Сайысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі Сайыс 1 кезеңнен 3 бағыт бойынша өтеді:
Қатысу тілі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
Сайысқа қатысушылардың сұраныстары төмендегі бағыттар бойынша
қабылданады:
1-бағыт «Театр әлемінде» Шарттары: 1. Б. Момышұлының шығармашылығынан сахналық қойылым көрсету.
2. Сахна мәдениетін сақтау (ұзақтығы 8-10 минут).
3. Бір мектептен 1 ғана қойылым.
2-бағыт «Сөз — адамның айнасы» Шарттары: 1. Б. Момышұлының қанатты сөздерін жатқа оқу (50-ден кем емес).
2. Тіл тазалығы, дауыс ырғағы.
3-бағыт «Ұлттық жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағы»
Эссе тақырыптары: 1. «Отбасы өнегесінің Бауыржанның тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы».
2. «Ұшқан ұя» ұлағаты» («Ұшқан ұя» романы бойынша).
Сайысқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Театрлық қойылымның тақырыпқа сай болуы;
Эссенің талаптарға сәйкес жазылуы;
Сөз мәнері, сырт бейнесінің талапқа сай болуы.
Марапаттау Әрбір сайысқа қатысушыға «Ерлік – ұрпаққа ұран» қалалық танымдық
сайысының бағыттары бойынша Алғыс хат беріледі. Әр бағыт бойынша
үздік жұмыстар І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталады.
«Ерлік – ұрпаққа ұран» қалалық танымдық-теориялық сайысының әділ
қазылар алқасы
Әділ қазылар алқасы қатысушылар жұмыстарын бағалаудағы даулы
мәселелерді шешіп, сайыс жеңімпаздарын анықтайды.
Сайыстың өтетін орны: Қарағанды қаласы. А.Байтұрсынұлы атындағы №
41 мектеп-гимназия (мекен-жайы: Қарағанды қаласы. Н.Әбдіров даңғылы,
37/1).
Сайыс сұрақтары бойынша Қарағанды қалалық білім бөліміне және №41
мектепке хабарласа аласыздар.
Анықтама телефондары: 50-00-27;
145
Сайысқа сұраныстарды қабылдау, іріктеу жұмыстарына жауапты: қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.
E-mail:
tolganai_gazizovna@mail.ru