«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет63/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   117
ДАНА ДА ДАРА ТҰЛҒА 
(5-сыныпқа арналған тәрбие сағаты) 
 
Куанбаева Т.А.,ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 
Қарағанды қаласы 
Жалпы білім беретін №76 мектеп 
Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті 
жазушысы Бауыржан Момышұлына арналған «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі 
елге мәлім» тақырыбында өткізілетін аймақтық ғылыми-тәжірибелік 
конференцияға «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» бағыты бойынша 
сынып сағатының құрылымы 
 
Сабақ түрі: топтық жұмыс 
Мұғалімнің негізгі функциясы ол бағыттаушы, сабақ үстіндегі 
процесті ұйымдастырушы, ой қозғаушы. Оқушылардың пікірін қолдап, 
тақырыптың аясында сұрақтар қойып қорытындылап отырады. Сыныпта 
дискуссиялық 
жағдай 
орнатып, 
сол 
арқылы 
оқушылардың 
қызығушылығын оятуға, белсенділігін арттыруға тырысады. 
САБАҚ БАРЫСЫ: 
1 КЕЗЕҢ (8 минут) Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» 
Бастапқы кезеңде мұғалім оқушыларды топқа бөліп, мәтіндерді 
үйлестіреді. Әр топ өзі сөз бойынша топқа бөлінеді. Мұғалім оқушыларға 
таңдаған сөздері (қаһарман, жазушы, қолбасшы, стратег) негізінде бүгінгі 
тақырыпты анықтауды ұсынады.
Оқушылар топқа бөлініп, тақырыпты анықтап болған соң видеокөрсетілім 
көрсетіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=MdfRJTYKcc8
 
ІІ КЕЗЕҢ (15 минут) 
Мақсаты:   
Халық Қаһарманы Б.Момышұлының өмір 
жолын 
оқушыларға 
таныстыру 
арқылы 
олардың білімге құштарлығын ояту, адам 
бойындағы 
жақсы 
қасиеттерді 
дарыту, 
жетістікке 
жету 
жолдарын 
көрсету, 
патриотизмге, еңбексүйгішттікке баулу. 


146 
Оқушыларға мәтінмен жұмыстану кезінде төмендегі сұрақтар аясында 
талдау жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Оқушылар топтық жұмыстану 
кезінде өз рөлдерін бөліп алады. Мұғалім оқушылардың пікірі аясында 
қосымша сұрақтар қойып, ойларын қорытындылап, баға беріп отыруға 
және оқушылардың өздеріне кері байланыс жасауға мүмкіндік жасап 
отырады. 
Тапсырма: 
- Берілген мәтінде негізгі ақпарат не деп ойлайсыз? (өзіндік пікіріңді 
білдір). 
- Мәтіндегі кейіпкердің басты қасиеттері оның тұлғалық образын аша 
ма? Өзіңіздің бойыңыздағы бар немесе болғанын қалайтын қасиеттерді 
байқадыңыз ба? (аргументтер жинап, фактілермен дәлелде). 
- Сіздің ойыңызша жетістікке жету жолы бұл мәтін арқылы көрініс 
таба білді ме?
- Сіз өз мақсатыңызға жету үшін қандай әрекеттер жасап жатырсыз 
және ол осы мәтінде байқалды ма? ( салыстыру және анализдеу, жағдайға 
баға беру) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет