15
Жұмыстың мақсаты: Қазақ елі өз еркіндігін алғаннан кейін
тәуелсіздікті
нығайтып, саяси әлеуметтілікті тұрақтандырып, болашақ
қазақстандық-тардың патриоттық
рухын қалыптастыру және оны
дамытуды басты мақсат етіп қойды. ҚР тұңғыш Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі
мен өз еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру – біздің басты
мақсаттарымыздың бірі, - деп көрсетті. Қазақ халқының тарихына үңілсек,
көшпелі қазақ елі еш уақытта өзге елге басқыншылық соғыс жүргізген
емес. Ал,
өз жерін, елін қорғауға келгенде қазақ сарбаздары көзсіз
батырлығы мен ерлігін, Отанын көзінің
қарашығындай қорғайтынын
жауларының өздері де мойындаған. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ
батырлары нағыз патриоттық ерлігін көрсетті. Қазақ халқының даңқын
шығарып
абыройын асырған, айтулы ұлдары-ның бірі - гвардия
полковнигі,
жазушы,
Совет
одағының батыры
Б.Момышұлы
есімі қазақ еліне таныстыруды қажет етпейді. Ол «Халық батыры», ол
«даңқты әскери қолбасшы», ол «көрнекті қаламгер» деген ұғыммен ұрпақ
санасында біте қайнасқан.
Ол тұтас алғанда
Нағыз Қазақ аса қастерлі, мәртебелі биік
тұлғасымен танылған еді.
Туған ұлты үшін ұран салып, ұлт намысын таптатпай, ұлт
байрағын
құлатпай, айбынды ұстаған Бауыржан атамызды өз халқы шексіз сүйіп
мерейін асырды.
Баукең үйреткен тағлым - Ұлы сенім, Болашаққа деген сенім еді.
Бауыржан үйреткен тағлым - ұлы шындық.
«Жалғандықтың балын жалап өмір сүргенше, шындықтың уын ішіп өлген
артық» деп Баукең сияқты орақ тілді, от ауызды жаужүрек азаматтар ғана
кесіп айта алады.
Баукең үйреткен тағлым - өз халқыңды ағынан жарылып, жанындай
жақсы көру.
Бауыржан үйреткен
тағлым - Ұлт ар-намысына, Ұлт тарихына, ұлт
санасына, ұлт мәдениетіне қамқор болу еді.
Достарыңызбен бөлісу: