Қарағанды облысы білім басқармасы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы


ІV.Мектепішілік есепке қою негіздері



Pdf көрінісі
бет23/66
Дата06.02.2024
өлшемі1.3 Mb.
#490966
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
қиын баламен әдістемелік

ІV.Мектепішілік есепке қою негіздері 
Мектепішілік есепке қоюға негіз болып табылады: 
-сабаққа қатыспау немесе жүйелі түрде себепсіз сабақты босататындар (5-7 
күн); 
-қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар: қаңғыбастылық, бақылаусыздық, 
қадағалаусыздық, қайыр сұрау; 
-психоактивті заттарды, есірткі құралдарын пайдалану, спирттік ішімдіктерді 
қолдану, темекі шегу; 
-бейресми бірлестіктерге, қоғамқа қарсы бағыттағы ұйымдарға қатысу, 
деструктивті діни ұйымдарға бару; 
-әкімшілік құқық бұзушылық; 
-мектептің ішкі тәртіп Ережесін жүйелі бұзу (үнемі үй тапсырмасын 
орындамау, сабақта жұмыс істеуден бас тарту, оқу құралдарының, дәптер, 


28 
кітаптарының болмауы, сабақтағы тәртіпсіздік, тӛбелес, дӛрекілік кӛрсету, 
әдепсіз сӛздер айту және т.б.); 
-кәмелетке толмаған ІІБ есепте тұрған жағдайда.  
 
V. Мектепішілік есептен шығару негіздері 
5.1.Жасӛспірімнің тәртібінің түзелуі, жасӛспірімде бірнеше уақытқа созылған 
(кем дегенде 3 ай) жағымды ӛзгерістердің болуы, ӛмір жағдайының 
жақсаруы. Сонымен бірге жасӛспірім келесі себептермен есептен 
шығарылады: 
-оқу орнының ауысуы, мектептен шығу немесе мектепті аяқтау; 
-тұрғылықты жерінің ауысуы; 
-басқа да объективті себептер.
5.2. ІІБ-нен түзелуіне байланысты жағымды мінездемесімен жасӛспірімді 
Ішкі істер бӛлімінен есептен шығарғандығы туралы ақпарат келгенде (ІІБ 
жасӛспірім есепте 1 жылға дейін тұратындығын ескеру қажет, 1 жылдан 
кейін мерзімінің ӛтуіне байланысты есептен шығарылады) 

VІ. Жеке алдын алу жҧмысын жҥргізу реті 
Жасӛспірімге қатысты жеке алдын алу жұмыстары кәмелетке толмаған 
адамға әлеуметтік және басқа да кӛмекті кӛрсету қажеттілігі болған мерзімде 
жүргізіледі немесе қаңғыбастылыққа, қараусыздыққа, құқық бұзушылыққа, 
қоғамға қарсы әрекеттерге жасӛспірімнің баруына себеп болған себептерді, 
шарттарды жойғанға дейін жүргізіледі. 
Сынып жетекшісі әлеуметтік педагогпен, педагог-психологпен бірлесіп 
осы жасӛспіріммен жүргізілетін жеке алдын алу жоспарын құрады. 
Оқушыға жеке зерттеу және бақылау есеп карточкасы ашылады. 
Карточканы әлеуметтік педагог, педагог-психолог және сынып жетекшісі 
ӛзара бірлесіп жүргізеді, қажет болған жағдайда осы топтағы 
жасӛспірімдерді тәрбиелеу жұмысына қатысы бар ӛзге де қызметкерлерді де
осы оқушымен жұмысқа тарта алады.
Сынып жетекшісі жасӛспірімнің сабақ уақытындағы, сыныптан тыс 
кездегі қызметін бақылап отырады, алдына алу жұмыстарын жүргізеді. 
Сынып жетекшісі осы мектепішілік есепте тұрған оқушымен атқарылған 
жұмыстардың сараптамасын жасайды. 
Сынып жетекшісі жасӛспірімге қатысты бақылау жұмыстардың 
нәтижесін (сабақ босату, тәртіп бұзу) ата-анасына міндетті түрде жеткізіп 
отырады. 
Егер бірнеше рет сабақ босату, сабаққа дайындалмау жүйелі түрде үнемі 
қайталанатын болса ата-ана баласымен бірге құқық бұзушылық Кеңесі 
отырысына шақырылып, келесі сұрақтар қаралады: 


29 
-жасӛспірімді оқыту мен тәрбиелеуге байланысты ата-аналық міндеттерді 
орындамау; 
-кәмелетке толмағанның білім алудан бас тартуы (сабаққа келмеу, үй 
тапсырмасын орындамау, сабақ үстінде жұмыс істемеу). 
Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің мектеп әкімшілігінің 
алдында ӛтініш жасауға құқығы бар: 
-тоқсан бойы оқушымен жеке қосымша сабақтар ӛткізу кестесін құруға; 
-каникул уақытында оқушымен жеке қосымша сабақтар ӛткізу кестесін 
құруға; 
-пәндер бойынша орындауға тиісті тапсырмаларды тапсыру уақытын 
белгілеу және оның орындалысын қадағалауға; 
-ұзақ уақыт бойы емлеліп жатқан немесе аса қауіпті әлеуметттік жағдайда 
тұрған кәмелетке толмағандар үшін оқу жылы мерзімін немесе оқу тоқсанын 
аяқтау мерзімін ауыстыруға. 
Егер ата-аналар мектептің ұсынған кӛмегінен бас тартып, ӛздері баласының 
мәселесімен айналыспаса, мектеп әкімшілігі Кәмелетке толмағандар ісі және 
олардың құқығын қорғау комиссиясына ӛтініш жасау туралы шешім 
қабылдайды: 
-спирттік ішімдіктерді, есірткілік, психотроптық құралдарды пайдаланушы 
жасӛспірімдермен, әкімшілік жауапкершілікке тартылған немесе арнайы 
оқу-тәрбие орындарынан, жабық типтегі емдеу-тәрбиелеу орындарынан 
келген жасӛспірімдермен алдын алу жұмысын жүргізу туралы; 
-әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс ісі үшін жасӛспірімге қатысты 
материалдарды қарауға; 
-мектепішілік есепте тұрған жасӛспірімдерге қосымша білім беру сабақтарын 
ұйымдастыруға кӛмек сұрауға; 
- мектепішілік есепте тұрған жасӛспірімдерге жазғы демалыс пен бос 
уақытын қамтамасыз етуді ұйымдастыруға кӛмек сұрауға; 
-15 жасқа толған жасӛспірімдерді білім беру ұйымынан шығару ,оқытудың 
басқа түріне ауыстыру немесе басқа білім беру ұйымына ауыстыру туралы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет