«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм


Мұғалім. «Шуақты күндерді» әдеби шығарма деп қарай алмайтынымыз  тағы бар. Не үшін?



Pdf көрінісі
бет84/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   117
Мұғалім.
«Шуақты күндерді» әдеби шығарма деп қарай алмайтынымыз 
тағы бар. Не үшін?
 
6-оқушы
Өйткені, қиял аралас дүниені, ойдан шығарылған кейіпкерді, 
мистикалық іс-әрекетті жазбаған. Ой түйемін, қорытамын, керек дүниені 
аламын дегендер үшін тұнып тұрған нақыл сөзбен өрілген. Шығарма сол 
үшін де құнды.
 
 
Мұғалім. 
Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы көптеген 
қызықты естеліктер келіні, жазушы Бақытжан Момышұлының жан жары 
Зейнеп ападан жеткені белгілі.
Ендеше оқушылар «Шуақты күндер» 
кітабын оқыған оқушыларға сөз беріп, кітапта сіздерге әсер қалдырған 
тұстарын ортаға салсаныздар. 
1-оқушы. Балашка, шайың бар ма? - деген дауыс ойымды бөліп жіберді. 
Атамның жақсы тынығып, сергек тұрғанын біле қойдым. Неге десеңіз
көңіл күйі өте жақсы кезде мені «балашка» дейді, бірқалыпты болса 
«балам», ал ренжи бастаса «Зейнеп» тіпті ашуға мінгенде «турчанка» деп 
айқайлайды.
 
(З.Ахметова. «Шуақты күндер», 30-бет.) 
2-оқушы. Тура қақаған қыстың ортасында етігімнің сыдырмағы ажырап 
кетті. Әрі- бері шұқылап көріп едім, қолымнан келер емес. Амалсыздан 
күздік туфлиімді киіп, етігімді шеберханаға апардым. Жол-жөнекей 
талайлар аяғыма көз тастап өтіп жатыр. Пендешілікпен бір түрлі 
қорынғандай болып үйге жеткенше-ақ еңсем түсіңкіреп қалды. Есіктен 
кіргенде атам коридорда телефонның қасында тұр екен. Жіті көзбен бас-
аяғымды бір шолып өтіп: 
– Әй, балам, мынау қандай сән?- деді. 
– Етігімнің сыдырмағы бұзылып… соны… 
– А, сәнің бе десем, салақтығың екен ғой, жазда күн қайнап тұрғанда қыс 
хабар беріп: «тоны жоққа сәлем айт, етігі жоққа өзім барам» демеп пе еді? 
– деді. 


174 
Әлгіндегі көңілдің көлеңкелене қалған түйткілі лезде ғайып болып, ал кеп 
күлейін. Алайда атама тән осы екі ауыз қызық сөздің өзінде ақыл да, 
тәрбие де бар болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет