Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ахметова 3. «Шуақты күндер»
2. «Санат» журналы 1994 ж.
3. Баялиев «Рух күші Б.Момышұлы» Ақ жол // 26 тамыз, 2000 ж.
4. Байтуов «Бір сұхбаттың тарихы» Ақ жол 7 ақпан, 2001 ж.
5. Момышұлы Б. «Ұяда не көрсең» Алматы «Жалын» 1988 ж.
6. «Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесіндегі мақал-мәтелдердің тәрбиелік
мәні.» Ұлт тағлымы. // № 1, 2003 ж.
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ
БЕЙНЕСІ
Зекенова А.Ы, тарих пәні мұғалімі,
Жалпы орта білім беретін № 86 мектебі
Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм –бұл ұлттың ішіндегі
жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті.
Б.Момышұлы
Қазақ халқының арғы-бергі тарихында жол бастаған көсем,сөз
бастаған шешен, қол бастаған батыр тұлғалар баршылық. Әріректен
қарасақ, ұлан байтақ даланы найзаның ұшымен,білектің күшімен,парасат –
ақылдың сұсымен қорғаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Кенесары, Сырым Датұлы
сияқты тағы да басқа батырларымыздың ерліктері туралы аңызға
айналаған әңгіме,жырлар бүгінге дейін жетті. Солардың қай-қайсы да
қазақ ұлтының болашағы мен азаттығы ұшін жандарын шүберекке түйіп
ғұмыр кешкен есіл ерлері еді. Ұлтының асыл перзенттері болатын.
Қазақ басынан өткерген соңғы майдан Екінші дүниежүзілік
соғыстаға ерлігімен ел есінде қалған,көзі тірісінде аңыз адамға айналаған
қаһарман батыр Бауыржан Момшұлы есімі қазақ елінің атымен бірге
жасайтын ұлы тұлға.
«Отанын Бауыржан Момышұлындай сүйген, елжандылықты
Баукеңдей өнеге етіп қалдырған, қаламгер сирек шығар. Ол өз ұлтын
сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі. Ел дегенде
19
еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс-
күймейсің!» деп ұрпағына ұлағат айтып кеткен кісі. Ендеше біздің
халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды әрдайым естерінде
ұстағандары жөн. Бәрімізде туған елімізге, сүйікті Отанымызға Бауыржан
Момышұлындай еңбек етіп, қызмет жасай білейік...» Елбасымыз
Н.Назарбаев айтқандай ұлтжандылық пен елін сүюді, ерлік пен
батылдықты бүгінгі жас ұрпаққа өнеге етіп қалдырған ұлы тұлғалардың
бірі.
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында қатал әскери басшы
болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағандағы жауынгерлер мен
офицерлердің ақыл айтатын, зерделі де білгір жетекшісі және тәрбиешісі
бола білген. Бауыржан Момышұлы – әскери педагогика мен әскери
психологияны дамытуға баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға.
Бауыржан Момышұлы – туған халқының руы мен өлмес қасиеттерін
аласапыран күрделі дәуірде, өжет те өткір, қайсарлы да жігерлі
қасиетімен, ұлтына, жұртына деген шексіз маххабатымен туған еліннің
абройын асқақтата көтерген, атағы айдай әлемге таралған ұлт батыры,
қайсар мінезді, қаһарман қазақ.
Жазушының өз қаламынан шыққан «Ұшқан ұя», «Москва үшін
шайқас», «Генерал Панфилов», «Бір түннің тарихы», «Куба әскерлері»,
«Соғыс психологиясы» тәрізді ұлт пен ұрпақты тәрбиелеуге мейлінше игі
ықпал етер таза шынайы өмір, қоғам, заман, адам, соғыс және бейбітшілік
жайындағы мәңгілік толғаныстарды оқырмандарға оң ықпал етері сөзсіз..
Бауыржан Момышұлының ғажайып әлемімен жақын таныстыратын
шығармаларға Александр Бектің «Волоколам тасжолы», Әзілхан
Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы, жазушының
майдандас досы Дмитрий Снегиннің «Шалғай шепте», «Шабуылда»,
«Біздің Бауыржан», «Открытый всем» деген туындыларында, Мәлік
Ғабдуллин, Қасым Қайсенов секілді іні- достарының пікірлері, баласы
Бақытжанның «Восхождение к отцу», «Во имя отца», «Сыновья великого
волка» кітаптары, сондай-ақ батыр өмірінің соңғы сәттерінің куәсі болған
қосағы Жәмила Егембердиеваның «Өмірінің өзі дастан» роман- эссесі мен
туған келіні Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты»
естелік кітаптары, жазушы Мамытбек Қалдыбайдың бірнеше кітаптарын
атап өткім келеді. Осы тұста айрықша тоқтала кететін дүние ол профессор
Мекемтас Мырзахметұлының басшылығымен «Өнер» баспасынан жарық
көрген
Бауыржан
Момышұлы
шығармаларының
30
томдығы.
Көптомдыққа енген құнды тарихи материалдар мен жазбалар,әр жылдарда
жарық
көрген
қазақ,орыс
тілдеріндегі
көркем,деректі,мемуарлық
шығармалар
ұлы
тұлғаны
жан-жақты
танып,бағалауға
жол
ашады.Оқырмандар жазушының өмір сүрген кезеңінің болмысын,міне-
құлқын талдай отырып,жалпыадамзатқа ортақ құндылықтар мен ұлтымыз
үшін киелі саналатын ұғымдар жайында Бауыржан Момышұлының ой-
20
ұжырымдары мен пікір толғаныстарын ой елегінен өткізіп, жете түсінері
хақ.
Қазақстан
Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ҚР
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин «Ерлік- ерге сын,
елге бақ» деген мақаласында «Жетпіс екі жыл... Тахауи Ахтановтың
сөзімен айтар болсақ, «стандартты уақытта, стандартсыз өмір сүру»,
сиқыры мен сыры, жұмбағы мен сауалы ұшан теңіз кезеңде, Шерхан
Мұртаза айтқанда, «ноқтаға басы сыймай» ғұмыр кешу оңай болған жоқ.
Барды көрмеу, нарды танымау, тұлғаның тауын аласартуға ұмтылу,
«нөмірі бірінші ұлтшыл» деген айдар тағып, күні-түні Мәскеудің жіті
қадағалауында ұстап отыру, заманы, елі, тіпті дүниежүзі мойындаған
батыр атағын көзі тірісінде бермеу тұлғаны тұқырту үшін жасалған
әрекеттер еді. Сайып келгенде, Орталық тарапынан жүргізілген мұндай
саясат төркінінде, Мәскеу қанша түлкібұлаңға салып, ойын бүркелегенмен,
ұлттың ұлы батырына деген жалпыхалықтың құрметін әлсірете алған жоқ.
Қайта уақыт өткен сайын күшейе түсті. Ел Азаттықа қол жеткізген шақта
мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен Бәукеңе Батыр
атағы берілгенде, бәріміздің жанарымызға жас толды.Бұл қуаныштың
жасы.Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялардан тұп-тура бір жыл бұрын,
алғашқы қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың табанды ұсыныс
әрекетінің арқасында 1990 жылы Кеңес Одағының Батыры
деген атақ
берілді. Шешім 1990 жылдың 11 желтоқсан күні шықты. Медаль номері
11637.
Шындық шыңға көтерілді. Әділдік жеңді.»[7] Осы күнге
байланысты Бақытбек Смағұл өзінің «Қаһарман» деген кітабында
«Бақытжан Момышұлын ең алғаш құттықтаған Н,Ә.Назарбаев болған, бұл
құттықтау хатты маған Бақытжан ағамыз бен Зейнеп Ахметова жеңгеміз
көрсетті. 21 жыл қоян-қолтық араласып, тәлімін көрген, әрқилы
жағдайдағы айтқан әңгімелерін тыңдап, көңіліне түйген Мамытбек
Қалдыбайдың 2017 жылы шыққан «Мен халқымның Бауыржанымын!»
аты жаңа кітабында «Үлкен қуаныш» деген әңгімесінде Б.Момышұлының
ұлжандылығы мен Отанына деген сүйіспеншілік сезімін дәріптеп жазған,
онда Қазақстанда дүниежүзілік бірнеше халықаралық кездесулер,
конференциялар өтіп жатты, соның бірі Алматыда әлемдік адамзаттық
денсаулық күзеті форумы өткенде ерекше шаттанып, - Бұл дүниежүзілік
форум! Бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет! Біздің еліміз туралы жаңсақ
пікірде жүрген шетел адамдары біздің елімізді көріп көзқарастары өзгеріп
«ойпырмай, осындай таңғаларлық ел екен», -деп әділеттілігін айтуы әбден
мүмкін. Қысқасы, қарағым, шетелдік жандармен ортақ тіл табысуға
ұмтылуымыз – үлкен қуаныш деген екен. [5]
Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» кітабының жалғасы
«Бабалар аманаты» естелік кітабында әке, ата, қайын ата – Бауыржан
Момышұлының үлкен өмірінің отбасы, ыстық ұядағы тыныс-тіршілігі,
қадір-қасиеті сөз болып,оның күрделі бейнесінің тағы бір жаңа қырлары
көрініп, қайталанбас тұлғаны толықтыра түседі. Сонымен бірге
21
халқымыздың үлгі өнеге, дәстүр-салты молынан қамтылған. Жас ұрпаққа
берері мол шығарма. Зейнеп Ахметован «Бабалар аманаты» естелік
кітабында Момышұлы шаңырағының негізгі ережесі адал жолмен жүріп,
ақ сөйлеу, қарапайым қанағатты тірлік ету, кісіге қиянат жасамау,өзіңе
тиесілі емеске таласпау,сұғанақ болмау, міне, осылар – әкемізден қалған
мұра –деп жазады. Осыдан батыр атамыздың турашыл, шынайы, әділетті
және қарапайым адам болғандығын білеміз. Осы қасиеттеріне дәлел
ретінде Бауыржан Момышұлының «Мен ешуақытта ешкіні – апа, текені –
жезде деген адам емеспін!» деген сөзін мысалға келтіремін. [1]
«Бауыржанның жігерлі мәтіндерінен, аса қатал шындық сөздерінен,
өткір ойларынан, нәзік байқампаздығынан, афоризмдік дана нақышты
сөздерінен қаның тасиды, жаныңды толқу сезімі шарпиды, жанды үн қату,
үндеу оқырманның қалғыған санасын оятады», - деп бағалады Баукеңнің
кітабын 2008 жылы белгілі жазушы, зерттеуші Герольд Бельгер. –
Сөздерінің туралығы мен қайсарлығы ешкімді бейтарап қалдыра алмайды.
Бұл кітап - алау от. Бұл кітап - наубат. Бұл кітап - дабыл қоңырауы.
Соғыстың мұң мен шері. Күрескер рухы. Азаматтың пафосы. Кітап «Соғыс
психологиясы» деп аталады. Авторы - аты аңызға айналған Бауыржан
Момышұлы.
Әттең, мен оны тек жақында ғана оқыдым. Өкінемін. [8]
Бауыржан Момышұлының бейнесін толықтыра түсу үшін оның
соңғы оншақты жыл өмірінде қасында серігі болған, барлық мінез-құлқын,
іс-әрекетін өте жақсы білетін, көңіл-күйін айтқызбай танитын жұбайы
Жәмила Егембердиеваның пікірін келтіре кетейін: «Келер ұрпақ Бауыржан
қандай адам деп сұраса, елінің, халқының, тарихтың берер жауабы айдан
анық; ол – қара қылды қақ жарған әділ, турашыл, ел басына күн туғанда
қан ұрттап, от кешкен, Отаны дегенде жанын да, жалындаған жастығын да
аямаған, елім деп еңіреген ер! Көпұлтты дивизияда қолбасшы болған, Ұлы
Отан соғысының баһадүрі, қазақтың қаһарман жауынгері. Бейбіт өмірде
қаруын суытып, қаламын төселдірген майталман жазушы, қазақ совет
әдебиетінің көрнекті өкілі. Бірнеше кітаптары шет ел тілдеріне аударылған
мәшһүр адам. Өзі де көптеген көрнекті кітаптардың кейіпкері, көзінің
тірісінде-ақ аты аңызға айналған, даңқы әлемге жеткен.
Терең ақыл-ойдың иесі, жүрегі әуендей сыршыл, нәзік жан. Сөзі
мағыналы, екі тілде өткір де шешен адам. Жауға, жат мінезділерге қатал.
Дүниеге, дүрілдеген баққа қызықпайтын қанағаты мол, бақталастыққа,
қызғаныш, өсек-аяңға, рушылдық, жершілдікке жуымайтын адам. Әркімге
жалпаңдайтын, қошеметшілден аулақ, ойы, бойы биік, намысы мол,
табанды, байсалды, сабырлы, дарынды, бауырмал, қарапайым, жомарт та,
ішкі сарайы кең жан еді». [2] Ұлтымыздың тағы бір ұлы тұлғасы
Д.А.Қонаев: «Бауыржан Момышұлы барлық әлем таныған титан» деп
бағалаған болатын Баукеңді. [7]
Қорытынды.
Батырдың өзі, сегіз қырлы бір сырлы «ел деп еңіреген
ер» болғандықтан, бар білгенін, бар тәжірибесін өсиет ретінде артына
22
қалдырған. Бұл өсиеттердің зор құндылығы жан тебірентетін білгірлікте.
Батыр тек қана еуропалық және ресейлік әскери ғылыммен, әскери өнерге
сүйенбейді, өз ата-бабаларымыздың жауынгерілк дәстүрлеріне арқа
тірейді. «Білек бірді жығады, ақыл-айла мыңды жығады», «Ер намысы – ел
намысы», «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» секілді аталарымыздың
ұшқыр сөздерін Бауыржан Момышұлы орынды пайдаланған. Сондықтан
батырдың өсиеттері қазақ жауынгерлеріне өте жақын, ойларына азық,
бойларына қуат беріп тұрады.
Менің ұсынысым әр жұмысымызда
Бауыржан Момышұлының дана сөздері мен Отанға деген зор
сүйіспеншілігі негізінде еліне,халқына жасаған игі істерін дәріптеп мысал
етіп отырсақ, осындай ұлы тұлғаны тереңірек таныстыру мақсатында
«Бауыржантану» курсын енгізсек, біз ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы
білім беретініміз анық.
Қорыта айтқанда, Бауыржандай алыбымызды ардақтай білейік,
ұлтымызға ұран болған ұлы тұлғамызды ұлықтай білейік. Тек қана қара
дүрсін сөзбен емес, батыр атамыздың атын дәріптейтін игі істермен,
тиянақты тірліктермен дәлелдеуге тырысайық.
Достарыңызбен бөлісу: |