9-сынып. ІҮ-тоқсан.
«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлеріТыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен
термин сөздердің мағынасын түсіну
9.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген
ақпараттарды өзара салыстырып бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді
Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
І-НҰСҚА
ТЫҢДАЛЫМ.
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз
Демография – кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе. Өйткені қай мемлекеттің де дамуына халық саны ықпал етеді. Сондықтан Мемлекет басшысы да жыл сайынғы Жолдауының бiр тармағын демографиялық ахуалға арнайды. Әсіресе, Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық ахуалға айрықша көңіл бөлді. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 272 мың 400 адамға жетті. Оның ішінде қалалықтар – 10 529,1 мың (57,6 пайыз), ауылдықтар – 7 743,3 мың адам (42,4 пайыз). 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,1 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсіп отыр. Қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 192,7 мың адам туған. Бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8 пайызға артық. Халықтың санын көбейтудiң екi жолы бар. Бiрi – табиғи өсiм. Бұл үшiн аналарға жасалатын көмек, медициналық жәрдем және әлеуметтiк жәрдемақылар өсуi керек. Қазақстанда табиғи өсім оң бағытқа ие. 2017 жылғы деректер бойынша туудың жиынтық коэффициенті 2,73 болды. Демография ғылымында replacement level (орын басушы көрсеткіш) 2,1-ден төмен болса, «халықтың өсімі болмайды» деп есептеледі. Тұжырымдама жобасында Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» айтылғандай инвестицияға қолайлы жағдай жасау үшін көші-қон саясатын бұдан әрі дамыту стратегиясы қарастырылып отыр. Ұзақ мерзімді немесе аралас көші-қон үлгісіне Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдерінің тәжірибесі арқау болмақ. Егер жүйелі жұмыс жүрсе, білікті мамандарды экономикалық инновациялық секторларына тартып, кәсіпкерлікті өркендете аламыз. Шыны керек, демографиялық ахуалдың түзелуі – елдің экономикалық әлеуеті, әлеуметтік қорғалуы мен медициналық қызмет сапасының артуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысының бастамасымен 2030 жылға дейін жүзеге асатын Отбасылық-гендерлік саясат жөніндегі концепция іске қосылды. Әлеуметтік төлемдердің жыл сайын артуы – отбасылық-демографиялық ахуалға да оң әсер етуде. Басты мәселе – медициналық қызмет көрсету сапасының артуы. ұлғайтуға экономикалық, мемлекеттік шаралар ықпал ете алады.
Төмендегі сөздердің мағынасын анықтаңыз, оларды қатыстырып сөз тіркесін жасаңыз.
Демографиялық ахуал________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Табиғи өсім_________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тұжырымдама_____________________________________________________________________________________________________________________________________________
Экономикалық инновациялық секторларына_____________________________________
________________________________________________________________________________
Концепция_________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
2- тапсырма Берілген диаграмма бойынша диалог құр. Диалогта Қазақстан аймақтарында жастардың орналасуы туралы ақпараттарды салыстыр.
______________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |