Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы


Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету жолдары



бет17/22
Дата05.07.2016
өлшемі2.8 Mb.
#179256
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

* өткен кезеңнің ұқсас кезеңіне
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету жолдары
Қарағанды облыстық орталық бола отырып, облыс пен аймақ аумақтарында транзиттік байланыстырушысы ретінде Қазақстандағы макроаймақтар орталықтарының бірі болып табылады. Осыған орай қаладағы автожол саласының инфрақұрылымы жол төсемі мен жол сервисінің сапалығы стандарттарының жоғарғы көрсеткіштеріне сәйкес келуі тиіс.

Қаланы құрылыспен толықтырудың Генералдық жоспарына сәйкес автокөлікті өткізудің қабілетін ұлғайту мақсатында ірі жолдар қиылысында үш және екі деңгейлі жол байланысын салу ұсынылып отыр: Республика даңғылы (Спасск жолы) – Мұқанов көш.; Шахтерлер даңғылы – Университет даңғылы; Шахтерлер даңғылы – Гүлдер ш.а.; Шахтерлер даңғылы – Республика даңғылы; Бұқар-Жырау даңғылы – Ерубаев көш. – Интернационалист Ж. көш.; Н.Әбдіров даңғылы – Бұқар-Жырау даңғылы; Бейбітшілік гүлзары – Бұқар-Жырау даңғылы; Әбдіров көш. – Гоголь көш. (Юбилейный дүкені).

Шараларды жүзеге асыру барысында орташа жөндеу жүргізу көмегімен жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының қабығын жақсарту жоспарланып отыр. Аталған шара автокөліктердің орташа жылдамдығының көтерілуіне септігін тигізіп, жүк айналымы мен жолаушылар айналымының көлемін ұлғайтуға жол ашады. Қатты қабығы бар жалпы қолдану үшін арналған автомобиль жолдарының жаңа телімдерін салу жолдар ұзақтығын арттыруға ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар, бірінші кезеңде 2011-2013 жж. Қарағанды қаласының сыртқы жарықпен қамтылу жүйесін жетілдіру жұмыстарының аяқталуы, яғни 83 (ИП) мен 4000 дана ЭПРАН-250 орнатылуы жоспарланып отыр. Қойылған міндеттерді орындау сыртқы жарық желісінің нақтылығы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз етіп, автомобильдік жолдар мен көшелердің жарықпен оңтайлы әрі тұрақты қамтылуын, сонымен қатар, тұтынылатын электр қуатының техникалық және коммерциялық есебін қамтамасыз етеді.



2-Мақсат. Қаланың энергетикалық кешенінің тұрақты дамуы




Көрсеткіш****

1 кезең

2 кезең

Жауаптылар

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.




Мақсатты индикаторлар:

1

2015 жылға қарай жылумен қамту желілері тозуының деңгейін 50%-ға дейін төмендету (2009 жылы – 75%)

70

65

60

55

50

ТҮКШ, ЖК және АЖБ, Өмірсүруді қамтамасыз ету бөлімі, Құрылыс бөлімі, Қазыбек би және Октябрь аудандарының әкімдіктері

2

2015 жылға қарай электр қуатын шығарудың жалпы шығарылу көлемін ЖЭО-1, ЖЭО-2 қуаттылығы арқасында көтеру, %

37,5

1-Міндет. Электрэнергетиканы дамыту.




Көрсеткіштер:****

1

Тұтынушыларды қажетті жылу қуатының көлемімен қамтамасыз ету, млн. Гкал

2,2

2,3

2,4

2,4

2,5

ТҮКШ, ЖК және АЖБ, Өмірсүруді қамтамасыз ету бөлімі, Құрылыс бөлімі, Қазыбек би және Октябрь аудандарының әкімдіктері

2

Жылумен қамту жүйелерінің апаттылық деңгейін төмендету, дана

25

25

25

25

25

3

Жылу желісінің апаттық учаскелерін ауыстыру, км

30

30

30

30

30

4

ЖЭО-1, ЖЭО-3 қуаттылығы көмегімен электрқуаттың жалпы шығарылуы, млн.кВт/сағ

2568

3059

3422

3523

3604



Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету жолдары
1-кезең. Бірінші кезеңде энергетика саласы дамуының маңызды жобалары – ЖЭО-4 құрылысы, ЖЭО-3 кеңеюі мен жетілдірілуі бойынша ТЭН мен ЖСҚ құрылуын қамтамасыз ету. Қуаттың жаңадан пайда болу көздерін пайдаланатын энергетикадағы жаңа қазіргі заманға сай технологиялар дамуына аса назар аударған жөн.

2011 жылдан бастап жылумен, электрмен қамту желілерінің техникалық жағдайын бағалау, оның нәтижесінде зерттелген объектілердің қолданылу мүмкіндігі немесе капиталдық жөндеу қажеттілігі және олардың беріктігін нығайтудың ұсыныстары жөніндегі қорытындылары бар техникалық есеп беріледі. Сонымен қатар «иесі жоқ» желілер мен құрылғыларды анықтау мен оларды коммуналдық меншікке ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Техникалық есептердің дайын болуына байланысты қолданыстағы коммуналдық сектор объектілерін қайта құрастыру мен жаңадан салу жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қайта құрастыру мен жаңа объектілерді салуға бағытталған шараларды жүзеге асыру барысында жаңа технологиялар, коммуналдық қызмет көрсетуде эксплуатациялық шығындарды төмендетуге септігін тигізетін техникалық шешімдер мен жабдықтар қолданған жөн.



2-кезең. Екінші кезеңде электроэнергетикалық жаңа объектілерді салу мен қайта жөндеуге бағытталған шараларды (станцияларды салу, электр жіберу желілері мен шағын станцияларды қайта жөндеу ) коммуналдық қызмет көрсетуде, инженерлік-комунникациялық тораптарды дамыту мен жабдықтауда эксплуатациялық шығындарды төмендетуге септігін тигізетін техникалық шешімдер мен жабдықтарды қолдана отырып жүзеге асыру жоспарлануда.

Қойылған мақсатты индикаторлар мен міндеттік көрсеткіштерге жету үшін барлық уақыт аралығында қолда бар генерацияланатын қуаттылықтардың, электр және жылу қуаттарын бөлетін желілердің жүйелі капиталдық және ағымдағы жөндеулері жүргізілуі қажет, жоғарыда айтылған жұмыстардың аймақтың энергиялық тиімділігін арттыру бойынша қамтамасыз етілуі қажет.


3-Мақсат. Халықты сапалы коммуналдық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету




Көрсеткіш****

1 кезең

2 кезең

Жауаптылар

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.




Мақсатты ндикаторлар:

1

2015 жылға қарай орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізуді 85%-ға дейін ұлғайту

66

72

75

80

85

ТҮКШ, ЖК және АЖБ, Өмірсүруді қамтамасыз ету бөлімі, Құрылыс бөлімі, Қазыбек би және Октябрь аудандарының әкімдіктері

2

2015 жылға қарай коммуналдық қызмет көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейі 51,5%-дан кем емес

49,6

50,5

50,7

51

51,5

3

2015 жылға қарай электрмен қамту желілері тозуының деңгейін 45%-ға дейін төмендету (2009 жылы – 70%)

65

60

55

50

45

1- Міндет. Коммуналдық жүйелерді жетілдіру және дамыту.




Көрсеткіштер:****

1

Су өткізгіштерін салу, бірлік

1

1

1

1

1

ТҮКШ, ЖК және АЖБ, Өмірсүруді қамтамасыз ету бөлімі, Құрылыс бөлімі, Қазыбек би және Октябрь аудандарының әкімдіктері

2

Сумен қамту және суды өткізу құбырларының 1 км-не апаттар санын төмендету

0,91/

0,36


0,83/

0,33


0,74/

0,29


0,64/

0,25


0,56/

0,21


3

Жөндеуді қажет ететін сумен қамту мен су өткізу құбырлар желісінің жалпы ұзақтығындағы жөндеуден өткізілгендердің үлесі, %

6

6,5

7,5

8

9

4

Қалаларда ішетін суды есептеу құрылғыларымен халықтың қамтылуы, %

76

89

100

-

-

2 -Міндет. Тұрғын-үй қорын жөнді пайдалануды қамтамасыз ету




1

Тұрғын-үй қорын нормативті пайдаланумен қамтылған кондоминиум объектілерінің үлесін арттыру, %

36

37,5

38

38,5

39

2

Капиталдық жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету, %

36

35,5

35

34,5

34

3- Міндет. Тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылық қызметі тиімділігін арттыру

1

Жүргізілген түгендеу негізінде тұрғын-үй қоры мен коммуналдық қызмет көрсетулер инфрақұрылымының жағдайы туралы тұрақты жаңартылып отыратын мәліметтер базасын қалыптастыру

1

-

-

-

-

2

Менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін енгізген кәсіпорындар санының көтерілуі, %

0,5

1

1,5

2

2,5


Қол жеткізу жолдары (1-міндет):

1-кезең. Бірінші кезеңде сумен қамту желілерін зерттеу жұмыстарын өткізу, ТЭН мен ЖСҚ құрылуын қамтамасыз ету, сумен қамту схемаларын құру, расталған су қорларының бар болуын тексеру қажет. 2011 жылдан бастап сумен қамту желілерінің техникалық жағдайын бағалау қажет, оның нәтижесінде зерттелген объектілердің қолданылу мүмкіндігі немесе капиталдық жөндеу қажеттілігі және олардың беріктігін нығайтудың ұсыныстары жөніндегі қорытындылары бар техникалық есеп беріледі. Суды өткізу объектілері үшін гидравликалық үлгілер құрастырған жөн.

2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін «иесі жоқ» желілер мен құрылғыларды анықтау мен оларды коммуналдық меншікке ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар қолданыстағы коммуналдық сектор объектілерін қайта құрастыру мен жаңадан салу жобалары жүзеге асырылады. Қайта құрастыру мен жаңа объектілерді салуға бағытталған шараларды жүзеге асыру барысында жаңа технологиялар, коммуналдық қызмет көрсетуде эксплуатациялық шығындарды төмендетуге септігін тигізетін техникалық шешімдер мен жабдықтар қолданған жөн.

2011 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі уақыт аралығында суды тұтынуды есептеу және бақылау приборларын орнату шараларын аяқтау жоспарланып отыр.



2-кезең. Екінші кезеңде сумен қамту және суды өткізу саласындағы жаңа технологиялар, коммуналдық қызмет көрсетуде эксплуатациялық шығындарды төмендетуге септігін тигізетін техникалық шешімдер мен жабдықтар қолдану арқылы қайта құрастыру мен жаңа объектілерді салуға бағытталған шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қойылған мақсатты индикаторлар мен міндеттік көрсеткіштерге жету үшін барлық уақыт аралығында құрастырылған мақсатты индикаторлар жүйесі негізінде сумен қамту және су өткізу объектілерін салу бағдарламасын жүзеге асырудың жүйелі мониторингін өткізу, тиімділікті бағалауға қажетті ақпаратты жинақтау және талдау, халықты сапалы коммуналдық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету қажет.


Қол жеткізу жолдары (2-міндет):

1-кезең. Бірінші кезеңде меншік иелерінің азаматтық-құқықтық санасы деңгейін көтеру, меншік иелерінің кондоминиум объектісіндегі жалпы үлестік мүлікке деген қатынастарын ұғынуы мен қайта бағалауы үшін қажетті жағдай туғызу мақсатында тұрғын-үй шаруашылығы бойынша қолданыстағы бар заңдарды түсіндіру жұмыстары бойынша шаралар жүргізу; көппәтерлі үйлерді жайластыру мен жөндеуді ұйымдастырудағы меншік иелерінің рөлдерін арттыру.

Сонымен қатар, үй-жай инспекцияларының жұмысын белсендендіру қажет. Үй-жай жәрдем-көмегін беру, жинақтау жүйесін қолдану, кондоминиум объектілерін капиталдық жөндеуге несие беру механизмдерін қолдану жоспарлануда. Кондоминиум объектілерінің ішінде капиталдық жөндеуді талап ететіндерін табу мақсатында көппәтерлі тұрғын-үйлердің техникалық жағдайының тұрақты мониторингін жүргізу жоспарланып отыр.



2-кезең. Екінші кезеңде көппәтерлі тұрғын-үйлердің техникалық жағдайының тұрақты мониторингін жалғастыру жоспарланады.

Қойылған мақсатты индикаторлар мен міндеттік көрсеткіштерге жету үшін барлық уақыт аралығында тіркелетін кондоминиум объектілерінің жүйелі мониторингі мен бақылауын жүргізу, қолданыстағы «Үй-жай қатынастары туралы» ҚР Заңы мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру жұмыстары бойынша басқару органдарына арналған семинарларды ұйымдастыру талап етіледі.


Қол жеткізу жолдары (3-міндет):

1-кезең. Бірінші кезеңде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында ТКШ ағымдағы жағдайының жүйелі мониторингі мен бақылауын жүргізу қажет. Жүргізілген түгендеу жұмыстарынан кейін үй-жай қоры мен коммуналдық қызмет көрсетулердің инфрақұрылымы жағдайларының тұрақты жаңарып отыратын мәліметтер базасы қалыптастырылады.

2-кезең. Екінші кезеңде ТКШ тиімді басқару, ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту мақсатында ТКШ саласының бәсекеқабілеттілігін арттыру қажет. ТКШ саласының кәсіпорындары мемлекеттік қолдауды алулары үшін 2012 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі уақыт аралығында ISO 50001 (EN 16001) энергетикалық менеджмент стандартын енгізу қажет болады. Ол үшін коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлеріне білім беруді және олардың білім алу мүмкіндігін ұйымдастырған жөн.

4-Бағыт. Аумақтық (кеңістіктік) дамыту

1-Мақсаты. Тұрғын-үй құрылысын дамыту




Көрсеткіш****

1 кезең

2 кезең

Жауаптылар

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.




Мақсатты индикаторлар:

1

Жылдар бойынша құрылыс көлемдерінің өсуі, алдағы жылға % қатынаста

7,6

5,3

13

6,1

1,4

ҚБ


Негізгі міндеттер:




Көрсеткіш ****

1 кезең

2 кезең

Жауаптылар

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

1-Міндет. Үй-жайға қол жеткізушілікті қамтамасыз ету




Көрсеткіштер:

1

Тұрғын-үй құрылысының көлемдері (жеке тұрғын пәтерлері), мың кв.м.

140,7

148,1

167,4

177,6

180

ҚБ




Оның ішінде:

-

Республикалық бюджет қаражаттары есебінен (жалға берілетін үйлер), мың кв.м.

3,5

3,5

3,5

3,5

-

ҚБ

-

Республикалық бюджет қаражаттары есебінен (несиелік үйлер), мың кв.м.

21




-

-

-

ҚБ

-

Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен, мың кв.м.

5

5,3

5,6

5,9

-

ҚБ

-

Коммерциялық үйлерге жеке инвестициялар есебінен, мың кв.м.

50

53

54

55

60

ҚБ

-

Тұрғын-үйге ақша жинақтау жүйесі арқылы халық қаражаттары есебінен, мың кв.м.

30

-

-

-

-

ҚБ

-

Халық қаражаттары есебінен, мың кв.м.

31,2

86,3

104,3

113,2

120

ҚБ

2

Тұрғын-үй салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыру, км

27,4

28,03

30,32

31,57

30,98

ҚБ


Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету жолдары

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында тұрғын-үй объектілерінің құрылысына жеке инвестицияларды салуға қолдау көрсету және оларды ынталандыру жоспарланады.



Республикалық бюджет қаражаттары салынып жатқан мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне арналған тұрғын-үйлерді салуға бағытталады. 100 мектеп пен 100 аурухана салу мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында олардың көлемінің ұлғаюы жоспарлануда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет