59
шығармалар. Осыған өзі айтып өткен мына сөздері толық дәлел: «Менің
шығармаларым тұтастай және толығымен менің өз басымның
естеліктеріне, ерекше делінген эпизодтар
естеліктерінің жиынтығынан
іріктеп, алынған елеулі көріністерге негізделген. Оларда ойдан
шығарылған оқиғалар да, ойдан жасалған адамдар да жоқ». Сондықтан да
Бауыржан Момышұлының тұңғыш шығармасы «Ұшқан ұя» повесімен
танысу арқылы қазақ халқының салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымен тереңірек
танысып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді күшейту, ұлттық тәрбиені
қалпына келтіру.
Маңыздылығы:
Б.Момышұлының
шығармаларының құндылығы
бүгінгі таңда баға жетпес мұра болып табылады. Себебі, жастарды, жаңа
ұрпақты сергек және өз ісіне сенетін, кедергілерден қорықпайтын оның
қандайын болса да білетін күрескерлік рухта тәрбиелеу бүгінгі күннің
басты талабы. Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу - тұлғаның
патриоттық сана-сезімін қалыптастыру;
патриоттық іс-әрекеттерін
ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: