«Қарағанды қаласы білім бөлімі» кмм әдістемелік кабинет



бет35/52
Дата17.04.2024
өлшемі1.16 Mb.
#498952
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52
10-сынып БЖБ, ТЖБ

Талдау аспектілері

Жауап




Мәтіннің стилі

публицистикалық стиль




Мәтіннің жанры

мақала




Жанрға тән тілдік ерекшеліктер

Төмендегі ерекшеліктердің екеуін
көрсетуіне болады:

1. Риторикалық сұрақ бар: әлемдік
тәжірибеде қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеу қалай қалыптасқан?

2. Мысалдар, қыстырма сөздер бар.

3. Жалқы есімдер, сандық фактілер, пікір, оны дәлелдеу бар.

4. Ауыспалы мағынадағы сөздер бар.

Мәтіннің құрылымы

мәтін тек негізгі бөлімнен тұрады



Жазылым



Сұрақ

Жауап

Балл

1

жанрлық ерекшеліктерін сақтайды;

1

2

тақырыпқа қатысты тілдік құралдарды орынды қолданады;

1

3

тақырыпты ашады;

1

4

мәтін құрылымын сақтайды;

1

5

көзқарасын дәлелдеуде аргументтер мен фактілік деректерді қолданады;

2

6

үстеулерді қолданады;

1

7

шылауларды қолданады;

1

8

орфографиялық нормаға сай жазады;

1

9

сөйлемнің соңында және ортасында қойылатын тыныс белгілерді орынды

1




қолданады.




Барлығы:__10____Айтылым'>Барлығы:

10



Айтылым










Сұрақ

Жауап

Балл

1

берілген тақырыпты ашады;

1

2

сенімді және еркін сөйлейді;

1

3

жанрлық/типтік ерекшеліктерді (монолог) сақтайды;

2

4

интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті

1




сөйлеу мәнеріне сай қолданады.




Барлығы:

5



ІІ-нұсқа



Тыңдалым
Мәтін бөліктерін тыңдап, оның жалғасын болжап, 1-2 сөйлеммен жалғастырыңыз.
Ол 1994 жылы Уолл-стритте қаржылық компанияда бағдарламалық жасақтаманы жасаумен айналысқан. Джеффтің бұл жұмыста тапқан ақшасы «нан мен майға» жететін. Бірақ бір күні ол бастығына жеке интернет-дүкенін ашу үшін жұмыстан шығатынын айтқанда бастығы: «Бұл шынымен де жақсы идея екен. Бірақ сен сияқты беделді дәрежесі, жұмысы бар адам үшін емес. Сен бар жұмысыңды тастап кетуге дайынсың ба?».

1.Джефф не деп жауап беруі мүмкін (2 сөйлем)?


_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]


Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Джефф мақсатына жету үшін тәуекелге баруға дайын еді. Бүгінде миллиардер Джефф Безос Amazon сайтын құруға жұмсаған жылдарын есіне алып: «Мен 80-ге келгенде тәуекелге барғаным үшін өкінбейтінімді білдім. Интернеттің не екенін түсінгеннен кейін өмірімді жаңадан бастауға ұмтылдым. Мен жеңіліс тапқан күннің өзінде де, өзімді жеккөрмес едім. Себебі мен бар мүмкіндікті пайдаландым» – дейді.
2.Автор қандай мүмкіндіктерді пайдалануы мүмкін (2 сөйлем)?
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]


Мәтін жалғасын тыңдаңыз.

Егер Amazon сайты жарық көрмегенде, қандай кәсіппен айналысатын едіңіз деген сұраққа миллиардердің екі жауабы бар. Бірінші: «Мен бақытты бағдарламашы болар едім. Бәрін басынан бастау – мен үшін қиын емес». Екінші: «Кейде өзімді өте жақсы, бірақ жұмысын баяу орындайтын бармен болатын едім деп ойлаймын. Маған коктейльді дайындаған ұнайды. Дәмді коктейль дайындай білудің өзі өнер деп санаймын. Өзім коктейльді асықпай, жасаймын. Баяу қимылдасам да дәмді коктейль дайындау қолымнан келеді. Менің барымда «Коктейль дәмді болсын ба, әлде тез дайындалсын ба?» деген жазу болатын еді».


3. Жеңіске жету үшін жеңіліс табу керек деп ойлайсыз ба? Дәлелдеңіз (2 сөйлем).
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
4. Мәтінде қандай жалпыадамзаттық мәселе көтерілген (1 сөйлем)?
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]

5. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.



    1. Қаржылық компания-

____________________________________________________

    1. Тәуекелге бару-

____________________________________________________

    1. бағдарламашы- ____________________________________________________

[3]


Оқылым


Табиғатты пайдаланушылар қазірдің өзінде қалдықтарды азайтатын жаңа технологияларды жүйелі түрде енгізуде. Мысалы, Ақтөбенің «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ ферроқорытпа зауытында тұрақтандырылған қиыршық тас беретін тазартылған феррохром балқыту технологиясы көміртегі орташа және жоғары феррохром көлемінің қысқартуына әкелді. Қызылорда облысының аумағында мұнай қалдықтарын өңдейтін кәсіпорын бар. Ол қалдықтар кен алынып қойылған карьерлердегі топырақтардың құнарлығын қалпына келтіруде және өндіріс арасындағы жолдар салуда қолданылады. Шығыс Қазақстан облысында «Қазмырыш» ЖШС қорғасын өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу ағымдағы қалдықтарды шұңқырларға жинауды азайтты.
Дәстүрлі көму әдісі жерді және жерасты суын ластайды, екінші ретте қайта ластану мүмкіндіктерін тудырып, залалсыздығы жойылмайды. Өртеудің құны жоғары, ресурстық пайдалану мөлшері төмен, оның үстіне қоқыстың құрамы күрделі, ылғалдылығы жоғары, өртеніп кететін заттар аз, кемшіліктер мол. Сондықтан қоқысты түрге бөліп қайта өңдеп ретке келтіру, қайта пайдалану мүмкіндігін жарату, органикалық заттардан тыңайтқыш жасау, қоқысты өртеу арқылы тоқ шығару сынды әртүрлі технологиялық жолмен қайта өңдеу қажет.
Бұл жөнінде шетелдердің озық технологияларын пайдалану жұмыстарын күн ілгері жұмыс жоспарына енгізу керек.
Дүние жүзі тәжірибесінде қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру және утилизациялаудың 20-дан астам түрі белгілі.
Дүние жүзіндегі қатты тұрмыстық қалдықтардың жағдайын есептеу, оларды жоюдың қиындығын көрсетеді. Оның басты себебі болып олардың пропорционалды емес жылдық өсуіне байланысты қоқыс жинауға бөлінген жерлердің жетіспеуіне әкеліп отыр, ал ол экологиялық қауіпті объект болып табылады. Орта есеппен 1т қалдықтан 170 кг биогаз, 410 кг компост, 250 кг екінші ретті қалдықтарды (әйнек, мата, ағаш, пластмасса) алуға болады. Барлық қалдықтардың 70% жағу, пиролиз, газдандыру арқылы жылу, арнайы отын алу үшін қолдануға болады. Міне, осы жағдайлар қатты тұрмыстық қалдықтарды жоюдың интенсивті әдістерін қолдануға әкеледі.



  1. Мәтіннің стилі мен жанрын, жанрға тән тілдік ерекшеліктерді анықтап, мәтіннің құрылымын талдаңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет