Қаралды «kegoc» АҚ Басқармасының



бет2/7
Дата01.07.2016
өлшемі3.7 Mb.
#170035
1   2   3   4   5   6   7

1  Қолданылу аясы

1.1 «KEGOC» АҚ-ның экологиялық менеджмент жүйесі жөніндегі осы басшылық (бұдан әрі – Басшылық) экологиялық менеджмент жүйесін (одан әрі – ЭМЖ) «KEGOC» АҚ біріктірілген сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық сақтау және ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің (бұдан әрі – БМЖ) шеңберінде сипаттайды.

1.2 «KEGOC» АҚ ЭМЖ және осы Басшылықтың қолданылу аясы: жүйелік оператордың электр энергетикасы саласындағы мына функцияларын атқару: электр энергиясы көтерме сауда нырығының субъектілерін электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізу, техникалық диспетчерлеу және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызметтер көрсету.

1.3 «KEGOC» АҚ ЭМЖ және осы Басшылықтың таратылу аясы:



  • Атқарушы дирекция (бұдан әрі – АД) (ұйымдық құрылым 1 Б СМЖ 00-500-07);

  • «KEGOC» АҚ-ның «Жүйеаралық электр тораптары» филиалы (одан әрі – ЖЭТ филиалдары);

  • «KEGOC» АҚ-ның «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» (бұдан әрі – ЖО ҰДО) филиалы;

  • «Энергоинформ» АҚ («Энергоинформ» АҚ-ның Оқу орталығынан басқа).

1.4 Осы Басшылыққа басқа менеджмент жүйелерінің қырларына талаптар кірмеген, бірақ та талаптар бірлескен ISO 9001, OHSAS 18001 және ISO/IEC 27001 талаптарын біріктіруге пайдаланылған.

1.5 Осы Басшылықты басқару СТ KEGOC 00-101-10 стандартына сәйкес жүзеге асырылады.



2  Нормативтік сілтемелер

Осы Басшылықта Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ;

«Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;

ISO 9000:2005 Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік;

ISO 9001:2008 Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар;

ISO 14001:2004 Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық;

OHSAS 18001:2007 Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджментінің жүйелері. Талаптар;

ISO/IEC 27001:2013 Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздік әдістері. Ақпараттық қауіпсіздік менеджментінің жүйелері. Талаптар;

Ақпараттық саясат;

Р СМК KEGOC 00-500-07 Сапа менеджментінің жүйесі жөніндегі басшылық;

СТ KEGOC 00-101-10 Ұйым стандарты. БМЖ құжаттамасын басқару;

СТ КEGOC 00-102-13-БӨ Ұйым стандарты. Ұйымдық құжаттаманы басқару;

СТ KEGOC 00-103-07 Ұйым стандарты.. Жазбаларды басқару;


    СТ КEGOC 00-201-07 Ұйым стандарты. Деректерді жинау және басшылық тарапынан талдау;

    СТ KEGOC 00-302-09 Ұйым стандарты. Жұмыскерлерді кәсіби оқыту мен кәсіби дамытуды ұйымдастыру;



СТ KEGOC 00-401-12-БӨ Ұйым стандарты. Біріктірілген сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау менеджмент жүйесінің ішкі аудиті;

СТ KEGOC 00-403-12-БӨ Ұйым стандарты. Түзетуші және ескертуші іс-қимылдар;

СТ KEGOC 00-506-08 Ұйым стандарты. Ішкі хабардарлық;

СТ KEGOC 00-601-11 Ұйым стандарты. Экологиялық менеджмент жүйесін жоспарлауды басқару;

СТ KEGOC 00-602-11 Ұйым стандарты. Өндіріс қалдықтары мен тұтынуды ұйымдастыру;

СТ KEGOC 00-702-07 Ұйым стандарты. Авариялық жағдаяттарға әзірлік және үн қату;



    Қ КEGOC 00-106-12-Қ Қағидалар. «KEGOC» АҚ-да құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

Н KEGOC 00-501-08 Нұсқаулық. Сыртқы хабардарлық .

Е КEGOC 00-302-07 Біріктірілген менеджмент жүйесі жөніндегі басшылық өкілі туралы ереже.

Н KEGOC 00-312-12 «KEGOC» АҚ-ның веб-сайты туралы ереже;
3 Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар
Осы Басшылықта Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, ISO 9001, ISO 14001 стандарттарына сәйкес терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер тиісті анықтамалармен бірге қолданылады:

3.1 Тұрақты жақсарту: «KEGOC» АҚ-ның экологиялық саясатымен келісімді ортақ экологиялы көрсеткіштерді жақсарту мақсатында экологиялық менеджмент жүйесін жетілдірудің қайталанатын процесі.

3.2 Қоршаған орта: «KEGOC» АҚ-ның ауаны, суды, жерді, табиғи ресурстарды, жан-жануарларды, өсімдіктерді, адамдарды, сондай-ақ олардың өзара байланыстарын қоса отырғандағы жұмыс істейтін ортасы (айналасы).

3.3 Қоршаған ортаға ықпал: «KEGOC» АҚ-ның экологиялық қырларымен толық немесе ішінара туындаған қоршаған ортадағы кез келген (қолайсыз не қолайлы) өзгеріс.

3.4 Жазбалар: Қол жеткізілген нәтижелерді баяндайтын немесе атқарылған қызмет куәліктерн көрсететін құжат.

3.5 Экологиялық менеджмент жүйесі: Ұйымның экологиялық саясатын әзірлеу және іске асыру мен оның экологиялық қырларының менеджмент жүйесін жүзеге асыру үшін пайдаланатын ұйым менеджменті жүйесінің бөлігі.


1-ЕСКЕРТУ Менеджмент жүйесі саясат пен мақсаттарды және осы мақсаттарға қол жеткізуді белгілеуді пайдаланатын өзара байланысты элементтердің жиынтығы болып табылады.

2-ЕСКЕРТУ Менеджмент жүйесі ұйымдық құрылымды, жоспарлау жөніндегі қызметті, таратылған жауапкершілікті, қалыптасқан іс-тәжірибені, рәсімдерді, процестер мен ресурстарды қамтиды.
3.6 Экологиялық саясат: «KEGOC» АҚ-ның жоғары басшылық ресми білдірген экологиялық көрсеткіштерге қатынасы бойынша ортақ көздеулері мен тәртіп сызығы.

Ескерту - Экологиялық саясат ары қарайға іс-қимылдар, сондай-ақ экологиялық мақсаттар мен экологиялық міндеттерді қою үшін негіз жасайды.

3.7 Экологиялық қыры: Қоршаған ортамен ықпалдаса алатын «KEGOC» АҚ қызметінің немесе оның қызмет көрсетулерінің яки оның өнімінің элементі (құрамдас бөлігі).
ЕСКЕРТУ Қоршаған ортаға айтарлықтай экологиялық қырын танытады немесе едәуір ықпал ете алады.
3.8 Экологиялық мақсат (Мақсаттық экологиялық көрсеткіш): «KEGOC» АҚ өзінің алдына қолы жете алатындай, экологиялық саясатымен келісімді қоршаған ортамен байланысты ортақ мақсат.

3.9 Экологиялық міндет (Жоспарлы экологиялық көрсеткіш): Ұйымға немесе оның бөліктеріне қатысты тәптіштелген талап, ол экологиялық мақсаттардан шығады және осы мақсаттарға қол жеткізу үшін оны белгілеу және орындау қажет.

3.10 Ластанудың алдын алу: Ластаушылардың немесе кез келген тұрпаттағы қалдықтардың түзілуінен, шығыралымынан (эмиссиясынан) немесе лақтырымынан қашу үшін процестерді, іс-тәжірибені, әдістерді, материалдарды, өнімді, қызмет көрсетулерді немесе энергияны пайдалану, осындай түзілімді, шығарылымды немесе лақтырымды азайту яки қоршаған ортаға қолайсыз ықпалды кеміту мақсатында ластаушылардың немесе кез келген тұрпаттағы қалдықтардың түзілуін, шығыралымын немесе лақтырымын басқару.
ЕСКЕРТУ Ластанудың алдын алу қуаттың кемуін немесе ластану көзін жоюды, процестердің, өнімнің немесе қызмет көрсетулердің өзгерісін, сондай-ақ материалдар мен энергия көздерін алмастыруды, қайталай пайдалануды, қалпына келтіруді, рециклингіні, кәдеге жаратуды және өңдеуді қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет