Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Балқаш қаласының білім бөлімі»ММ



бет8/27
Дата31.01.2024
өлшемі341.26 Kb.
#490300
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Даму стратегиясы

Әлсіз жақтары: мектеп жаратылыстану бағыты бойынша жұмыс жасай отырып, математика, геометрия, физика пәндерінен сапалық көрсеткіштің төмен болуы.
Қорытынды: жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша оқытылатын пәндерге ерекше назар аудару қажет.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ


Білім беру ұйымында тәрбие үдерісін құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету:
Тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа ала отырып жұмыс жасады.
Тәрбие ісі меңгерушісінің педагогикалық шеберханасы сынып жетекшісінің анықтамалылығы журналы , басқа да тәрбие жұмысына қатысты оқулықтар мен әдістемелік құралдар, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілген.
Тәрбие жұмысының мазмұны, түрлері мен әдістері
Тәрбиенің мазмұны:
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады.Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет