Араб жазба ескерткіштері және оның адамзаттың қазіргі рухани



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата17.09.2024
өлшемі312.1 Kb.
#503706
1   2   3   4   5   6   7   8
645980776 3 50 ID950 Kanseitova vd 336-341

Зерттеу нәтижесі. Ортағасырлық араб жазба мәдениетінің шыққан және тараған жері – Таяу және Орта 
Шығыс мемлекеттері. Оларды мекендеген халықтар бірыңғай араб тілінде ғана сөйлеген жоқ, ҮІІІ ғасырдан 
бастап олардың басым көпшілігі араб жазуын да пайдаланды.
ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азулепо, әлем тарихында маңызды орынға ие болған араб тілі туралы 
2021 жылдың 18 желтоқсандағы жолдауында, араб тілінің дүнежүзілік күні етіп 18 желтоқсан күні 
белгіленгендігін және оның рухани мұрасының әлемдік өркениетке үдемелі ықпалын атап айтты. Ғасырлар 
бойғы араб тілі әрекеттестігінің Африка, Азия және Еуропа елдерінің ғұлама-ойшылдары мен 
зерттеушілердің еңбектерінде әлемдік ғылымдардың дамуы осы араб тілінде шыққандығына, араб тілі әлемге 
салтанатты әдебиеттің дәстүрін сыйлағандығына тоқталды. Арабтың дәстүрлі поэзиясы ағартушылық 
саланы дамытуда көрікті жазба каллиграфиясының техникасын дамытуға жол салды. Осы орайда, ЮНЕСКО 
ұйымы бұрын құрылған идеяларға адал болып қала бермек, сондықтан халықтар арасындағы қарым-
қатынастарды өзара түсіністік мақсатында дамыту және кеңейту міндеттемесін қамтиды. Одан көп нәрсеге 
ие болуды көздеу арқылы бір-бірінің өмірін дәлірек нақты түсінуде байланыс орнатады, деді. Қарқынды 
жаһанданумен және коммуникация құралдарының әсерлі дамуымен сипатталатын қазіргі әлемде 
өркениеттер мен халықтар арасындағы көпірлер құру мүмкін ғана болып қоймай, сонымен бірге оның 


Refereed & Index & Open Access Journal 
journalofsocial.com 
2022 
Journal Of Social, Humanities And Administrative Sciences 
2022 8 (50) MARCH 
 
338
өмірлік маңыздылығы жоғары.
Дегенмен, бұл құбылыстар жаңа проблемаларды тудырады, өйткені біз жиі 
бір-бірімізді түсінбеуіміз бен білмеуімізбен қарым-қатынасымызды қиындатамыз, сондықтан мұны шешуде 
ғаламтор желісінде көптілділікті дамыту арқылы қолдау көрсетуіміз қажет.
Мәдениеттер арасындағы диалогты адамзаттың басты міндеттерінің біріне айналдыру бізге ерекше 
жауапкершілік жүктейді. Тілдер адамдарды жақындастыруға мүмкіндіктер туғызуы керек, өйткені 
әліпбидегі айырмашылыққа қарамастан, бізді ортақ гуманизмнің ортақ белгілері біріктіреді.
Осы орайда, Ж. 
Есеналиеваның [Esenaliyeva, 2020:192] зерттеуінде И.А. Бодуэн де Куртенэнің бір-бірінен алшақ тілдерді 
салыстыруға болатындығы туралы тұжырымдары айтылған. Өйткені, автордың зерттеуінде Шығыстық 
жазба деректерде белгілі бір ортақ тарихи оқиғаларға байланысты болатын ұқсастықтар салыстырмалы түрде 
берілетіндігі қарастырылған. Мұндай салыстыруда тілге қатысты ортақ белгілерді морфология, фонетикалық 
тұрғыдан талдауда байқалады. Автор мұндай ортақ белгілерді салыстырмалы-тарихи әдістегі жалпы 
тілдердің дүние жүзілік сипатындағы ортақ белгілермен байланыстырып, бірқатар шетелдік 
шығыстанушылардың еңбектерін талдаған. 
Сол сияқты, қазақ-араб әдеби байланыстарының тамыры тереңде жатқандығына назар аударған Салқынбаев 
М.Б. өз зертеуінде [Salqynbaev, 2009:5], араб тілінің таралуын қазақ халқының ислам дінін қабылдауымен 
байланыстырады. Автор, көшпенділердің жазба әдебиетінде жарық көрген араб тіліндегі туындылардың 
алғашқыда діни мазмұнда болғанын алға тартады. Сонымен қатар, араб әдебиеті адамзат тарихындағы ислам 
дінімен тамырлас ең көне рухани қазына, дейді. Ғалым араб әдебиеті мен өзге халықтар әдебиеттері 
арасындағы байланысты жалпы адамзат әлеміндегі әдеби байланыс ретінде қарастырған. Қазіргі Қазақстан 
территориясында дүниеге келген Әбу Насыр әл-Фарабидің бүгінгі күнге дейін жеткен мұралары мен діни 
Құран кітабты мысалға алған. Сонымен қатар, автордың еңбегінде А. Яссауидің, С. Бақырғанидың және С. 
Сараидың мұраларының қазақ әдебиетінде алатын орны туралы тұжырым жасалған. Қазақ-араб әдебиетінің 
тарихи даму жолында өзіндік маңыздылығымен ерекшеленетін бұл еңбектер туралы дүние жүзі 
халықтарының қоғамдық ой-пікірлерімен байланыстырылып, талданған. Уақыт өте келіп, бұл туындыларда 
берілген саяси-қоғамдық ойлармен Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев және т.б. шығармалары 
арасында ортақ байланыстардың мазмұнына тоқталған. 
Сол сияқты, Күмісбаев Ө. өз еңбегінде [Kumisbaev,2015:312] шығыс шығармаларын қазақ 
шығармаларындағы ортақ белгілермен байланыстырып, оны Еуропаға шығыстанушылар танытқаны туралы 
айтады. Еуропа ғалымдары жасаған Шығыс туындылары туралы тұжырымдарды топтастырып, шығыс 
шығармаларының мазмұндық маңыздылығына баса назар аударған. Күмісбаев Ө. зертеуінде қазақ 
әдебиетіндегі Алпамыс, Қобыланды образдарындағы ұқсастықты қатар қойып сипаттама берген. Араб 
әдебиетінде хикаялардың қарқынды дамыған уақыты Х ғасыр болды. Араб тарихшылары ат-Табаридің және 
әл-Масудидің еңбектеріндегі теңізшілер мен саудагерлердің алыс жерлер мен жолдағы шытырман оқиғалары 
туралы әңгімелері 940 жылдары Бузург ибн Шахриярдың «Үндістанның кереметтері» жинағында 
жинақталған. Көрнекті мемлекет қайраткері Әбу Әли ат-Танухи өзінің естеліктерін бір-біріне ұқсамайтын 
естелік әңгімелер жинағы түрінде басып шығарады. 980 жылдардағы Бағдадтағы атақты философиялық 
үйірменің «Тазалық ағалары мен Адалдықты сүюшілер» энциклопедиясында романдар мен астарлы 
әңгімелер үлкен орын алады. Алайда саналы көркем әдебиетке негізделген баяндау тек ат-Таухидиде 
кездеседі, онымен байланысты деп, әл-Маарридің прозалық шығармасын атауға болады. Әңгімелердің 
өмірлік мазмұнын классикалық поэзия стилінің талғампаздығымен ұштастырған мақама жанрының 
қалыптасуы Х ғасырда өз дамуын аяқтайды. Оның алғашқы авторы Бади әз-Заман әл-Хамаданидің 
шығармашылық жемісті жанры мақама әл-Харири үшін филологиялық эрудицияны көрсету құралына 
айналды. 
С.М. Исматованың зерттеуінде [Ismatova,2003:54] арабтар мәдениеттің дамуында үлкен рөл атқарғандығы 
туралы қарастырған. Көне араб тілінің тарихына тоқталған Исматова С.М. бәдәуи поэзиясының даму 
тарихын талдай келіп, Араб поэзиясы Батыс поэзиясына әсер етті деген, пікір айтады. Орта Азияда ҮІІІ ғ. 
дамыған араб сарай поэзиясын маңыздылығын түсіндіруде «Шахнаме» туындысына тоқталған. Автор өз 
еңбегінде, Ежелгі Қытай әдебиеті мен көне Үнді әдебиетінің даму тарихына тоқтала келіп, ежелгі Араб 
әдебиетінің ҮІ-ҮІІ ғғ. даму тарихына қарастырған. Оның ішінде көшпелі бәдәуилердің рулық 
қауымдастығындағы өздеріне тән ерекшеліктеріне тоқталып, араб поэзиясының шығу тарихы сипатталған. 
Автор, өз еңбегінде «Құран – араб әдеби ескерткіші» деген тақырыпта берген тармақта, ислам дінінің 
енгізілуі Шығыс елдерінің өміріне өзгеріс енгізгені туралы жазған. Араб тілінен бірнеше сүреллерге аударма 
беру арқылы Құранның жазылу стиліне нақты пікір айтпайды, тек араб әдебиеті тарихындағы үлкен жазба 
ескерткіш ретінде баға беріп қалдырады. С.М. Исматованың зерттеуінде ежелден бастап «Шахнаме», Қ. 
Яссауи еңбектері кезеңіне дейінгі хронология қамтылған. 


Refereed & Index & Open Access Journal 
journalofsocial.com 
2022 
Journal Of Social, Humanities And Administrative Sciences 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет