Араб жазба ескерткіштері және оның адамзаттың қазіргі рухани



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата17.09.2024
өлшемі312.1 Kb.
#503706
1   2   3   4   5   6   7   8
645980776 3 50 ID950 Kanseitova vd 336-341

2022 8 (50) MARCH 
 
339
Осы кезеңде халифаттың ыдырауы және Х ғасырдағы исламның терең дағдарыс жағдайы барған сайын 
қалалық топтар өкілдерінің, секталар мен топтардың көңілін қалдырып, философиялық санадан қолдау 
іздеді. Философияда үстемдік еткен неоплатонизм идеялары көркем әдебиетте тікелей дамуды таппады
бірақ олардың негізінде әл-Мутанабби мен әл-Маарри лирикаларында поэтикалық шығармашылық туралы 
жаңа түсінік пайда болды, ондағы шындықтың сезімі мен көрінісі исламға дейінгі қабылдауға объективті 
түрде жақын келді.
Бұл туралы Е.Э. Бертельстің [Bertels,1965:524] зерттеулерінде, Шығыстың мәдени өмірінде сопылық 
ағымның алатын орны анық көрсетіліп, нақты баға берілген. Бұдан Шығыс авторларының еңбектеріндегі 
суфизм ағымы қазақ әдебиетімен тығыз байланысты екенін байқауға болады. Сол сияқты шетел ғалымы 
Инайят Х.: сопылықты философия, теизм және атеизмді бір-бірімен байланыстырушы ағым ретінде 
қарастырады. Ислам дініне сенушілікті адамгершілік тұрғысынан адамды бақытқа, рухани дұрыс жол 
таңдауға апарар жол ретінде сипаттайды [Inayat, 1999:33]. Ал Аннемари Ш. сопылықты адамның жеке басы 
қасиеттерімен байланыстырып, ислам дінін адамға қажет рухани жол екендігін айтады [Annemari, 2000:31]. 
Осы тұста, Әл-Фарабидің философия мен сопылықты жақындастыруға тырысқан еңбектерін атауға болады. 
Классикалық араб әдебиетінде сопылық теориялық трактаттар мен дидактикалық кодтар көп болса, сопылық 
поэзия мұндай кең ауқымда таралған жоқ және Таяу және Орта Шығыстың басқа мұсылман 
әдебиеттеріндегідей эпикалық сипатқа ие болмады. Атақты араб сопылық ағымының ақындары Мағрибтан 
келген иммигранттар, Ибн әл-Араби мен аш-Шуштари болды. Олардың шығармалары халық әндері 
дәстүрімен байланыстырылып мысырлық Омар ибн әл-Фарид және таза философиялық мәселелерге 
арналған.
Осы тақырып төңірегін зерттеуші Т. Қыдыр өзінің мақаласында, белгілі ирантанушы ғалым Э. Бертельстің 
жасаған тұжырымдарындағы сопылық идеяларындағы түркі мәдениетінің байланысының маңыздылығына 
тоқталған [Qydyr, 2020]. Автор, қазақ сөз өнерінің дамуын шығыс мұсылман әдебиетінен бөліп қарау мүмкін 
еместігін айта келіп, түркі тілдес халықтардың әдеби байланыстарындағы араб, парсы тілдерінің орын алуын 
ислам дінінің келуімен байланыстырады. Алтын Орда мемлекеті тұсында басталған нәзирагөйлік дәстүр 
мұсылмандар тарапынан имандылық негіздермен жалғаса дамып, әдеби байланыстар ХХ ғасырдың басына 
дейін жалғасты. Сонымен қатар, араб графикасы А. Құнанбаевтың шығармаларында және Ш. Жәңгірұлының 
еңбектерінде жиі қолданғаны туралы айтады. Араб тілін аудару ісі осы қараханидтер кезінде басталғандығы 
туралы тұжырым жасайды. Автор, араб тілінің ерекшеліктеріне байланысты араб графикасына ғана тән 
бірнеше жанрлар мен әдеби өрнектердің кирилше не латынша жазылуы кезінде мағынасын жоғалтандығына 
тоқталған.
Осы кезеңді қарастырған татар ғалымы Е.Наджип, Кардар қаласы түркі әлемі теологиясының 
орталықтарының бірі болғанын жазады. Автор, қазақтың көптеген рулары мен тайпаларының Алтын Орда 
құрамында болғандығына тоқталып, Кіші жүз тайпалары Еділдің төменгі жағындағы мемлекеттің мәдени 
орталықтарына жақын өмір сүргендігі туралы айтады. Олар өз кезегінде «Әлім ұлы», «Бай ұлы» және «Жеті 
ру» тайпасынан тұрды. Соңғысы жеті үлкен рудан тұрды, олардың бірі Күрдер руы болды. Бұл болжам бізге 
«Нахдж әл-Фарадис» авторының шығу тегін қазақ руы Күрдермен байланыстыруға мүмкіндік береді дейді, 
автор 
[Nadjip, 1971. №6.:63]
. Тарихта
классикалық араб әдебиетінің құлдырауы
XI ғасырдан басталды. Әдеби 
шығармашылықтың негізгі түрлері өткен дәуір шығармаларына түсініктеме беру немесе стильдеу, тарихи-
әдеби және филологиялық материалдарды жинақтау болды.
ХІ-ХІІ ғасырларда жасалған араб тіліндегі әдеби 
хрестоматиялар дәстүрінің маңыздылығы тарихи-өмірбаяндық әдебиетті қалыптастырды. Араб әдебиеті 
тарихындағы классикалық кезең ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығымен аяқталды.
Алтын Орда тарихын зерттеген Сафаргалиев М.Г. [Safargaliyev,2003:8] өз еңбегінде, Алтын Орданың 
ыдырауы қарсаңында моңғол-татар тілінде сипатталған еңбектерден араб тілінде жазылған туындылар 
басым болды, дейді. ІХ ғасырдың екінші жартысы мен Х ғасырдың басында қыпшақ, араб және парсы 
тарихшыларының еңбектері көп жарық көрген. Орданың бұрынғы кезеңін зерттеу үшін араб 
жазушыларының деректерінің маңызы зор. Алтын Орда күшті болған кезде Мысыр сұлтандарына одақтас 
ретінде қажет болса, арабтар ордада болып жатқан оқиғаларға үлкен мән берді. Бірақ, сөзсіз, ордадағы 
оқиғаларды жақсы білетін арабтар, сонымен бірге, одақтастарының іс-әрекеттеріндегі осал тұстарды 
көрсетуге аз әрекет етті. Мысал ретінде хан Өзбекке панегирик ұсынған Ибн-Батутаның хабарын келтіруге 
болады. Хулагидтерден қауіп төніп, ішкі алауыздықтан әлсіреген Алтын Орданың өзі нақты күш болудан 
қалған бойда арабтар оған деген қызығушылықтарын жоғалтты. Мысыр саудагерлері мен саяхатшыларында 
Мысырға келген ақпарат таза кездейсоқ, екінші қолға айналды. Сондықтан ХІ ғасырдың екінші 
жартысындағы араб жазушыларының жаңалықтары үстірт сипатқа ие болады. Араб жазушыларының ішінен 
бір ғана Ибн-Халдун Тоқтамыс ханның таққа отырған кезінен бастап, болған оқиғаларды азды-көпті толық 


Refereed & Index & Open Access Journal 
journalofsocial.com 
2022 
Journal Of Social, Humanities And Administrative Sciences 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет