Керексіз сұлулық
Бұғы шөлдеген соң, бұлаққа еңкейіп, су ішіп жатып, өзінің әсем мүйізін көріп шаттанады. Сөйтіп денесінің басқа мүшелеріне көз салады. Бұғыға аяқтары келісімсіз, жіңішке, әрі арық сияқты көрінеді.
Сөйтіп тұрғанда арыстан шыға келіп, бұғыны қуа жөнелді. Бұғыны арыстаннан жаңа ғана өзі жақтырмай тұрған аяқтары құтқарып қалады. Солардың арқасында арыстаннан қашып құтылады.
Бірақ орманда бұғының мүйізі әр бұтаққа бір оратылып, кібіртіктей бастайды. Сол кезде арыстан оны ұстап алады.
Сонда бұғы: «Менің көркім менің сорым болды, онша жақтырмаған әлсіз санаған аяғым мені құтқарғандай мықты екен. Дұрыс бағалауды білмеген екенмін» депті.
1.Мәтіннің негізгі ойы : сыртқы сұлулық алдамшы
2. Бұғының су ішкен жері. : бұлақ
3. Бұғының арыстанға ұсталып қалу себебі: мүйізі бұтаққа ілініп қалды
4. Бұғыны арыстаннан құтқаратын мүшесі: аяғы
Көмек
Қарлығаштар жылы жақтан келіп, ауылда ұя сала бастайды. Достарының көмегіне риза болған Ақтамақ. Ақтамақ қарлығаштың мойны салбырап, жүні үрпиіп, үй іргесінде бүрісіп отыр екен.
- Сен неге бүрісіп отырсың?-деп сұрайды көршісі.
- Алыстан ұшып келе жатқанда бұршақ жауды.Суық тисе керек, бойым дел -сал, сүйегім сырқырайды,-деп Ақтамақ қарлығаш мұңайды.
- Сен мұңайма, біз барда панасыз, ұясыз қалмассың...
Әлгі көршісі шиқылдап, дыбыс беріп, айналадағы қарлығаштарды жинап, Ақтамақтың ауырып қалғанын айтады. Бәрі қауымдасып, бір жаққа ұшып кетеді.
Ақтамақ жатқан үйдің құмдағына бірі жүн-жұрқа, бірі саз балшық, біреулері жіптей жіңішке шөпшек әкеледі. Біреуі бұйрық бергендей, дамыл таппай, қайта –қайта қатынайды. Ә, дегенше Ақтамақтың ұясы әзір болады.
- Сыз ұяға жатып қалсаң, тағы да суық тиер,-деп,бір-екеуі түлеп түскен мамықтарын береді.
- «Көп түкірсе-көл» деген осы екен ғой,- деп жылы оранып, ұясына жата кетеді.
1.Көрші қарлығаштың дыбыс беріп, айналасындағыларға не айтқанын анықтаңыз.: Ақатамақтың ауырып қалғанын айтты.
2.Ақтамақтың мойны салбырап, жүні үрпиіп, бүрісіп отыру себебін анықтаңыз.: суық тиіп, бойы дел-сал болып, сүйегі сырқырағандықтан.
3.Теңеу сөз қолданылған сөйлемді анықтаңыз: Ақтамақ жатқан үйдің құмдағына біреуі жүн жұрқа, бірі саз балшық, біреулері жіптіктей жіңішке шөпшек әкеледі
4.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.: тату болып, өзара көмек беру керек
« Сауысқанның ұясы»
Ертеде аспандағы құстар құсқа тән өнердің қыр сырын енді ғана меңгере бастаған шақта, ала қанат сауысқан өзін аса білгір санапты. Бірақ оның білетіні тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз. Көктем келіп, құстар ұя салу қамына кіріседі. Сауысқанда жұрттан қалмай іске кірісейін десе, құрылысты неден бастарын білмей дал болады. «Құс екендерің рас болса, ұя салуды маған да үйретіңдер» деп қолқа салады. Құстардың бірі шөп - шалам әкеп, біреуі бұтақ тасып, сауысқанға ұя салуды үйрете бастайды.
Үлкен құстар Құтан, Қарға, Қырғи бір- бір бұтақшадан алып келеді. Ал сауысқан тұмсығын көтеріп, құйрығын қайқаңдатып «осы ғана ма! Мұны мен сендерсіз-ақ білемін» деп әрі бері секеңдеумен болады.
Көмекке Шымшық, Бозторғай, Қарлыған сияқты кішкентай құстар келеді. Олардың кейбірі қабырғаны жүн жұрқамен бекіте алса, кейбіреуі балшықпен сылақ сылауды жақсы білетін, енді біреуі еденге мамық төсеудің шебері еді. Бірақ мамық төсеушілердің өнеріне кезек тимей қалды. Бір үлкен құс бұтақшаны тұмсығымен тістеп, ұшып келе жатса, сауысқан тағы баяғы әніне салады;
Осы ғана ма? Мұны мен сенсіз де білемін! Сонша мақтаншақ сауысқаннан мезі болған құстар: Солай ма, Сауысқан мырза ! Сен бізсіз - ақ бәрін біледі екенсің. Олай болса, мына құрылысты өзің жалғастыра ғой, - деп жөндеріне кетті.
5. Сауысқанға не қажет болды?: ұя
6. Мәтіндегі негізгі кейіпкер.: Сауысқан
7. Сауысқанның құстардан сұрағаны.: ұя салып беруді
8. Мәтіннің жанрын белгіле.: ертегі
9. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал.: білгенің-бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз
10. Кішкентай құстардың қолынан келетіні.: сылақ сылау, мамық төсеу
Достарыңызбен бөлісу: |