2. Нормативтік сілтемелер
Әдістемелік ұсынымда мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалған:
2.1 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы.
2.2 Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 30 қазандағы №604 МЖМББС. «Магистратура». Негізгі ережелер.
3. Терминдер, анықтаулар мен қысқартулар
Әдістемелік ұсынымда терминдер мен анықтаулар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 30 қазандағы №604 МЖМББС сәйкес қолданылады.
Терминдер мен анықтаулар
Магистратура - білім беру бағдарламалары мамандық бойынша «магистр» ғылыми дәрежесін берумен мамандарды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім; ғылыми-педагогикалық бағытта нормативті оқу мерзімі 2 жыл және теориялық оқудың кемінде 42 кредиті, тәжірибеден кемінде 6 кредит және ғылыми-зерттеу жұмысының 7 кредиті болуы міндетті; мамандандырылған салада кемінде 1 жыл оқу және теориялық оқудың кемінде 18 кредиті, тәжірибеден кемінде 2 кредит және тәжірибелік-зерттеу жұмысынан кемінде 4 кредит міндетті түрде игеру;
Магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;
Магистрлік диссертация – ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті проблеманың теориялық және/немесе практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын, ғылым мен техниканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген бітіру жұмысы;
Магистрлік жоба – таңдалған мамандықтың өзекті мәселесінің қолданбалы мәселесін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және/немесе эксперименттік нәтижелерден тұратын бейінді магистратура магистрантының қорытынды біліктілік жұмысы.
3.2 Қысқартулар
МАК – мемлекеттік аттестаттау комиссиясы;
ҚР ЖООКББМЖМС – Қазақстан еспубликасының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
ҚР БжҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
ҚМА – Қорытынды мемлекеттік аттестаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |