Нәтижелерді талқылау. Қазақ-араб әдеби байланыстарының тамыры тереңде жатқандығы М.Б.
Салқынбаевтың зертеуінде қарастырылған және араб тілінің түркі тілдес халықтарға таралуы, олардың ислам
дінін қабылдауымен байланыстырылған [Salqynbaev, 2009: 159]. Арабтар әлемдік мәдениеттің дамуында
үлкен рөл атқарғандығы туралы С.М. Исматованың зерттеуінде [Ismatova,2003:159] қарастырылған. Көне
араб тілінің тарихына тоқталған Исматова С.М. «бәдәуи» поэзиясының даму тарихын талдай келіп: «Араб
поэзиясы Батыс поэзиясына әсер етті» деген, пікір айтады. Алтын Орда дәуіріндегі араб жазушыларының
еңбектері туралы М.Г. Сафаргалиевтің еңбегінде [Safargaliyev, 2003:280] жазылған. Автор Алтын Орданың
ыдырауы туралы кезеңінде ең алдымен араб және парсы тарихшыларының еңбектерінің маңыздылығына
тоқталған. Алтын Орданың ыдырауы кезеңін зерттеген автор: «араб жазушыларының деректерінің маңызы
зор, өйткені Алтын Орда күшті болған кезде Мысыр сұлтандарына одақтас ретінде қажет болды, сол себепті
арабтар ордада болып жатқан оқиғаларға үлкен мән берген» деп, тұжырым жасайды. Жалпы, түркі тілдес
халықтарға араб жазу мәдениетінің таралуы ислам дінінің таралуымен тікелей байланысты. Бұл туралы
Бертельс Е.Э., Инаят Х.Х., Аннемари Ш. сияқты шетел ғалымдарының еңбектерінде сопылық ағымның қазақ
әдебиетінде маңызды орын алатындығы туралы айтылған ([Bertels,1965],[Inayat, 1999],[Annemari, 2000]).
Е.Э. Бертельстің жасаған тұжырымдыры зерттеуші Т. Қыдырдың «Егер мұсылман елдері өзін таныса...»
деген мақаласында жазылған.
Ғалым У. Тұрар [Turar,1999:180] өзінің «Тассаввуф тарихи» еңбегінде сопылық ағымды екіге бөліп
қарастырған. Автордың пайымдауынша, араб тілінің енгізілуімен қазақ мәдениетіне таралған ислам діні,
адамның өмірдегі сеніміне күшті әсер ететін тура жол. Жалпы, жекелеген зерттеулерде ҮІІ ғасырдан бастап
араб әдебиеті эллиндік дүниенің шеткі аймақтарын жаулап алу кезеңінде араб мұсылмандары құрған жаңа
орталықтарда тек қалалық сипатта дамығандығы айтылады. Жетекші орталықтар алдымен Бастра мен Ирак
болды, ал ІХ ғ. Бағдатта болған. Аталған кезеңде араб тілі жаңа араб-мұсылман мәдениетінің әдеби тіліне
айналып, оны жасаушылар арабтармен бірге жаулап алған халықтардың өкілдері болған. Араб әдебиеті ерте,
орта ғасырларда Таяу Шығыс әдебиетінің идеялары мен жанрлық формалары шеңберінде дамығандығы
көптеген зерттеулерде жалпылама сөз етіліп, дербес зерттеу нысанына айналмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |