Использованная литература:
1.Ашимбаев Д. Р. «Кто есть кто в Казахстане». -Алматы, 2012.
2.Голушко И. М. «Солдаты тыла». - М.: Воениздат, 1988. -270 с.
3. Ибраев Ж. «Бауыржан Момышулы. История одной книги».
Документальная повесть о подвиге писателя и воина.-Алматы, 2017.-143с.
4. Нуршаихов А. «Дорогой памяти»: Роман-диалог о Б. Момыш-Улы.-М.:
Советский писатель, 1985.
5. Чистяков И. М. «Служим Отчизне» - М.: Воениздат, 1985.- 70 с.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ОЯТҚАН
ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ
Медиева П.Н., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейі
Зерттеудің жаңалығы: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық
рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың
Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет.
Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген.
Бауыржан
Момышұлының қанатты сөздері патриоттық тәрбие беруде баға жетпес
құнды құрал болып табылады.
Зерттеудің мақсаты:
1. Еліміздің елеулі тарихи тұлғасы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмір
жолын жан-жақты насихаттау.
2. Қазіргі жастар үшін идеал болар ірі тұлға екенін таныту.
3. Жастарды патриотизм және азаматтық сезімге тәрбиелеу.
Даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының
Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Бауыржан Момышұлының мірдің оғындай нысанаға дәл тигізер сөздері
бүгінде халық арасында кең тарап, қанатты сөзге айналып кетті.
Тілге жүйрік, сөзге шешен хас батырдың қанатты сөздерін
назарларыңызға ұсынамыз.
* Әділдікті мойындау - адал кісінің ісі.
* Опасыздық - ойсыздық.
* Қуыс кеуде болғаннан артық қорқыныш та, қорлық та жоқ.
* Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
* Намысты нанға сатпа.
* Қарабет болып қашқанша - қайрат көрсетіп өлген артық.
* Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық.
72
* Именіп жүріп көрген игіліктен - қарсыласып жүріп көрген бейнет
артық.
* Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше - шындықтың уын ішін өлген
артық.
* Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
* Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді
өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
* Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде
ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала
алмайды. * Ата-ана қадірін білмеген - ел қадірін біле алмас, Ел қадірін
білмеген - ата-ана қадірін біле алмас.
* Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен
ойлап табу мүмкін емес.
* Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.
* Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту -
бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту.
Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өң бойындағы
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп
оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық
санасын дарытуда халқымыздың ұлы, ержүрек қолбасшысы, жазушы,
Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Бауыржан Момышұлы ағамыздың
кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы
шығармаларының алатын орны ерекше. Мысалы, соғыс жылдарында
Бауыржан ағамыз:
Атамекен жер үшін,
Қасиетті жер үшін,
Әзиз ана, қарт ата,
Ботакөз сұлу қарындас,
Күң, құл болмасын, - деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух
беріп ерлік істерге шақырады.
Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке,
батырлыққа байланысты біршама терминдерге анықтама берген. Енді
соларға тоқталып өткім келеді:
Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның
аман-саулығының
қоғамдық-мемлекеттік
қауіпсіздікке
тікелей
байланыстығын сезу, ал мемелекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды
күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекеттік
деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және
болашағымен қарым -қатынасты білдіреді.
Ойымызды түйіндесек, Бауыржан Момышұлының шығармаларының
құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес мұра болып табылады. Себебі,
жастарды, жаңа ұрпақты сергек және өз ісіне сенетін, кедергілерден
қорықпайтын оның қандайын болса да, және білетін күрескерлік рухта
тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты талабы. Оқушыға патриоттық тәрбие беру
73
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге
дәлелдеді. Енді басты міндет осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың
әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды Отаным деп
таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Осы
мақсатқа жету жолында біздер оқушылар қауымы көп тер төгуімізге тура
келеді. Ол дегеніміз болашақ жастар оқушылардың бойында патриоттық
сезімін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата заңын, Мемлекеттік рәміздерін
құрметтеу. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның
отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен
жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда
көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің
халқын сүюге тәрбиелеу мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да
қадірменді парызы», - деген еді.
«Мәңгілік Ел» – жалпы ұлттық патриоттық идеясы құндылықтарын
қоғамдық санада, білім беруде және тәрбие жүйесінде қамтамасыз ете
отырып, оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу қажет. [1.
4]
Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп
аталатын Жолдауында «Біртұтас ұлт болу үшін жаңғырудың ең басты
шарты – тамыры тереңнен бастау алатын ұлттық кодыңды сақтай білу»
дегендей, жас ұрпақты туған жер, оның мәдениеті, тарихи шежірелері мен
жәдігерлерін тануға, қорғауға және баба тілін құрметтеуге, салт-дәстүрді
білуге үйрету міндеттіміз деп білемін.
Жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның
ұшқынын дарыту үшін Бауыржан Момышұлының өсиетті нақыл сөздері
ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің
ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ,
арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан-жай емес. Бұл ойлардың Абайдың
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен озады» немесе Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық рухсыз ұлт
тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып
жатыр. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау үшін
қаһарман батырдың шығармаларындағы нақыл сөздерін насихаттаудың
тәрбиелік мәні зор екенін айтқым келеді.
Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы да: «Патриотизм дегеніміз –
әке-шешеңді құрметтей білуің, ауыл-аймағыңды ардақтай білуің, өз
ұлтыңды сүюің, ана тіліңді ардақтауың, өз халқыңның өткен жолы мен
тарихын құрметтеп, оған тіл тигізбеуің мен өз Отаныңды жаудан
қорғауың», - деп ұрпағына өнегелі өсиетін айтып кеткен. Отанды сүю,
туған елге деген сүйіспеншілік – халқымыздың ежелден қаймағы бұзылмай
келе жатқан тарихи дәстүрі, өмір ережесі.
Бауыржан Момышұлының шығармалары - бүгінгі таңда бізге
бұйырған баға жетпес мұра. Ол үшін әрқайсымызға Бауыржан
74
ағамыздай күрескер рух, көкіректе сөнбейтін сәуле, таудай талап пен
жасымайтын жігер керек. [2.53]
Бүгінгі жас жеткіншектерге Бауыржан атамыздың тағылымды
ойлары рухани азық болары анық. Оның «Ел дегенде еміреніп, жұрт
дегенде жұмылып қызмет ет», «Тәрбиелі адам – тәртіптің құлы, тәртіпті
адам – елдің ұлы», «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» т. б. өсиетті нақыл
сөздері Отансүйгіштікке шақырды, жастарға адамгершілік пен ерлікті
өсиет етіп, келешек ұрпақтың елін, Отанын, халқын шын сүйген ерлер
болып қалыптасуын қалады.
«Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі асыл
белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі», – деп Бауыржан
атамыз патриотизмнің мәні мен мазмұнын ашып көрсеткен.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Отанға деген сүйіспеншілік – еліміздің
келешегіне, оның кемел ұрпағына, біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз
деп білейік. Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қал-
дырған басқа қаламгер жоқ», – деп айтқандай, Бауыржан Момышұлының
отаншылдығы патриоттық тәрбиеде баға жетпес құнды құрал болып та-
былады.
Қорыта келе, осы мақалада «Бауыржан Момышұлының қанатты
сөздері бүгінгі қоғамға ауадай қажет екенін білдіргім келеді. Алдағы
уақытта осы тақырып көлеміндегі зерттеу жұмыстары ары қарай жалғасын
тапса деген оймен мынадай ұсыныс айтқым келеді.
1.Тәуелсіз
еліміздің
іргесін
нығайту
үшін
жастарымызды
Отансүйгіштікке тәрбиелеп, ерлікке баулуда «ұлттық идея», «тәуелсіз
ұлттық идея» деген ұғымдарға көбірек назар аударылса;
2. Тарихи ұлттық тұлға – Бауыржан Момышұлының қанатты
сөздерін жастарымыздың санасына дарытып, танытуымыз және қай
қырынан көбірек танытуымыз керек деген аса маңызды мәселені қамтыса;
Бауыржан Момышұлының өмірі – өнеге, жазған мұралары –
патриоттық өсиет. Өнегелігі сол, ол – елі мен туған жерін нағыз сүйген,
оған қашан да адал қызмет еткен, сын сағатта Отанын жан аямай қорғаған
және қол бастап, жауды жеңуге ерен үлес қосқан ер. «Патриотизм –
Отанға, елге деген махаббат!», «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет,
патриот болу – парыз», - деген Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері
ұрпақ үшін өнеге.
Достарыңызбен бөлісу: |