«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет12/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   117
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. «Ұлы даланың жеті қыры» Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың 
мақаласы, 21 қараша 2018 жыл 
2. Бауыржан Момышұлы екі томдық шығармалар жинағы 1 том Алматы 
«Жазушы» баспасы, 2004 жыл, 5-6 беттер 
3. Бауыржан Момышұлы екі томдық шығармалар жинағы 1 том Алматы 
«Жазушы» баспасы, 2001 жыл, 7- бет 
4. Абай энциклопедия Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас 
редакциясы, «Атамұра» баспасы, 1995 жыл, 409-410 беттер 
ДАНА ДА ДАРА ТҰЛҒА – Б.МОМЫШҰЛЫ 
 
Алимбаева Т.А., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені 
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың
иесіндей, аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы –
тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы
жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – 
біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан 
Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, 
шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп 
бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы
ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең


31 
мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. [1]
Б.Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, 
имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз
Б.Момышұлы 
жеке
басы
ойшылдығымен, 
отаншылдығымен, 
ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары
адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең – әлем халқының ортақ
перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат. [2] 
Бауыржан Момышұлы – соғысты өз көзімен көрген жазушы. Ол – 
суреткер. Батыр Бауыржанның айтар ойы, жазар тақырыбы – соғыс
шындығы. Ол өз шығармасының кейіпкері, өзінің образдарымен
тұтасып кеткен тұлға. Барлық оқиғалардың бел ортасында өзі
болғандықтан автор әнгімені өз атынан айтады. Ол сырт бақылаушы
емес, белсенді қатысушы. 
Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып
жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің
оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол
сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп,
халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі. [3] 
Соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі
қалғаны, өмір бойы ешкімге бас имей тек өз ар-намысының ғана
құлы болғаны, халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені, 
өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең
түсінгені – осының бәрі Баукең шығарған қанатты сөздердің қайнар
бұлағы. Баукеңнің нақыл сөздеріне айналған, оның басынан кешкен 
жайттары ғана емес, өмірден көріп білгені, көкірек-көңіліне түйгені, 
жүрегіне ұялағаны, қоғамға, болашаққа деген ой-пікірлері.
Ал бұл ойларды жинақтап, мақал – мәтел деңгейіне дейін көтеріп, 
болашаққа өсиет ретінде жазып қалдыру – тек Бауыржан Момышұлы
сияқты талантты тұлғаның ғана қолынан келетін іс.
Батырдың өсиет сөздерінің көбі Ұлы Отан соғысы кезінде орыс
тілінде жазылған, себебі бүкіл Совет Армиясының командирлеріне
арналған.
Қазіргі уақытта бұл өсиеттер екі тілде де қолданысқа ие. 
Батырдың артына қалдырған өсиет сөздерін топтай келе, тақырып
жағынан ауқымы кең екендігіне көз жеткізуге болады «Елім» деп
еңірген ер ұлт, Отан, өмір, батылдық, тіл тағдыры, еңбек, оқу-білім т.б. 
тақырыптарда өзінің дара, дана ойын жеткізуге тырысқан. Осы өсиет
сөздерінің ішінде көбірек қалам тербегені қолбасшылық, сардарлық, 
әскери борыш жайында жазылған афоризмдері екен. Батырдың өзі , 
сегіз қырлы бір сырлы «ел деп еңіреген ер» болғандықтан, бар
білгенін, бар тәжірибесін өсиет ретінде артына қалдырған. Бұл
өсиеттердің зор құндылығы жан тебірентетін білгірлікте.[4] 
Батыр тек қана еуропалық және ресейлік әскери ғылыммен, 
әскери өнерге сүйенбейді, өз ата-бабаларымыздың жауынгерілік


32 
дәстүрлеріне арқа тірейді. «Білек бірді жығады, ақыл-айла мыңды
жығады», «Ер намысы – ел намысы», «Ерді намыс, қоянды қамыс 
өлтіреді » секілді аталарымыздың ұшқыр сөздерін Бауыржан
Момышұлы орынды пайдаланған. 
Сондықтан батырдың өсиеттері қазақ жауынгерлеріне өте жақын, 
ойларына азық, бойларына қуат беріп тұрады. Қанатты сөздер жайдан-
жай тумайды және оны айтып қалдыру кім болса соның қолынан келе 
бермейді. Ол үшін ғұлама, терең ойшыл, үлкен философ, ақынжанды
және өз басы күнделікті күйкілжің өмірден жоғары тұратын ірі тұлға
болуы керек. Бәукең, міне, сондай адам. Ол кісінің нақылдары сан
алуан тақырыпқа арналған: соғыс және бейбіт өмір, тәртіп пен тәрбие, 
парыз бен қарыз, тіл мен әдебиет, салт пен дәстүр, тағы сол сияқты
болып жалғаса береді.
«Намысты нанға сатпа», «Ердің туы – намыс». «Тізе бүгіп тірі
жүргеннен, тіке тұрып өлген артық», «Ұшқынсыз от тұтанбас», «Өзін
сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз», «Тәртіпке бағынған құл
болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», «Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан
толастамақ емес» т.б. сөздері жастың да, кәрінің де санасында
жатталған ұлағатты сөздер.
Қазақтың сүт бетіндей қаймағы бар,
Өзіндік парасатты байламы бар.
Баукеңнің ерліктері өз алдына
Елге айтқан әр сөзінің айғағы бар. 
Батыр, батыл, кемеңгер, кемел бабам, 
Болмайды ешқашан да төмен бағаң.
Талай жыл, талай ғасыр өтсе-дағы,
Ерлігіңді ұмытпас келер қоғам.
Баукеңнің даңқы, рухы өзіне керек емес, ол бізге, ұлтымызға, 
келер ұрпағымызға керек. Баукеңнің даңқымен, рухымен, дана өсиет
сөздерімен тәрбиеленген ұрпақ осал ұрпақ болмайтыны айдан анық.
Маңдайдағы наркескеннің өзісің
Ерлігіңмен, өрлігіңмен ірісің,
Халқыңменен біргесің сен, жан ата
Ұмытылмайды өнегелі ұлы ісің. 
Батырдың 80 жылдық мерейтойына орай тәуелсіз мемлекетіміздің 
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей араласуымен барша 
қазақстандықтар ұзақ уақыт зарыға күткен әділет ақыры ту көтеріп, Бауыр-
жан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Осы жоғары 
награданы тапсырар сәтте Елбасы: “Баукеңнің жұлдызды болған күні – 
қазақтың жұлдызы жанған күн” дегенін біз ешуақытта ұмытпауға тиіспіз. 


33 
Осы сөз арқылы халқымыздың қаһарман ұлының есімі тіпті асқақтай түсті. 
[5] 
Қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі — жастарға рухани- 
адамгершілік тәрбие беру болып саналады. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде 
негізгі мақсат қоғамға пайдалы үлкенге құрмет көрсететін кішіге қамқор 
бола білетін жан—жақты шығармашыл рухани бай жеке тұлғаны 
қалыптастыру. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
мақаласы басшылыққа алынып мектебімізге «Халық қаһарманы» 
Бауыржан Момышұлының есімі берілмекші, осы мақсатта мектебімізде
ауқымды істер атқарылуда.
Батыр атамыздың туған күніне орай орыс сыныптары "Бауыржан 
Момышұлы - герой, писатель, человек" атты жоба қорғады.
Бұл жобаға 5-
11 сынып оқушылары белсене қатысты. 6«Г» сынып оқушылары да 
өздерінің жобаларын ұсынды. Мәлік Әлім « Прославленный сын, степей 
казахских» Куковинцова Дарья «Легендарный личность».Осы жобаға 
қатысқан оқушылардың бәрі сертификаттармен марапатталды. Сонымен 
қатар «Легендарный батыр, воин – писатель Бауыржан Момышулы» атты 
ерлік сабақтары 1-11 сыныптарда өтті. Осындай тағылымдық игі шаралар 
жалғасын таба бермек. 
Осындай игі істе біздің таптырмас көмекшіміз ақын-
жазушылары-мыздың даналығы болып табылады. Өткен замандарда
жасаған серілер мен ақылмандарымыз бізге қалдырған ой-парасат
мирасы даңғыл жол сияқты екен. Біз бұрынғылардың ақыл-кеңесіне
құлақ тоссақ, адаспай — абыржымай, жаңылмай, жаза баспай, арман-
тілегімізге неғұрлым тезірек жетуімізге жол табылады.
Б.Момышұлының шығармалары бізді ізгілікке, имандылыққа, адам-
гершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа 
тәрбиелейді. Жалпы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісінде 
Бауыржан Момышұлы мұрасындағы партиотизмнің ғылыми құндылығы 
мен тәрбиелік мәні жоғары асыл мұра екеніне көзім жетті. 
Менің ойымша, Б.Момышұлының патриоттық шығармалары арқылы 
жас ұрпақтың отансүйгіштік санасын, ұлттық сезімін, отансүйгіштік ой-
өрісін көтеру үшін әр қырынан зерттеу болашақтың еншісінде.
«Дұрыс қанаттанған түзу ұшады» деген халқымыз тәрбиенің түпкі
мақсатын, жемісін меңзеп отыр.
«Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды» деп келеді халқымыздың бір
даналығы. Олар адам баласының қарым-қатынас, әдет-ғұрып, салт-сана 
тәлім-тәрбиесі, бір сөзбен айтқанда, тұтас адамгершілік қағидалардың
дастаны тәрізді. Оларды сусындап оқысақ, өмірде ұшырасатын 
оқиғалардың бәріне де лайықты жауап табамыз.
Бауыржан Момышұлы – бүгінгі жастарға үлгі боларлық, бойында 
қазақы намыс ойнаған ерекше тұлға. Қасиетті есімі ұлт мақтанышына 
айналып отыр. Асқақ рух пен елдіктің айбынындай болған Бауыржан 


34 
Момышұлының батыр тұлғасы, қайсар мінезі, от ауызды, орақ тілді 
бейнесі мен айнымас қасиеттері халқымызбен мәңгі бірге жасап келеді.[6] 
Дана халқымызда «Ерлік – ерімен биік» деген сөз бар. Батыр 
Бауыржанның бойындағы айрықша дарындылық пен адалдық, әділдік пен 
шыншылдық қасиеттері көптің көңілінде, ұрпағының мәңгі есінде. Жаңа 
әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті болашақ ұрпағын 
тәрбиелеуде, Б.Момышұлының шығармалары ұлттық рух пен алып күш 
беретін құрал болып қала береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет