«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм


«ҰШҚАН ҰЯ» ПОВЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР



Pdf көрінісі
бет86/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   117
«ҰШҚАН ҰЯ» ПОВЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР 
Тусупова Жангуль Аманбековна,
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 
Жалпы білім беретін №17 орта мектеп 
 
Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы 
қайталанбас, теңдессіз ерлігі, тарихи тұлғасы әлем ақын-жазушыларының 
қаламында тербеліп, роман, пьеса, кинофильм, жыр-дастандарға айналып, 
оқырман жүрегіне жол тапты. 
Батырдың алдымен тұлға ретінде қалыптасу үшін әсер еткен басты 
фактор - өзінің түлеп ұшқан ұясы. Бауыржан Момышұлының өмірі мен 
шығармашылығы негізінде оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудегі 
мүмкіндіктер қарымды қаламгердің «Ұшқан ұя» еңбегінде кеңінен 
қамтылған. Шығармадағы оқиғалар желісі кейіпкердің сезім-түйсігі 
арқылы дамып, батырлық тұлғасының қалыптасуына негіз болады. 
Осындай әдеби құнды мұраның ұрпақ тәрбиесіне тигізер әсері зор.
8-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасында «Ұшқан ұя» 
повесі берілген. Тақырып (8.3.2.1.) мақсаты – шығармадағы материалдық 
және 
рухани 
құндылықтарды 
заманауи 
тұрғыда 
салыстырып, 
жаңашылдығына баға беру деп көрсетілген.
Осы тақырып бойынша өз тәжірибеммен бөлісетін болсам, үй 
тапсырмасын тексеруде «Ыстық орындық стратегиясын» қолдана 
отырып, төменде көрсетілген талқылауға арналған сұрақтарды қойдым. 
1. Жазушы әже образын қалай бейнелеген? 
2. Әже образын бейнелейтін үзінділерді тауып, мағынасын ашыңдар. 
3. «Тәрбие - тал бесіктен» деген нақыл сөзге көзқарасыңыз қандай? 
4. «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек» деген сөздің мәнін қалай 
түсіндіре аласың?
Тақырыпты ашып алған соң, Қ.Бітібаеваның технологиясы бойынша 
кесте толтыру тапсырмасы орындалды. 
1. 
Кейіпкерлер 
Іс-әрекеті 
Мінездеме 
Өмірмен 
байланыстыру 
2.
Кейіпкер 
Образ 
Көркем тіл 


176 
3. «Жылдам дебат» әдісі арқылы топтық жұмыс беріледі. Бұл әдісте 
«Электронды бесік жыры мен баланың өз ата-анасының айтатын бесік 
жырының арасында айырмашылық бола ма?» деген сұрақ төңірегінде 
ойларын салыстыра отырып, дәлелдеп, нақты көзқарастарын білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет