«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет28/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   117
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Б.Момышұлы «Куба әсерлері», Алматы: Жалын, 1965. Б 8. 
2. Б.Момышұлы «Москва үшін шайқас», Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 
1964. Б 56. 
3. Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз». Алматы, Жалын, 1976. Б.122. 
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ «ҰШҚАН ҰЯ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ 
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АТАУЛАРЫНЫҢ СӨЗЖАСАМЫ 
 


65 
Әбілқайыр М., Наурызбай Ұ. 
«Дарын» ММИ 9-сынып оқушылары
Ғылыми жетекшісі: Қалиев Б.А., ф.ғ.к., доцент 
Біз кемеңгерлікпен қол бастап ерліктің ерен үлгісін көрсеткен, 
батырлық пен батылдықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүріміздің 
бірі – Халық қаһарманы, барша қазақтың мақтанышы Бауыржан 
Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын сүйсіне оқи отырып, 
халқымыздың XX ғасыр басындағы рухани қазынасына кенелгендей 
болдық. Шығармада қазақ халқының салт-санасы, ежелгі дәстүрі, ұлттық 
болмысы, кескін-келбеті өте шынайы суреттеледі. Соның бірі – ұлттық 
ойындары. 
Қазақ тілінің сөздік қоры өзінің құрамын сөзжасам арқылы 
толықтырып отырады десек, ұлттық ойын атаулары да белгілі бірі 
сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалады екен. Оған батыр бабамыздың 
«Ұшқан ұя» романын оқу барысында көз жеткіздік. 
Жалпы, атау беру – бұл өнер. Халқымыз кез келген табиғат 
құбылысына атау бермес бұрын терең пайымдап, анық-қанығына 
жете отырып, мәнін ұғынуға тырысқан. Ойын атауларына келетін 
болсақ, олардың жасалуында қазақ тіліндегі сөз тудырудың үш тәсілі 
(аналитикалық, синтетикалық және лексика-семантикалық) де 
қолданылады. Осының ішінде аналитикалық тәсіл арқылы ұлттық 
ойын атаулары жиі жасалады.  
Аналитикалық тәсіл арқылы жаңа сөз жасау – сөзжасамның өте көне 
тәсілі және ол дүние жүзіндегі түрлі жүйедегі тілдерге кең тараған. 
Мысалы, Көкемнің көкпар десе арқасы қозып тұратын және сол көкпардан 
бір жерін жараламай қайтқан кезі жоқ шығар [1, 323].
«Көкпар» – ат ойынының бір түрі. Қазақ тіліндегі көкпар сөзі көк және 
бөрі деген сөзден құралған: Бөрі сөзі көпшілік түркі тілінде «қасқыр» 
деген ұғымда жұмсалады. Көк сөзі басқа түркі тіліндегідей қазақ тілінде де 
«заттың түсі, аспан, жас балауса шөп, жаңа шыққан жеміс-желең, өрімдей 
жас» деген мағыналарда қолданылады. Бөрі сөзіне қосылып көк сөзі 
«мықты, азулы, нағыз көкжал қасқыр» деген ұғымды білдіреді. Демек, 
кіріге бірігу арқылы жасалған көкпар сөзінде бастапқы «б» дыбыстың 
қатаңдап «п»-ға айналуына бірінші сөздегі қатаң «қ» дыбысы әсер еткен. 
Екпін алдыңғы дауыстыға түсумен байланысты «і» дыбысы түсіп қалған. 
Алғашқыда қасқыр соғумен байланысты шыққан көкпар сөзі кейін келе 
ұлт ойынының бір түріне айналып, қасқыр (бөрі) емес, көкпарға тартатын 
лақ, ешкі, қозы сияқты асыранды малдардың төлі болған.
Төмендегі сөйлемдегі ерекшеленіп берілген ойын атаулары да осы 
тәсілге негізделіп, атауыш сөздердің тіркесімі арқылы жасалған: Егер 
әңгіме арқауы ұзаққа созылмаса, кәриялар балуан күрес, жаяу жарыс, 
тартыспақ сияқты ойындар ұйымдастырып, қызығына мәз болып отырар 
еді [1,331]. Бұл ауылдың қыз-келіншектері алдымыздан шығып, жігіттері 
арқан керді [1,331]. Палуан күрес басталған сәтке дөп тұрыппын [1,331].


66 
Ал тартыспақ кейде аударыспақ деп аталатын ойындар 
синтетикалық тәсілге негізделген: тарт+ыс+пақ, ау+дар+ыс+пақ (етістік 
негізіне есім тудырушы жұрнақ және есімшенің мақсатты келер шағын 
білдіретін қосымшасын жалғау арқылы жаңа атау жасалған).
Шығармадағы бірқатар ойын атауы қазақ тілінде бұрыннан белгілі 
сөздердің семантикалық (мағыналық) өзгерісінен туған. Мысалы, Көрші 
үйдің баласы есіктен бас сұғып мені шақырды. Сөйтсем ақсүйек ойнамақ 
екен [1,464]. Мұндағы ақсүйек сөзін көпмағыналы лексика ретінде 
ұғынамыз. Ақсүйек: 1) тұқымынан байлық арылмаған текті қауым, төре 
тұқымы; 2) ашық алаңда ойналатын ұлттық ойынның бір түрі. 
Мен қозы баққан балалармен бірге жүремін. Шілік ойнаймыз [1,347]. 
Шілік ойыны да лексика-семантикалық тәсілмен жасалған. Бастапқы 
мағынасы: 1) тал тұқымдасына жататын, жіңішке бұтақты бұта; 2) ойын 
атауы. 
Қысқаша айтсақ, біз жоғарыдағы сөзжасам қағидалары мен 
заңдылықтарына сүйене отырып, шығармадағы кейбір ойын атауларының 
жасалу жолдарын қарастырып өттік [2,104]. Алуан түрлі сөздің қыры мен 
сырын, олардың қалай қалыптасқанын, яғни бай лексикалық қордың 
жасалу тетігін жүйелі түрде зерттеу керегін түйдік. 
Жалпы, ойын дегеніміз – баланың ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра 
отырып ойдан ойға жетелейін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен 
қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойынды көп ойнаған, халық ауыз 
әдебиетінен мол сусындаған бала сол халықтың тынысымен дем алатыны 
және сол ойындар арқылы өз халқының салт-дәстүріне, туған жерінің 
географиялық жағдайына, яғни табиғат ерекшеліктеріне мән беріп қанық 
болып өсері сөзсіз. Бұдан да нақтырақ айтсақ, баланың бірінші әрекеті – 
ойын, сондықтан да ойынның мән-мағынасы ерекше, ойын – адамның 
өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Яғни ұлттық ойын:
- тәрбие құралы арқылы баланың ақыл-ойын кеңейтеді; 
- тілін ұстартады, сөздік қорын байытады; 
- өмірді танытып, сезімін кеңейтеді, ерік және мінез қасиетін бекітеді; 
- адамгершілік сапаны жетілдіреді, қайсарлық сезім әрекетті өсіреді
- эстетикалық тәрбие беру құралының рөлін атқарады; 
- еңбек тәрбиесін беру мақсатын шешуге мүмкіндік береді; 
- дене күшінің жетілуіне көмегін тигізеді. 
Қазақтың бүгінгі баласы ұлттық ойындардан алыстап барады. Қазіргі 
рухани қайта жаңғыру кезеңінде ұлт ойындарымыз да қажетке жарап 
қалар... себебі салт – ұлттың ғұмыр бойы жиған мәдениеті, ұлттың ұлт 
екенін әлем халқы мойындаудағы белгінің бірі. Біз, Аллаға шүкір, асылы 
бар, жасығы бар, салтқа бай халықпыз. Яғни ұлттық ойындарымыз да – сол 
бай салтымыздың бір дәстүрі.
Елдің іргетасын нығайту үшін бүгінгі ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие 
беру – қазіргі міндеттердің бірі. Мұны озық біліммен қатар ұлттық 
ойындар арқылы да беруге болады. Оқушының жалпы адамзаттық 


67 
құндылықтар және қоршаған ортамен жеке тұлғалық қатынасын 
(этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) нығайту мақсатын 
халқымыздың мәдени-рухани мұрасы, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның 
бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты 
халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік т.б. сияқты 
қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасты жас ұрпақ өз халқының 
мәдениеті, асыл мұрасымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысады. Халық 
ойынды тәрбие құралы деп таныған. Бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды 
кеңінен қолдану – бұл оқушының ой-өрісін жетілдірумен бірге, төл 
халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу 
құралы. 
Сондықтан біз ұлттық ойын атауының түрлерін, оны жүргізудің 
(ойнатудың, 
ұйымдастырудың) 
әдіс-тәсілін 
және 
ойындардың 
лингвистикалық тұрғыдан жасалу жолдарын, кейбір ойынның шығу 
тарихын, 
қойылу 
уәжділігін, 
яғни 
этимологиясын 
жан-жақты 
қарастыруымыз қажет деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет