«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет20/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117
 


51 
Использованная литература: 
1. М.Трахман «1418 дней»-М. 1968г.
2. Н.Д.Негробов, П.И.Потёмкин Великая Отечественная война Советского 
Союза1941-1945 гг. Фотоальбом. Пособие для учителей - М., 
«Просвещение», 1978. 239с. с ил.
3. Бахытжан Момышулы «Во имя отца» - Алма-Ата: «Жалын», 1991г.
4. Момышулы Бауыржан. Сайт «Герои страны»
ҚАЗАҚТЫҢ БАУЫРЖАНЫ 
Дайрабай Ақмарал, 10 «А» сынып оқушысы 
Қарағанды ХББ НЗМ,
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Есенжолова А.О 
 
Бауыржан Момышұлы – елдің басына қара бұлт төніп, өлім мен өмір 
таразыға түскен сәтте отанының келешегі үшін басын қатерге тіккен жүз 
жылда бір туатын азаматтың бірі ғана емес, бірегейі. Күнәсіз жандардың 
қаны төгілген майданда сұм ажалмен бетпе-бет келгенінен бе, анасынан 
айырылып, әжесінің тәрбиесін көргенінен бе, әйтеуір Бауыржан 
атамыздың жүрегі қашан да болсын «қазақ» деп соққан, ал даналығында 
шек болмаған.
Бауыржан Момышұлының жауға деген қаттылығы мен досқа деген 
адалдығы ұштасуынан туындаған шығармалар, қанатты сөздер бүгінгі 
таңда қазақ жастарының арасында адалдық пен шыншылдық, 
намысқойлық пен қара қылды қақ жарған турашылдық секілді адамның 
асыл қасиеттерін насихаттайды. Осындай өр мінезді адамның тұлғалық 
қасиеттері мен өмірлік ұстанымдары замандастарының бойына ұлт 
болашағының жарқын бола алатыны жайлы үміт отын жақты. Дара 
тұлғаның өнегелі ойларын тереңінен зерттеп, дәріптеудің бүгінгі салиқалы 
ұрпақ, біздер үшін маңызы өте зор деп білемін.
«Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі» 
[1] деп, өзінің ұлтына деген сүйіспеншілігінен басына күн туғанда да 
айырылмаған қаһарман жанның көптеген шығармалары да осы тақырыпқа 
арналған. Мысалы, батырдың 1974 жылы жарық көрген «Ұшқан ұя» повесі 
– салт-сана, халық дәстүрі, ұлттық құндылықтар бүкпесіз айтылған 
шығарма.
Бауыржан атамыз 3 жасында анасы Рәзиядан айырылғанда, әжесі 
Қызтумас пен атасы Имаштың болашақ батырды қанатының астына 
алуынан таудай биік тұлғаның қалыптасуында ата-әжелердің баға жетпес 
өмірлік тәжірибесі мен үлгілі тәрбиесі айрықша орын алатынын аңғаруға 
болады. «Қарты бар үй – қазына», кейуананың мағыналы әрі қызық құлақ 
құрышын қандырған ертегілерін тыңдап өскен бала өз қатарластарынан 
әрқашан бір қадам алда болады. Әжемнің бауырында өскендіктен, мұны 
мен жақсы білемін. Кезінде атам қазақ «Қарты бар үйдің құты бар» десе, 
бүгінгі таңда жасы жетіп, балаларының көмегіне зәру болған қаншама ата-


52 
әжелеріміздің қарттар үйін паналауы – ұлт болашағын тәрбиелеуде 
жіберген қателіктердің орны толмас өкінішті салдары. Дәл осы себептен 
Бауыржан атамыздың сыр мен астарлы мағынаға толы шығармаларын 
оқып қана қоймай, олардан қорытынды жасау, қарттарға қамқорлықты, 
ұрпақ жауапкершілігін күшейту – бүгінгі қоғам міндеті.
Екіншіден, «Ана тілін ардақта» [2] деген батырдың жанайқайға толы
өлеңінен 20-ғасырдың ортасында қазақ тілінің мәртебесі мүлдем төмен 
болғанын аңғаруға болады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1950-1970 жылдары 1500-ға 
жуық орыс мектебі ашылып, 3891 қазақ мектебі жабылуының, орыс тілінің 
мемлекеттік тіл мәртебесін алуының өкінішті салдарын: 
Ұмытып ана тілін, салт-санасын,
Не қалды тілімізден жыртылмаған, – деген жолдар анық аңғартады.
Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдай болса да, бүгінде ана тілімізді 
қазақстандықтардың 60%-ы ғана еркін меңгергендігі көңілге кірбің 
ұялатады.
Демек, Бауыржан атамыз кезінде бекерден-бекер дабыл қаққан жоқ. 
«Тіл – ұлт жаны, кешегі тарих пен болмысты бүгінге жеткізер алтын көпір, 
болашаққа бағдар». Сондықтан ана тілімізді көзіміздің қарашығындай 
сақтау, ардақтау – біздің бабалар алдындағы қасиетті борышымыз.
Адам өмір бойы ізденісте болып, өзінің қабілеттерін ұштау керек 
деген ойға негізделген «Тырнақтап жина әр жерден» [3] өлеңінің 
мағынасын ашып өтпеске болмайды.
– Тырнақтап жина әр жерден,
Асылын елеп теріп ал, – деген жолдарда адам қайда болсын, кімнен 
болсын, жақсылықты үйренуге құштар болу керек делінген. Оған қазақтың 
көшпелі тұрмысында келіннің енеден, баланың әкеден тек жақсы мінез бен 
істі үйренуге әуес болуымен түсіндіруге болады. Адамның өмір бойы 
мінсіз болмаса да, өзінің асыл қасиеттерін жетілдіре беруінің өзі – бір 
ғанибет. 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Бауыржан Момышұлының өмірі 
мен өнегелі шығармалары – мағыналы өсиет пен берекелі білімге толы 
алтын қазына. Осы қазынаның кілтін асыл тұлғаның шығармашылығын 
зерттеу арқылы тапсаң, мол олжаға кенелгендей боласың. Ал мол олжа 
дегеніміз – елдегі ауызбіршілік, туған тіл мен отанға деген сүйіспеншілік 
және адамгершілік. Әрқайсымызға осындай олжаға кенелуді нәсіп етсін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет