Шағын жинақы мектептерді оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамсыздандыруға байланысты мәселелер сипаты:
оқушылар үшін заманауи оқулықтың және қосымша әдебиеттің жеткіліксіз болуы;
мұғалімнің өздігінен білім алу үшін әдістемелік құралдар мен материалдардың жетіспеушілігі;
көрнекі құралдардың жетіспеушілігі;
мектептің типтік ғимаратының жоқтығы;
мектеп ғимаратының ағындық және күрделі жөндеуден өту қиындығы;
мектептің жиһазбен, компьютерлермен және білім алудың басқа да замануи техникалық жабдықтарымен жеткіліксіз деңгейде қамтылуы;
шағын жинақы мектеп мұғалімдері үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың жоқ болуы.
3.3 Ауыл мектептерінің ақпараттық білім алу ортасының білім алу ресурстарын қолдану мәселелеріне байланысты шағын жинақы мектеп мәселелеріне айтарлықтай сандық алшақтыққа байланысты мәселелер:
Ақпарат алуда мүмкіндіктердің тең болмауы, дағдылардың, желілік қарым-қатынас тәжірибесінің жоқ болуы, үй ресурстарын қолдану есебінен оқу үрдісіне көмек ретінде ұйымда е-білім алу қиыншылығы;
Ашық пікірталастар үшін еркін ақпарат алмасу мен кеңістіктің болмауы, мұғалімдер арасында кәсіби қоғамдасудың жоқ болуы, ұжымның біліктілікті арттыруға өтінімдерінің дұрыс жасалмауы, мұғалімдердің кәсіби өсу келешегінің төмендеуі;
Мектепті нәтижесіз басқару, жеткіліксіз кері байланыс, оқушылар мен мұғалімдердің мектеп басқарылуына қосылмауы, жанжал және басқару күйзелісі болуының зор мүмкіндігі, мектепте кез келген түрлендіру жасау келешегінің төмендеуі.
Ата-аналармен кері байланыстың болмауы, ата-аналардың мектеп жұмысына бейтарап қатысуы, білім алудың заманауи мүмкіндіктерін білмеуі, баланың жоғары білім алуына келешегінің нашарлауы.
- Жеке-бағдарланған амалдар негізінде нәтижелі білім алу үшін жағдайлардың болмауы. Мұндай мектептерде бейінді оқыту мен бейінді оқуға дейінгі дайындықты ұйымдастыру өте қиын.
Шағын жинақы мектептердің аталған мәселелері жедел және жүйелі шешімді талап етеді. «Казахстан - 2050» Стратегиясы, Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беоу жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу. Қазақстан Республикасының Президентімен 30 неғұрлым дамыған, бәсекелес елдердің қатарына қосылу туралы міндет қойылған. Осы мақсатқа жетуде білім беру жүйесін жетілдіру маңызды рөл атқарады. Бұл мәселелерді шешудің мүмкін жолдары 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беру бағдарламасында ұсынылған. Жалпы білім беру мазмұнын құрамдас бөліктері ғылым, өнер, дін, философия, мораль, құқық, саясат, технология болып табылатын мәдениет негіздері құрайды. Осы тұрғыда жалпы білім беруді ғылыми, гуманитарлық және технологиялық деп қарастырған жөн. Жалпы білім беру көздері мектептік білім, қосымша білім, өздігінен білім алу, әлеуметтік-шығармашылық жұмыс тәжірибесі болып табылады. Білім берудің негізгі нәтижесі оқушылардың білім алуда,астарында қиын және маңыздылығы зор мәселелерді шешу ұғымы жатқан нақты бір деңгейге қол жеткізулері.
Достарыңызбен бөлісу: |