«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет87/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   117
Орындалу шарты: 
1-топ - жақтаушы тарап, өз анасының айтатын бесік жырының өзіндік 
құндылығын айтады. 
2-топ - даттаушы тарап, электронды бесік жырының тиімділігі мен 
ерекшелігін айтып, жақтаушы тараптың пікірін теріске шығарады. 
3-топ - бағалаушы болады.
Бұл әдіс мынадай 5 критерий бойынша бағаланады: 
Тақырыптың ашылуы; 
Дәлелдер мен фактілердің келтірілуі; 
Сөйлеушінің сөз саптауы; 
Уақытты тиімді пайдалануы; 
Өзін-өзі ұстауы. 
Жекеленген тапсырма бойынша әр оқушы рухани құндылықтарды 
заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере отырып, 
«Кейіпкерге хат» әдісі арқылы «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» 
тақырыбына әңгіме авторына хат үлгісінде шағын ойтолғау жазады
Сабақтың шарықтау шегі ретінде екі оқушыдан жұптасып, әңгімедегі 
құндылықтарды тауып, оларды материалдық және рухани құндылықтарға 
жіктейді. 
Материалдық құндылық Рухани құндылық 
Автордың бағасы 
Өз бағалары 
Сабақты қорытындылау кезеңіне бекіту сұрақтары мен жабық сұрақтарын 
алдым: 
Бекіту сұрақтары: «Сиқырлы сандықша» ойыны. 3 минут 
1. Бауыржан Момышұлы кім? Ол туралы не білдіңдер? 
2. «Ұшқан ұя» шығармасы кімнің атынан баяндалған? 
3. Бауыржанның атасы кім? Әкесі кім? Қандай адам болған? 
4. Анасы туралы не айтасыңдар? 
5. «Ұшқан ұя» қандай шығармаға жатады? Үзіндіден ұлттық тәлім-
тәрбиенің қандай үлгісін байқадыңдар? 
Жабық сұрақтар: 
1. Шығарма неліктен «Ұшқан ұя» деп аталған? 
2. Жазушы шығармасының ерекшелігі неде? 
3. Бауыржанның балалық шағы мен қазіргі заман балаларының өмірін 
салыстырыңдар. 
Рефлексия «Пирамида» әдісімен жүзеге асырылады. 
Орындалу шарты: 
1. Есте сақтау керек бір маңызды мәлімет. 
2. Менің көбірек білгім келетін екі мәлімет. 


177 
3. Мен білген үш мәлімет. 
4. Мен үйренген төрт мәлімет. 
Сабақ барысында қолданылған тиімді әдістердің арқасында оқушы бойына 
отансүйгіштік, елжандылық, қарапайымдылық, рухани-адамгершілік 
қасиеттер ұялайды және ұлттық болмыс қалыптасады. Осындай өнегелі 
сабақтар жиі жүргізіліп, ұлы тұлғамызды ұлықтай білейік! Тек қана қара 
дүрсін сөзбен емес, батырымыздың атын дәріптейтін игі істермен, 
тиянақты тірліктермен дәлелдейік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет