200
жібермепті. Бұл да оңай нәрсе емес. Соколово дейтін
қыстаққа
жеттім.
Соған
барып
қорғаныс
ұйымдастырдым. Есімізді зордан жинапалдық,
Логвиненко ротаның қалғандарымен қайтып келді.
Күштің аты - күш. Немістер тықсыртып келе жатыр. Біз
де бедірейіп, қарсыласып тұрып алдық.
Полкімде алты
зеңбірегім бар еді. Соларды алғы шепке қойдым.
Немістер сегіз танкпен келе жатыр. Зеңбіректер ата
бастады. Немістердің де танкісінде зеңбірегі бар. Сарт-
сұртатып, алты зеңбірегімнің бесеуінің тас-талқанын
шығарды.
Бір
ғана
зеңбірек
қалды.
Шыдай алмастан қалған зеңбіректің қасына жүгіріп
бардым. Сөйтсем еңгезердей, қап-қара қырғыз екен
командирі. Дәрежесі - старшина.
- Ат! – деп айқай салдым.
- Атып жатырмыз ғой, командир жолдас, - деді.
Соғыста сәтті, сәтсіз нәрсе болады. Атқан оғың әркімге
тие бермейді. Солжолы (әлгі
қырғыз жігітінің -
Тоқтағұлов, аты – Сатыбалды екен) оның зеңбірегінің
сәті түсті. Әр атқан снаряды далаға кеткен жоқ. Сегіз
танктің
бесеуін
қиратты.
Немістерге
жан керек. Қалған үш танкі шегінуге мәжбүр болды…
30-ші ноябрь күні Крюковоға шегініп қайттық. Ол
Москвадан отыз-ақ километр жерде. Москваның іргесі
дірілдеп, қалтырап тұрған кезі еді. Крюковода алты күн
соғыстық. Қолма-қол Крюковоны біресе немістер
бізден тартып алады, немесе біздер немістерден тартып
аламыз…
Мен соғыс кезінде батальон командирі де, полк
командирі де, дивизия командирі де болғандардың
біреуімін. Бірақ та үлкен дәрежеме қарамастан (ол кезде
жас едім ғой) солдаттармен қатар жүрген командирдің
бірі болдым. Әр уақытта алдыңғы шепте жүргендердің
біреуі болатынмын. Немістер
бізді Крюководан қуып
шықты. Есімізді жинап алғаннан кейін біз күш жинап,
тағы
да
қарсы
шабуылға
шықтық. "Отан үшін, Сталин үшін" деп айқайлап, ұран
салып бара жатырмыз.
Мен де алдыңғы шептің қатарында жүгіріп бара
жатырмын. Немістердің бірнеше минометтері бізді
атқылай бастады. Сол бір шақта минаның жаңқасы
менің алдымда кетіп бара жатқан әскердің қолына тиіп,
білезігінен жүріп кетіпті де, оның қолы екі-ақ елі теріге
ілініп қалыпты. Менің көзімше жаңағы әскер теріге
ілініп тұрған қолын жұлып алып, қарға лақтырып
жіберді. Соны көрген мен есімнен танып қала
жаздадым.
- "Атаңның, гөрі қоқи!" –
деп мылтығын оқтап алып,
201
сермеп атып, алға тура жүгірді. Соғыс заңы бойынша ол
ауыр жараланғаннан кейін шетке шығып тұрып қалуы
керек еді, бірақ ол өйтпеді.
Ол қайта ызаланып-өршеленіп алға жүгіріп барады.
Мен тағы таң қалдым. Мен оны қуып жетіп, түріне
қарасам, әлгі жауынгер - баяғы старшина Тоқтағұлов
Сатыбалды
екен.
Мен соғыста қорқақтықты да, батырлықты да
көпкөрген кісілердің біреуімін. "Шың Алатаудың
сұңқары екенсің
ғой!"
деп ердің ерлігі алдында
жүрегіммен басымды идім.
Достарыңызбен бөлісу: