Арастарды тарихи талдау


Зерттеу нәтижелері жалпы ұсынылған ғылыми болжамдарды қолдайды және келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді



бет9/10
Дата13.09.2023
өлшемі129.28 Kb.
#477405
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мыханова ПЕРЕПЛЕТ

Зерттеу нәтижелері жалпы ұсынылған ғылыми болжамдарды қолдайды және келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
- Григорий Потаниннің демократиялық көзқарастары Омбыда оқу орнының қабырғасында оқып жүргенде қалыптасты. Оған орыс және шетел интеллигенциясының алдыңғы қатардағы идеялары ықпалын тигізді;
- Ұлы ғалым, орыс халқының лайықты ұлы, Ресей империясының барлық езілген халықтарының қорғаны ұрпақтарының жадында мәңгіге қалды. Ол Қазақстанның тарихы, этнографиясы, географиясы және табиғатының аса ірі зерттеушісі ретінде есте қалды. Сібір мен Қазақстан туралы материалдар оның ғылыми мұрасындағы негізгі бағытты құрады. Сондықтан да өзінің 80 жасқа келген жылы оның бір уақытта бірден Том, Омбы және Красноярск қалаларының құрметті азаматы атағын алуы кездейсоқ емес еді;
- Өмірінің соңғы жиырма жылын Г. Потанин Иркутск, Красноярск, Томск қалаларында өткізіп, жаз айларында Алтайға, Байкалға, Қырғыз далаларына саяхат жасап, халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін - аңыз -ертегілерді жинастырып, шығыс дәуірі туралы өз еңбегін толықтыра түсті;
- ХІХ ғасырдың 70-90 жылдары Потанин Сібір өлкесіндегі, Қазақстандағы, Орталық Азиядағы толық зерттелмеген аймақтарына саяхат жасап оның тарихына, этнографиясына, географиясына, ботаникасына, экономикасына байланысты құнды деректер жинақтады. Ол алаш қайраткерлері Ә. Бөкейхан, Ә. Ермековтардың қолдау көрсетуімен Семей облысы, Қарқаралы уезіндегі қазақ ауылдарын аралады;
- Григорий Николаевич қазақ және орыс халықтары достығының нағыз жақтасы болды. Өз жерлестері қазақтардың болашағы үшін алаңдады, олардың ізгі ұлттық сипаттарын атай отырып: «қазақтар – сергек, салауатты, өмірге құштар халық: олар көңіл көтергенді ұнатады, киім кигенде ашық түстерді, өмірде мерекелерді жақсы көреді» деп көрсетті;
- Дала тұрғында оны «сұлу жанды ақсақал» деп атады. Бұл оның ел алдындағы еңбектері үшін жоғарғы баға болатын. Қазақ халқы және Сібір мен Қазақстанды мекендеген барлық этностар өкілдері оның есімін өз жадында мәңгіге сақтайды;
- Сібір облысшылары туралы тарихи әдебиеттерде ХІХ ғасырдың 50-60-жылдары қоғамдық қозғалыстың өрлеуінің Г.Н. Потанин мен Н.М. Ядринцев дүниетанымының қалыптасуына әсері айтарлықтай зерттелген емес. Сондықтан бұл зерттеуде біз осы ықпалдың деңгейін көрсетуге тырысамыз, ал облысшылардың пайда болуы туралы баға берген деректерге тоқталмауды жөн көрдік;
- Г.Н.Потаниннің Шоқанмен достығы, Шоқанға деген сүйіс­пеншілігі өмір бойы суыған емес. Досы мезгілсіз қайтыс болғаннан кейін де Г.Н.Потанин оның ата-анасымен, ауылымен, туыстарымен байланысын үзген емес. Оларға арнайы барып, қонақ болып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап жүр­ген, ал Шоқанның әкесі мен нағашысынан қажетті материалдар да алып отырған. Демек, Шоқанмен бірге болған шағы Г.Потаниннің кейінгі бүкіл саналы өмірінде із қалдырып, оның фольклорист ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен деуге негіз бар;
- Г.Н. Потанинның ғылыми мұрасы. толығымен зерттелмеген күйінде қалып отыр, ал қазіргі тарихнаманың міндеті оның қызметінің барлық аспектілерін – ғылыми экспедициялық, ғылыми-теориялық, қоғамдық-саяси аспектілерін ашу болып табылады. Бүгінгі таңда тарихи оқиғаларды қайта қарау сұрақтары туындап, «тарихи дау» ұғымы жиі естіліп жатқан кезде Г.Н. Потанин кәдімгі көзқарастарды қайта қарауды талап ететін нақты, нақты жауаптар береді. Бұл ой Павлодар мемлекеттік университетінде өткен «Потанин оқулары» материалдарында да көрініс тауып, ғалымның еңбектерін жан-жақты зерттеу қажеттігі атап өтілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет