Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжрибелік құндылығы:
Г.Н. Потанин мен қазақ зиялыларының саяси-қоғамдық және рухани байланыстарының тарихи тамырларын арнайы зерттеу арқылы тарихи тұлғалардың мұрасы жөнінде теориялық және методологиялық негіз жасауға мүмкіндік беретін ғылыми еңбек жасалмақ. Зерттеу барысында көтерілген мәселелер Қазақстан тарихын жете тануға ерекше мән беретін оқырмандарға өткен тарихымызды, ондағы тұлғалардың, зиялылардың өмірі мен қызметін жаңаша саралауына септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының тұжырымдамаларын Қазақстан тарихын танып білгісі келетіндерге, тарихшы мамандарға, жоғарғы оқу орындарының ізденуші, аспиранттары мен студенттеріне, тарих факультетінде дәріс алатын болашақ зерттеушілерге арнайы курстар мен семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерін апробациялау. Зерттеу тақырыбы бойынша келесі жариянымдар бар:
1. Мыханова А.С. Азияны зерттеуші Г.Н.Потанин мен Шоқанның достығы
// А.Мырзахметова атындағы КУ VIII Халықаралық ғылыми – практикалық конференция «СТУДЕНЧЕСКАЯ ВЕСНА». - Көкшетау: А.Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті, 2023.
2. Мыханова А.С. Г.Н. Потанин еңбектеріндегі қазақ тақырыптары
// А.Мырзахметова атындағы КУ VIII Халықаралық ғылыми – практикалық конференция «СТУДЕНЧЕСКАЯ ВЕСНА». - Көкшетау: А.Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті, 2023.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспеден, негізгі бөлімнен, негізгі бөлім үш бөлімнен, бірінші бөлім екі бөлімшеден, екінші бөлім екі бөлімшеден, үшінші бөлім екі бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған дереккөздер тізімінен тұрады.
Диссертациялық жұмыс Г.Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдауға арналған.
Зерттеу құрылымы аталған мәселе аспектілерін айқындау ретілігіне сәйкес құрастырылған.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі нақты айқындалып, тақырыптың зерттелу деңгейінің жалпы бағасы берілген, мақсаты мен міндеттері қойылған, зерттеу пәні мен нысаны анықталған, зерттеудің ғылыми жаңалығы негізделген, тәжірибелік маңызы мен жағдайы қорғауға ұсынылады.
Бірінші тарауда Г.Н. Потанинің өмірі мен қызмет жолы және атұарған қызметі қарастырылады.
Екінші тарауда Г.Н. Потанинің еңбектеріндегі қазақ тақырыптары зерттеледі.
Үшінші тарауда Г.Н. Потанинің қазақ зиялыларымен қарым қатынасы және алаш автономиясы сипатталған.
Жұмыстың жалпы көлемі 91 беттен тұрады, ал райдаланылған дереккөздер тізімі 91 құрайды.
Қорытындыда жалпыланлаған нәтижелер мен ұсыныстар берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |