Аралар қалай бірікті?



бет2/13
Дата15.03.2024
өлшемі50.6 Kb.
#495749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
МОДО Оқу сауаттылығы

"Әке мен бала" (әңгіме)
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
— Анау тағаны, балам, ала жүр, — деді.
Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бір талай шие сатып алды.
Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің.


Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.

1. Әкесі баласынан өтінгені.: ескі тағаны ала жүруді


2.Мәтінге сәйкес келетін мақал.: еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей
3. Әкесі шиені қайта-қайта тастау арқылы үйретті.: еңбектенуге
«Әйнек адам»
Бір баланың титімдей досы – Әйнек адамы болыпты. Өзі мөп-мөлдір. Бір ғажабы: Әйнек адам досының не ойлағанын біліп қояды. Бала анасының тілін алмай, сыртқа ойнауға шыққалы жатса - әйнек адам сәл-пәл күңгірт тартып:
- Олай етуге болмайды. Әуелі ісіңді тындыр. Сосын ойнауға шық, -дейді. Бала ұялып қалады. Дереу жұмысқа кіріседі. Жұмысын бітірген соң ғана сыртқа шығады. Әйнек адамға қараса, түнеріп кетіпті.
- Кімге жамандық жасап қойдым?-деп сұрады бала.
- Ешкімге жамандық жасаған жоқсың. Тек досыңды ұмытқаның болмаса... Бала ұялып кетті. Дереу досының үйіне келді. Оған бір шоқ гүл , алма ала барды.
Сөйтіп Әйнек адам баланы жақсы өсуге үйретті.

1.Әйнек адамның ғажап қабілеті.: Не ойлағанын біледі.


2. Бала анасының тілін алмаған кездегі әйнек адамда болатын өзгеріс.: күңгірт тартады
3. Әйнек адамның баланы баулитын қасиеті. : адамгершілікке
4. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал. : әдепті бала - арлы бала
Бірлік
  Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар боп қалыпты. Ол тамағын ішті, аздап демалды да аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Қорапқа қарды салып, оны алысқа апарып төкті. Бірақ қар таусылар емес.
- Данияр! Кел, мен саған көмектесейін, - деді көрші үйдегі досы Нариман. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты. 
- Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық,жарай ма? 
- Жарайды, - деді Данияр қуанып. 
Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көмекке көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап- күліп жүріп, қызу еңбекке кірісті. Олардың бұл істеріне үлкендер сүйсіне, қызыға қарайды.
- Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! – деп айқайлады балалар. Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде- ақ қардан тазалап шықты.
Мұның аты – бірлік еді. 
1.Даниярдың іс-әрекетінің реті.: аулаға шықты, шанасын алды, қорапты бекітті, қар тазалады.
2.Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал: «Байлық - байлық емес, бірлік байлық" н/е Біріккен бітіреді, ұйымдасқан ұтады.
3. Мәтіндегі басты кейіпкер.: Данияр
4. Қар шығаруға бірінші болып көмекке келген досы.: Нариман
5. Нариман мен Даниярға көмектесуге кімдер келді? Берік пен Серік Бірлік




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет