172
Момышұлының
өмірі мен ерлігі, өнегелі істерін келіні Зейнеп
Ахметованың күнделігі «Шуақты күндер» еңбегі арқылы асихаттай
отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерімізді арттыру.
Ол кісінің ерлігін өзімізге үлгі ету.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды «Туған ел» әнімен бастаймыз.
1-оқушы.
Туған жерім Мыңбұлақ,
арналы Ақсай,
Ішсем суы татиды шекер, балдай
Қызғалдақ, қалың егіс, көк
жоңышқа
Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай. - деп өзі
жырлағандай, Бауыржан
Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Батыр атамыз туралы не білеміз?
(Оқушылар тақта шығып тірек-сызбаны толтырады.)
Мұғалім.
Тірі тарих, шексіз шежіре. Шын
мәнінде бұл тіркестің мәні
қандай?! Батыр ұлдың бағына бұйырған келіннің «Шуақты күндер»
шығармасы ұлтқа қаншалықты ой салды? 1984 жылы 20 000 данамен
жарық көрген «Шуақты күндер» кітабы халықтың ықыласына бөленіп,
оқырман қауымның жүрегіне жол тапты. Тәлім-тәрбие мен үлгі-өнегеге
толы бұл кітап халықтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы хақында.
Оқырман ретінде талдар болсақ, авторды танытқан – атаның келбеті.
Бауыржандай батыр ұлдың болмысы халыққа өзге
жағынан суреттеліп,
үлгілі әке, қамқор ата қыры ашылып көрсетілген.
-
Достарыңызбен бөлісу: