т.б.  сену  – 
анимизмнен қалған сарқыншақтар. Анимизм халық медицинасына көп ықпалын 
тигізді,  жеке  айтқанда,  науқас  адамның  ауруының  себебін  табуға  мүмкіндік 
берген жоқ 
(
Алдашев А.А.
, 1992)

Халық  медицинасының  тарихын  анықтау  үшін  нақтылы  деректеріне 
көшейік.    Адамдарды  емдеуге  әр  түрлі  қиял-ғажайып  әрекеттер  жасап 
аруақтардың  ризашылығын  табу.  Осы  наным-сенімдерге  сәйкес  түрлі  емдік 
әдістер  қолданған.  Мысалы:  аруақтар,  рухтар  ауру  қоздырды  деп  оларды  адам 
денесінен  кетіру  үшін  «рухты»  сорып  алып  тастау  (Америка  аборигендері). 
Кейінгі заманда бұл әдістер емшілдікте шамандық ретінде қолданған. Мысалы 
аурудан тазарту үшін бас сүйегін тесу қолданған.  
Анахандық дәуір соңғы палеолитте аталық кезеңмен жалғастырылды. Бұл 
заман  егін  шаруашылығымен,  аңшылық,  үй  малдарын  өсіріп  бағумен 
сипатталады.  Жанұяда  еңбекті  бөлу  процессі  жалғастырулыда,  еркек 
аңшылықпен, балық аулаумен, жер жыртумен және егін егумен айналысты, ал 
әйел  –  үш  шаруасымен.  Байлықты  еркек  өз  қолында  ұстады,  сол  себептен 
бірыңғай биліккті өзіне еркек алды.  
Археологиялық  деректерге  сүйенсек  10-12  мың  жыл  бұрын  адамдар 
бидайды өсіреп, малды ажырата білді. Бидай жыл бойы азық болды, малдар ет, 
сүт, сыр, май берді. Ең бірінші дақылдардың бірі болып арпа егілді. Арпа таулы 
өлкеде  Кіші  Азияда,  Палестинада,  Иранда,  Оңтүстік  Түркменияда  сонымен 
қатар Солтүстік Африкада өсірілді.  
Палестина  мен  Кіші  Азияда  б.д.д.  X  және  VIII  мыңжылдықтарында  егілді,  ал 
Египетте,  Дунайда,  Балканда  және  Оңтүстік  Түркменияда  б.д.д.  VI 
мыңжылдықта  егілді.  Осы  уақытта  осы  жерде  ешкіні,  қойды,  есекті  бақты; 
кейін ірі мүйізді малдарды және шошқаларды бақты. 
Б.д.д.  VIII-  VI  мыңжылдықтарда  адамдар  тастан  жасалған  қаруларды,  өрулі 
себеттерді,  маталарды,  балшықтан  жасалған  ыдыстарды  жасап  үйренді. 
Егіншілер  мен  малшылардың  арасында  айырбас  пайда  болды.  Металдың 
(алтын,  мыс,  күміс)  ашылуынан  бастап  металдар  мен  қолдан  жасалған 
бұйымдар, мысалы маталарды айырбастай бастады. 
 
 
 


 
10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет