ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ - адамзат қолымен жасалған тарихи мұра. Біздің заманымыздан бұрын Азия мен Еуропа елдерін , Батыс пен Шығысты бір-бірімен байланыстырған.
ЮНЕСКО – Бірріккен Ұлттар Ұйымының Білім Ғылым және Мәдениет жөнінддегі Ұйымы. Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан тарихының, сондай өзіне ерекше назар аудартатын іргелі тақырыптарының бірі орыс ғылыми интеллигенциясының отарлық кезеңдегі Қазақстандағы қызметі болып табылады. Орыс пен қазақ халқының өзара байланысының тарихи тамырлары тереңде жатыр. Бірақта, соның ішіндегі оқиғалардың шиеленісуімен бізді ең бір
қызықтыратын кезең ХХ ғасырдың басы болып табылады. Оның себебі:
Қазақстандағы қоғамдық-саяси және мәдени дамуға аянбай ат салысқан, оған
жетекшілік еткен белгілі қоғам қайраткерлерінің қызметі мен өмірінің сан-
қырын ашатын деректердің молдығы. Сонымен қатар, аталған тарихи кезеңнің тағы бір сипатты белгісі қазақ және орыс интеллегенциясының өзіндік бір әріптестігі, ғылыми байланыстары қазіргі заман тұрғысынан әділетті түрде бағасын беру арқылы айқындалмақ.
Отарлық мүддеден туындаған ғылыми әскери экспидициялар да өз мақсаттарынан асып түсіп, қазақ халқының тарихына, этногенезіне, экономикасына баса көңіл аударып, аса құнды мәліметтер жинағаны да ақиқат. Сондықтан, осындай аумалы-төкпелі заманда азаматтық ар-ожданын сақтап, нағыз интеллигент екендігін көрсете білген, өзіндік ұстанымы бар орыс оқымыстыларының бірі, қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ш.Ш. Уәлихановтың жан-досы – Г.Н. Потаниннің де ғылыми мұрасының Қазақстан тарихында өзіндік орны бар десек жаңылыспаймыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Г.Н. Потанин және қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі бойынша саяси және рухани көзқарастарын зерттеу барысында табылған тың деректік материалдар негізінде жаңа көзқарастар тұрғысынан талдай отырып, олардың құндылықтарын айқындап көрсету – зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
- ХІХ ғ. екінші жартысы-ХХ ғ. басындағы орыс зиялылары мен қазақ
зиялыларының өз ара ықпалдастығы мен әсерін сипаттау;
- Г.Н. Потаниннің саяси және ғылыми көзқарасын қалыптастыруға өскен
ортасының, Сібір кадет корпусының ықпалын көрсету;
- Г.Н. Потаниннің Монғолияға, Қытайға жасаған саяхаттарына талдау жасап,
оның Ресейдің шығыстану ғылымына қосқан үлесін айқындау;
- Г.Н. Потаниннің Сібірдегі саяси-қоғамдық қызметіне тоқталып, Сібірдегі
саяси топтар мен Сібір облысшыларына Г.Н. Потаниннің тигізген ықпалына
анықтама жасау;
- ХІХ ғ. қазақ зиялыларының қоғамдық-тарихи көзқарасын айқындай отырып, Ш. Уәлиханов, Мұса Шорманов сияқты қазақ зиялыларының Г.Н. Потанинмен қарым-қатынасының жемісті болғандығын көрсету;
- Сібір және Алаш автономиялары: теориялық бастаулары, ерекшеліктері мен
сипаты қандай болғанын айқындау;
- ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының дүниетанымын,
тұжырымдамаларын көрсете отырып, олардың Г.Н. Потанинмен арадағы қарым-қатынасына талдау жасау.
Зерттеу нысаны: Орыс демократиялық ғылыми интелегенциясының өкілі, танымал ғалым Г.Н. Потанин және онымен тығыз қарым қатынаста болған қазақ зиялылары, оқымысты ғалым-ағартушылары.
Достарыңызбен бөлісу: |