Арастарды тарихи талдау



бет3/10
Дата13.09.2023
өлшемі129.28 Kb.
#477405
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мыханова ПЕРЕПЛЕТ

Зерттеу тақырыбы: Г.Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және
рухани көзқарастарды тарихи талдау
Зерттеу пәні: Г.Н. Потанин және қазақ зиялыларының өзара ықпалын
көрсете отырып олардың саяси және рухани көзқарастарына тарихи
маңыздылығың көрсету.
Зерттелу дәрежесі: Г.Н. Потаниннің еңбектерімен таныса отырып, Азияны зерттеуші басқа да саяхатшылармен, қызметтес болған замандастарын кездестіреміз. ХІХ ғ. екінші жартысында географиялық ашылымдар тарихында, ішкі Азияны зерттеуде орыстың үш саяхатшысы - Г.Н. Потанин, Н.М. Пржевальский мен М.В. Певцов ерекше орын алады. Осы үш саяхатшының алдында Азия құрлығына көптеген еуропалықтар да VІІ ғ. бастап ақ саяхат жасаған болатын. Алайда енді осы үлкен құрлық туралы ғылыми зерттеулер бұған дейінгі 50 жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп жетістіктерге жетті. Осы үш саяхатшы ішкі Азиядағы жаңаша ғылыми зерттеулердің алғашқы көшбасшылары болып табылады.
Оларға дейін біз Монғолия, Жоңғар, Шығыс Түркістан және Тибет туралы өте аз білетінбіз, ал білген нәрселеріміз аңызға, мифке негізделген болатын. Мысалы: Шығыс Тянь- Шаньдағы вулкандар туралы, Жоңғардағы Уйбэ үңгірі, Тұрфан тауы туралы түсініктеріміз бұлыңғыр еді. Батыс еуропалықтардың Азия туралы жазғандарында қателіктер көп. Ішкі Азия туралы нақты шынайы ғылыми деректер Г.Н. Потанин [1], Н.М. Пржевальский [2] мен М.В. Певцовтан [3] бастау алады. Олардың үшеуі де Жоңғар, Монғолия, Қытай мен Тибетте болған. Егерде, біз олардың жүріп өткен маршруттарын бір картаға қойып салыстырып көрсек, онда біз ішкі Азияның әр территориясынан, әр жерлерге шашырап тармақталып кеткен іздерін көре аламыз. Демек, олар көптеген бұрын көпшілікке беймәлім жерлерге саяхат жасаған. Олардың деректері бір-бірін толықтырып отырды.
Солтүстік Монғолия мен Ордосты, Шығыс Тибетті зерттеуде Ш.
Уалихановтың да үлесі көп болды [4]. Г.Н. Потанин [1] де, Н.М. Пржевальский [2] де Жоңғария туралы көп мәлімет жинады. Н.М. Пржевальский [2] Ордос, М.В. Певцов [3] солтүстік Тибет жөнінде көп мағлұматтар береді. Н.М. Пржевальский мен М.В. Певцовқа қарағанда этнография жағынан Г.Н. Потаниннің сіңірген еңбегі көп болды. Олар ішкі Азияның табиғаты мен тұрғындары жайлы құнды деректер жинады, география мен этнографиядан ғана емес, сонымен қатар геология мен зоологиядан, ботаникадан, археология саласынан да мәліметтері көп еді. Олардың еңбектері әр түрлі болып жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет