Жазылым
Тақырыптардың бірін таңдап, жауап жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріңіз. Тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын ескеріңіз. Қай тақырыпта жазатыныңызды көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін (√) қойыңыз.
[10]
Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда
«Қазақстан әлемдік нарықта қай салада көшбасшылық таныта алады?»
деген тақырыпта газет бетіне шағын мақала жазыңыз. Жазба жұмысында үстеу мен шылауларды қолданыңыз.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне
«Билік басындағы әйел – бүкіл әлемге қатерлі» деген пікірмен келісесіз бе?
Ойыңызды аргументативті эссе түрінде беріңіз. Жазба жұмысында үстеу мен шылауларды қолданыңыз.
Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар
Жергілікті газет бетіне өзіңіз тұратын жердегі қалдықтар мәселесі туралы шағын
мақала жазыңыз. Жазба жұмысында үстеу мен шылауларды қолданыңыз.
Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек
«Қоғамдағы көмекке мұқтаж адамдарға мемлекеттен гөрі халық көп қолдау көрсетеді» деген пікірмен келісесіз бе? Ойыңызды
аргументативті эссе түрінде беріңіз. Жазба жұмысында үстеу мен шылауларды қолданыңыз.
Айтылым
Берілген тақырыптың бірін таңдап, 4-5 минуттық монолог дайындаңыз. Монолог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.
Ұсынылатын тақырыптар:
Табиғат – біздің анамыз, біз – табиғатқа панамыз!
Гендерлік мәселе Қазақстанда бар ма?
Адам құқығы – басты құндылық
Қазақстанның әлемдік нарықтағы орны [10]