Аралық бақылау2 Асфикциямен шартталған олигофренияға сипаттама


Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері



бет5/22
Дата19.05.2022
өлшемі110.48 Kb.
#457426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
4. Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері.
Кемақыл баланы арнайы оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті, арнайы мектептерде мектептегі оқуға дайындау, көңіл-күй, ақыл-ой, физикалық даму деңгейінің барынша көп ықтималдығын қамтамасыз ету болып табылады. Мектептегі оқуға дайындық әр баланың жеке мүмкіндігін есепке ала отырып өтуі керек.
Халыққа білім беру жүйесінде балалар тәулік бойы болатын арнайы балабақшалар, сондай-ақ арнайы балалар үйі бар. Бұл мектепке дейінгі мекемелерге «дебильдік дәрежесінің қиын емес түріндегі олигофрения» диагнозы бар балалар қабылданады. Эписиндром, балалар сал ауруы (БЦП), анық көрініп тұрған психопатоұқсастық тәртіппен, қояншықпен халыққа білім беру жүйесіндегі мектепке дейінгі мекемелерге қабылданбайды. Бұл мекемелерге сонымен қатар психикалық дамуының тежелуі бар және «имбецильді дәрежедегі олигофрения» диагнозы қойылған балалар қабылданбайды.
8 жастан асқан балаларға баруға рұқсат жоқ.
«Имбецильді дәрежедегі олигофрения» диагнозы бар балалар әлеуметтік қамтамасыздандыру Министрлігінің мекемелерінде тәрбиеленеді.

3.Олигофренияның патомофологиясы дегеніміз не? Олигофрения (грек. olіgos – аз және phren – ақыл) – ақыл-ойдың кемдігі; іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған психиканың әр түрлі формалары. Аурудың пайда болуына әр түрлі себептер: тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар; кейбір заттардың, мыс, амин қышқылдарының (фенилкетонурия), көмірсулардың (галактоземия) т.б. алмасу процесінің бұзылуынан болатын аурулар; жатырдағы ұрыққа не іштегі нәрестеге зақым келуі (ана бойындағы вирусты инфекция, токсоплазмоз, мерез) не сәбидің 3 жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы, бас сүйек-ми зақымы, т.б.) әсер етеді. Олигофренияның ең негізгі белгісі адамның танымдық әрекетінің, атап айтқанда, ойлау және сол ойды қорыту қабілетінің нашар дамуымен сипатталады. Сондай-ақ олигофрения кезінде адамның есі, назар аударуы, сөйлеуі, т.б. психика әрекеттерінде тежелу байқалады. Науқастардың көпшілігінде сезім органдарында, қимыл-қозғалысында, тіпті жекелеген мүшелерінде де ауытқулар (бойының өспеуі, дене бітімінің диспропорциясы, т.б.) болады. Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай олигофрения: идиотиялық олигофрения, имбециалдық олигофрения және дебильдік олигофрения деп бөлінеді.Идиотиялық олигофрения (грек. іdіoteіa – надан) – олигофренияның ауыр түрі; ақыл-ойдың мүлдем дамымауы. Бұл жағдайда ойлау, сөйлеу қабілеті дамымайды; науқас міңгірлеген дыбыстар ғана шығарады, оларға айтылған сөздің мағынасын түсінбейді. Имбециалдық (лат. іmbecіllus – ақыл-ойы әлсіз) олигофрения – олигофренияның орташа түрі; алдыңғы жағдаймен салыстырғанда, науқас қарапайым сөздерді анық айтып, аздап санай да біледі. Дебильдік (лат. debіlіs – әлсіз) олигофрения – олигофренияның әлсіз түрі; орташа түріне қарағанда науқастың сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз қоры аз, көбіне жаттап алған сөздерін айтады. Олигофрениямен ауырған науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға психикалық ой-өрісінің дамуына себепші болатын емдік шаралар жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет