«Қарағанды қаласы білім бөлімі» кмм әдістемелік кабинет



бет33/52
Дата17.04.2024
өлшемі1.16 Mb.
#498952
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52
10-сынып БЖБ, ТЖБ

Мәтін жалғасын тыңдаңыз.

Егер Amazon сайты жарық көрмегенде, қандай кәсіппен айналысатын едіңіз деген сұраққа миллиардердің екі жауабы бар. Бірінші: «Мен бақытты бағдарламашы болар едім. Бәрін басынан бастау – мен үшін қиын емес». Екінші: «Кейде өзімді өте жақсы, бірақ жұмысын баяу орындайтын бармен болатын едім деп ойлаймын. Маған коктейльді дайындаған ұнайды. Дәмді коктейль дайындай білудің өзі өнер деп санаймын. Өзім коктейльді асықпай, жасаймын. Баяу қимылдасам да дәмді коктейль дайындау қолымнан келеді. Менің барымда «Коктейль дәмді болсын ба, әлде тез дайындалсын ба?» деген жазу болатын еді».


3. Жеңіске жету үшін жеңіліс табу керек деп ойлайсыз ба? Дәлелдеңіз (2 сөйлем).
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]

4. Мәтінде қандай жалпыадамзаттық мәселе көтерілген (1 сөйлем)?


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


[1]



  1. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

    1. Қаржылық компания-

______________________________________________________

    1. Тәуекелге бару-

________________________________________________________

    1. бағдарламашы-

________________________________________________________
[3]



Оқылым


Қазақстанда жыл сайын 5 млн. тоннадан астам қалдық шығарылады. Бір ғана Алматының өзінде қоқыстың жылдық көлемі 1 миллион тоннаға жуық. Ал елордада өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың жылдық көлемі 300 мың тонна болса, тәуліктік шығарылымы 800 тоннаны құрайды. Күн сайын қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін «Астана Тазарту» ЖШС екі ауысыммен жұмыс істейді. Бірінші ауысымда жұмысқа 47 арнайы техника, ал екінші ауысымда 23 техника жұмылдырылады. Шынын айту керек, қалдықтар барар жеріне жеткенімен, бірден жойылып кетпейді. Заңнамаға сүйенсек, экологиялық кодекстің 288-бабының 3-бөлімінде қауіпсіз жағдайда сақтауға арналған орындарда тұрмыстық қалдықтар үш жыл ғана сақталуы тиіс деп көрсетілген. Осы мерзім ішінде қайта өңдеуден өткізілуі немесе жерге көмілуі қажет. Қала ішінен тонналап шыққан қалдықтардың жүйелі түрде өңделуі немесе толығымен жойы­лып кетуі заң талаптарына сай 3 жылдың ішінде жүзеге асырылады десек, шындықтан алшақ кетер едік. Өкінішке орай, кей полигонның жалпы пайдалану мерзімі 18 жылды құрап отыр.
Жуырда massaget.kz порталы немістің ірі өндірістік концерні Adidas компаниясының мұхиттағы қоқыстардан спорттық аяқ киім тігуді қолға алғанын жазды. Қалдықты қайта пайдалануды әдетке айналдырған елдерде бұл жаңалық сүйіншіленген жоқ. Adidas компаниясының жаңа спорттық аяқ киімі теңізшілердің мұхитқа лақтырылған балық аулауға арналған торларынан жасалады екен. «Бір-біріне оралып қалған торлар мұхиттың экологиясын бұзып қана қоймай, астынан жүзіп өткен балықтардың жойылуына да себеп болып отыр. Жаңа аяқ киім Primeknit технологиясы негізінде толығымен қалдықтан дайындалады», – дейді Parley for the Oceans мұхит экологиясын қорғау ұйымының басшысы Кирилл Гатч. Мұхитта қалып қойған торлар ағыспен келетін әртүрлі пластикалық қалдықтарды да жинайды. Мұхит бетінен алынған пластиктер дәстүрлі жолмен қайта өңделеді. Сонымен қатар, Adidas компаниясы пластиктен спорттық күртелер шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады.

3. Мәтіннің стилі мен жанрын, жанрға тән тілдік ерекшеліктерді анықтап, мәтіннің құрылымын талдаңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет