16
елге деген махаббат!», «Адал болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот
болу – парыз» деген Бауыржан Момышұлының асыл сөздері бар.
Бауыржан Момышұлының өмірі тұнып тұрған – өнеге. Ол кісінің
өнегелілігі сол, ол – елі мен туған жерін нағыз сүйген, үнемі адал еңбек
еткен, сын сағатта оны жан аямай қорғаған және қол бастап, жауды жеңуге
ерен үлес қосқан батыр.
Кіріспе әңгіме: Батырлық пен батылдық иесі Бауыржан Момышұлы – тау
тұлға. Аты аңызға айналған батырымыздың сұрапыл соғыс жылдары
ерлігі мен өжеттілігі келешек ұрпаққа ұлы тәрбие болып отыр.
Бауыржан
Момышұлы алмас қылыштай өткір де, қайсар «сөз қадірін өз қадірі, өз
қадірін ел қадірі» деп білген, бағалаған ұлы тұлға. Ұлы Отан соғысының
батыры атамыз Бауыржан Момышұлының
жеке басына тоқтала
кететін болсақ ойшылдығымен, отаншылдылығымен, ұлтжандылығымен,
батырлылығымен жоғарғы қасиеттерге ие болған асыл тұлға. Бауыржан
ағамыз соғысты өз көзімен көрген жазушы. Ол кісінің айтар ойы, жазар
шығармасы – соғыс шындығы. Ол өз шығармасының кейіпкері, өзінің
бейнесін тұтастырған. Кез келген шығармасын
алып қарасақ та бел
ортасында өзі жүрген, өз бейнесін, қимылын суреттеген. Халық оның
жазған, ерлік, батырлық жайлы кітаптарын біледі. Әр шығармасындағы
даналық сөздері де әлі күнге дейін ел аузында жүр.
Момышұлы Бауыржан
(1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық
қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл
облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті
жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда
жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге
шақырылып, онда бір жарым жыл
жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған
соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан
Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота,
командирі болады. Батыр – табиғаттың сыйы емес. Бұл патриоттық
борышыңды орындау үшін
Соғыс жылдары 210-ден артық шабуылға
шығып, бірнеше рет жараланса да, ешкімге иек бермей батырлық ар
намыстың басты тұлғасы болғанын білеміз. Соғыс – елдік пен ерлікке сын
дүние болып табылады. Бауыржан атамыз елінің батырлық, адамгершілік,
әділдік рухымен қаруланған сарбаздардың бірі болды және қасындағы
жауынгерлердіде осы рухқа шақырды. Қазақ халқының жауынгерлік салт
дәстүрі, жау жүректілігі мен ерлігі
Бауыржанның қолбасшылық
тұлғасынан ерекше көрініс тапты. Атақты, әрі даңқты батыр Бауыржан
Момышұлы өзінің «Москва үшін шайқас», «Қанмен жазылған кітап» т.б
кітаптары арқылы келешек жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін басты
құрал бола алады. Бауыржан Момышұлы атамыздың «Ел дегенде
еміреніп, жұт дегенде жұмыла қызмет ет», «Отан үшін отқа түс –
күймейсің!» т.б өсиеттері Отанды құрметтеуге шақырады. Батыр атамыз
осы нақыл сөздермен келешек ұрпағының нағыз адам болуларын қалады.
Халық батыры Бауыржан атамыздың - ұлттық болмысты қалыптастыру-
17
шы қаламгер ретінде танылды. Халық оның ерлігін, жазған әңгімелерін
және ғибратқа толы дүниелерін біледі. Бауыржан Момышұлының мірдің
оғындай нақыл сөздері бүгінгі күнге дейін халықтың аузында жүр. Дана
халқымыздың «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Ерді
намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» деген ғибрат сөздерін Бауыржан
Момышұлы орынды пайдаланды және үлгі қылдырып алды. Ғибратты,
қанатты сөздер жайдан- жай тумайды және кез келген адам ойдан шығара
бермейді. Міне, Баукең осындай адам. Ол кісінің нақыл сөздері Отанға,
туған жерге, адал еңбекке, әдебиет пен тәрбие-тәртіпке арналған болып
отыр. «Намысты нанға сатпа», «Ердің туы - намыс», «Ұшқынсыз от
тұтанбас» т.б сөздері кез келген саналы адамның ойында жатталған
ұлағатты сөздер.
Маңдайдағы наркескеннің өзісің,
Ерлігіңмен, өрлігіңмен ірісің.
Халқыңменен біргесің сен, жан ата,
Ұмытылмайды өнегелі ұлы ісің –
дей отыра, батыр атамыздың өлең жолдарынан ерлік, батырлық туралы
ғибратты сөздері көруге болады.
2010 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында "Қазақтың
Бауыржаны" атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Оны
үкіметтің тапсырмасымен батырдың 100
жылдың мерейтойына арнап
режиссер Қалила Омаров түсірген болатын. Осы жылдың 10
желтоқсанында Алматы қаласындағы 28-панфиловшылар саябағында
соғыс қаһарманы әрі жазушы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш
салтанатты түрде ашылды. Жалпы биіктігі 6 метр болатын батырдың
мүсіні қоладан, ал ескерткіштің қалған бөлігі граниттен құйылған.
2010 жылы Қазақстан бойынша батырдың 100-жылдығына арналған
мерекелік іс-шаралар өтіп, оның 30 томдық шығармалар жинағы жарық
көрді. Қазақстанда батыр атына Алматы, Атырау, Тараз, Семей қалалары
және Жамбыл облысында көше берілген. Мұнымен қатар, №45 қазақ
классикалық гимназиясына Бауыржан
Момышұлының есімі беріліп,
мектеп алдына батырдың бюсті қойылды. Осы күнге дейін Бауыржан
Момышұлына арнап бірнеше фильм түсіріліп, кітаптар жазылды. 1967
жылы режиссер Мәжит Бегалиннің фильмінде "Артымызда Мәскеу"
фильмінде батырдың рөлін Кәукен Кенжатаев сомдады. 2013 жылы
режиссер Ақан Сатаев "Бауыржан Момышұлы" атты телехикая түсірді.
Бақытжан Момышұлының "Восхождение к отцу", "Во имя отца" және
"Сыновья великого волка" атты кітаптары мен Зейнеп Ахметованың
"Шуақты күндер" туындысы Бауыржан Момышұлына арналады.
Даңқты қолбасшы сарбаздардың елі үшін шыбын жанын қиятын
ерлігін ерекше бағалай білген. Оның қатардағы жауынгерлер жайында
айтқан нақылға бергісіз сөздері халықтың есінде мәңгіге қалмақ.
Қорыта айтқанда, Бауыржан атамыздай алыбымызды ардақтай
білейік.
Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер
18
Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп
танып, ардақтаған қаһарман ұлына Отан соғысы
біткеннен кейін жарты
ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан
кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың
жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
Бауыржандай алыбымызды ардақтай білейік, ұлтымызға ұран
болған ұлы тұлғамызды ұлықтай білейік. Тек қана қара дүрсін сөзбен
емес, Бауыржан атамыздай батырдың атын дәріптейтін игі істермен,
тиянақты тірліктермен дәлелдеугетырысайық.
Достарыңызбен бөлісу: