++++++++++++++++++++
Асан мен Қасен дос болыпты. Қасен жұтқа ұшырап, Асанмен қоштасуға келеді. Асан жерінің жартысын береді. Тұқым салып жүріп, Қасен алтын тауып алады. Асаннан сүйінші сұрайды, бірақ өзі алтынды алмайды. Бұл екеуі ұзақ таласады. Олардың балалары да алтынды алудан бас тартады.
«Енді алтынды кім алу керек?» деген талас қайта басталады. Олар қарияның алдына жүгінеді. Қария төрт шәкіртіне бұл сұрақтың жауабын айтсын,-дейді. Қария алтынды кенже шәкіртіне беріп, айтқан бағыңды өсір,-дейді. Жігіт базарға барады. Базарда торға қиналған құстарды көреді. Құстарды сатып алып, тордан босатады. Құстардың көкке самғағанына жігіт қуанады. Алтындарын жұмсағанына өкінеді. Қайғысы үдеп құлап қалады. Сол кезде түс көреді. Түсінде бір бұлбұл ұшып келіп көкірегіне қонады. Құс әсем әуенімен:
Уа, кеңпейіл жігіт! Сен қайғырма. Құстар жақсылығыңды ұмытпайды. Ұйқыңнан оян деп ұшып кетеді. Жігіт оянса көп құстар аяғымен жерді шұқып, тұмсығындағы әнді салып, қанаттарымен топырақты сыпырып көміп жүр екен. Жігіт жанжағына қараса, алма ағаштары жеміс беріпті. Ал адамдар бұл бақтан өздерінің нәсіптерін тауыпты.
Қасеннің Асанға келу себебі.: қоштасуға
Құстардың жасаған жақсылығы.: ғажайып бақ өсіріп берді
Екі кітап
Бірде жолға шыққан жолаушы екі кітап тауып алды. Бірінші кітаптың қалыңдығы екі қарыс. Екінші кітап сіріңкедей ғана кішкене, әрі жұқа. Ол кітаптарды алып, данышпан қарияға келеді. Қария екі кітапты таразыға салып өлшейді. Жұқа кітаптың салмағы басым түседі.
Қария басын шайқайды да:
- Сені жазған кім, үлкен кітап? ,-деп сұрайды.
- Мені мылжыңбай деген біреу жазды. Отырды да, ойына келгенін жаза берді,- деп қалың кітап жауап берді.
- Ал сені кім жазды, кішкене кітап?
- Мені ғұлама білгір жазды. Ол көп жыл еңбек етіп, сөз асылын ғана жатқа түсірді, -деді.
- Міне, енді ұқтың ба?,-деді қария жолаушыға .
- Мына кітапта ақылдының асыл сөзі ғана бар. Ал мына кітаптың іші толған бос сөз.
Сондықтан жеп - жеңіл. Мағынасыз сөзде не салмақ болсын!
1. «Екі қарыс» дегеннің мағынасы: қалыңдық өлшемі
2. Мәтіндегі қарияның бірінші әрекеті.: кітаптарды өлшейді
Жәрдемші.
Кеш кіріп, ауыл маңы абыр-сабыр бола бастаған шақ. Жазғы демалысын жайлауда өткізгелі келген Бекен нағашы ағасына қолғабыс етпек болып, өрістен қайтқан малға қарсы жүрді. Қозы-лақтарды қайырып, еңіске қарай айдады. «Әліппеден» суретін ғана көрген олармен бұл тұңғыш бетпе-бет келуі еді. Тобымен асыр салған жас төлдер қайыру бермей әлекке салды.
-Әне, кетті! -деді нағашы ағасы жан дауысы шығап.
Нұсқаған жаққа қараса, анадай жерде бір қошқар кетіп барады екен, тұра ұмтылды. Жүгіріп барып, жолын бөгеді де, «әй, қошқар, қайт артыңа... қайт» деп қолын ербеңдетті. Анау қайтар емес, керісінше тап беретіндей жақындай түсті. Аяғымен жер тарпып, айбат шегіп қояды. Қасарысып тұрған пәлекеттен сескеніп қалған бала енді көмекке нағашы ағасын шақырды. Іле-шала жетіп келген нағашы ағасы:
-Әй , қайдағы қошқар... мынау теке ғой... лақ теке, -деді мәз болып.
Қайдан білсін. Алакөздене қарап, өзін баласына, міз бақпай бағып тұрған бүртік мүйіз пәледен қаймыққанда, сасқаннан «қошқар» дей салған. Жаңсақ кеткенін енді біліп, ыңғайсызданып қалды. Соны байқап қалған нағашы ағасы артынша:
-Жарайсың , жиен! Сен болмағанда , бұл пәлені қайтара аларма едік? Адымын аштырмадың,-деді «ренжіме» дегендей жақындап келіп.
-Жарайсың! Сен өте жүйрік екенсің.
Достарыңызбен бөлісу: |