Қарлұқтар туралы деректер Реферат (1)


 ҚАРЛҰҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МƏДЕНИЕТІ



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата25.11.2023
өлшемі332.76 Kb.
#484460
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Қарлұқтар туралы деректер Реферат (1)

2 ҚАРЛҰҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МƏДЕНИЕТІ 
2.1. Қарлұқ мемлекетінің этникалық құрамы, шаруашылығы 
Əл-Идрисидің картасында қарлұқтардың екі тобының аумақтық орналасуы 
көрсетілген. Қарлұқ этнонимін əл-Идриси жазудың белгілі екі түрінде – арабша 
жəне парсыша: харлух жəне халлух деп береді. Хақан басқаратын қарлұқтар 
мекендейтін негізгі аудандар төртінші жəне бесінші климаттардың тоғызыншы 
бөлігіне орналастырған. 
Əл-Идрисидің картасына қарағанда, қарлұқтар елінің оңтүстігінде Бухайрат ат-
түрк деген үлкен көл орналасқан. Оңтүстігінде жəне оңтүстік-шығысында 
қарлұқтар Тибетпен жəне тоғыз-оғыздармен шектесіп жатты. Қарлұқтар 
иеліктерінің Тибетке жақындығы «Худуд əл-алам» анонимінің қолжазбасында да 
атап өтілген. Тегінде, Памирдің оңтүстік-шығыс жағындағы таулы аймақтар мен 
Шығыс Түркістан аймағы Тибет делініп отырса керек.
Қарлұқтар мен ұйғырлар арасындағы шекараға келетін болсақ, ол Шершен, 
Тарым, Тарым жəне ішінара Ақсу өзендерінің бойымен өткен. Шығыс жағында 
қарлұқтардың иеліктері кимектердің жеріне тікелей жақын орналасты. Х ғасырда 
алғашқы жартысында қарлұқтар бірлестігінің осынау ұлан-байтақ аумағында 
бытыраңқылық күшейді. Қарлұқтар туралы алғашқы мəлімет V ғасырдан бастап 
белгілі болады. Бұл кезде қарлұқтар Моңғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің 
шығыс жағалауы арасын қоныс етіп, көшіп жүрген. 
VI-VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік жəне Шығыс түрік 
қағанаттарының құрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық – бұлақ, шігіл (себек) 
жəне ташли одағына бірікті. Қарлұқ тайпалар одағының билеушісі елтебер деп 
аталды. 742 жылы Моңғолия даласындағы Шығыс Түрік қағанатын үш тайпаның 
– қарлұқтардың, ұйғырлар мен басымалдардың біріккен одағы күйретіп жеңеді.
Қағанат билігі аз уақыт басымалдардың қолына көшіп, олардың көсемі қаған 
болады. Қарлұқтар басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі жабғы атағын алады. 
Алайда, бұлардың арасында талас-тартыс басталып, 744 жылы басымалдарды 
ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Орталық 
Азияда жаңа мемлекет Ұйғыр қағанаты (744–840 жж.) құрылады. Ұйғыр 
тайпаларының басшысы жоғарғы қаған болады да, қарлұқтар көсемі жабғы 
атағын алады. Бірақ қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы, олардың Ұйғыр 
қағанатынан бөлініп шығуына жеткізеді. 746 жылы қарлұқ тайпалары Жетісу 
жеріне қоныс аударады. 
Сыртқы жаулардың шабуылынан жəне өзара қырқысқан күрестерден əлсіреген 
түргеш қағандары қарлұқтарға қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргеш 
қағанының екі ордасы – Тараз бен Суяб жəне бүкіл Жетісу жері қарлұқтар 
жабғуының қолына көшті. Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ 
этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік 
жəне теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. 
Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ 
конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан жəне сапа 
жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда 
орта ғасырлар дəуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде 
қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй əулетінің (581—618) 


шежіресінде кездеседі жəне V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар 
өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер 
ретінде бұлақ деп аталған. 
«Таншу» əулеттік (618—907) хроникасына сəйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) 
түріктерден шыққан жəне олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың 
түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы 
мұсылман тарихнамасында да жинақталған. «Олар(қарлұқтар) – ежелгі түріктер», 
- дейді Ибн əл-Факих (Хғ.) 
Қарлұқтар ежелгі түріктердің руналық ескерткіштерінде де «үш қарлұқ» деп 
айтылған. Ол моңғол Алтай мен Балқаш көлі аралығындағы аумақты алып жатқан 
көшпелі тайпалардың күшті одағы болды. Қарлұқтар туралы уақыты жағынан 
алғашқы хабар араб-парсы тілдес тарихи-географиялық əдебиетте – Табариде 
(737ж.) кездеседі. Ол Тоқарстанда орналасқан қарлұқтар туралы айтады. 
Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі жəне жартылай көшпелі əр түрлі 
тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, 
шарұктар, аргулар, барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның құрамында 
оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта жəне төменгі ағысына 
көшкеннен кейін Жетісу аумағында калған кейбір топтары, сондай-ақтүрік 
болып кеткен Жетісу соғдылары болды.
Махмұд Қашғари көптеген соғдылар түріктердің əдет-ғұрыптарын қабылдаған 
деп хабарлайды. Кейінірек қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың, 
отырықшы халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған бір бөлегі, сондай- ақ 
оғыздардың соларға сəйкес топтары да түрікмендер деп аталып кетті Араб 
саяхатшысы Əбу Дулаф өзінің қарлұқтар жерімен 25 күн жүріп өтуіне тура 
келгенін хабарлайды; ал Ибн Хаукальдін деректері бойьшша, «қарлұқтар жерін 
батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін тіпті 30 күн жол жүру керек болған». 
Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап 
қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. 
арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап 
қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. 
қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға 
бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мəжбүр болды. Қағанаттың 
шаруашылығының дамуы негізінен екі бағытта болды. Жартылай көшпелі, 
жартылай отырықшы мал шаруашылығы. Отырықшы мал шаруашылығы. 
Қарлұқтардың (түріктердің) балық аулаумен айналысқандығын дəлелдейтін балық 
аулауға қажетті құрал- саймандардың атаулары кездеседі: «Диуани- лұғат ат 
Түрік» М.Қашқари, Араб –қыпшық сөздігі.«Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс 
бар. Олардың ішінде : Құлан,Мирки, Атлах, Балық, Барсхан, Талғар сияқты 
атақтылары бар деп хабарлаған қолжазба: «Хұдут əл- алам» (Əлемнің 
шекаралары). 
Қарлұқтар тұсында Шу жəне Талас өзендері маңында пайда болған 
қазбалар: Құлан, Мерке, БарсханҚаған қаласының халқы көп, бекінісі мықты, 
əскері жəне қару –жарағы мол» деп жазған:Əл- Идриси. Қарлұқтар туралы 
деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна 
ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс 
жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 


7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. 
Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы 
Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар 
ерте феодалдық мемлекет құрады. 
Араб географы Əл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын 
айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, 
шігілдер, əзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар 
кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап
Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш 
пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп 
жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. 
Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен 
құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. 
Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, 
Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан жəне т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек 
жолы бойында орналасты. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-
мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан 
Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан əрі созылып Алтайға, 
жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала 
жолы жұмыс істей бастапан. 
Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар 
сауда арқылы таратылып жататын. Б.з.д. 2 ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің 
жəне сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. 
Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы 
Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан əрі Наь-
Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс 
шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге 
айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік жəне оңтүстік жағынан айналып өтетін. 
Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле 
алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы 
арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, 
Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл 
оңтүстік жол деп аталды.
Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан əрі Самарқанд, Бұқара, Мерв 
арқылы хамаданға, Сирияға баратын. 11-12 ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен 
оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың 
бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда 
Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының 
ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс 
салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың 
айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды. 7-14 ғғ. 
Елшілік жəне сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар 
бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік 
Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы 14 ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен 
соғыстар қала мəдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз 
жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді


Қарлұқтар (766-940). Терр. Жетісу ордасы. Билеушілері жағбу. 840 ж. бастап қаған 
деп аталған. Іле, Шу, Талас өзендерінің бойында болды. Құлан, мерке, Баласағұн 
деген қалалар бой көтерген. Мұсылман діні кең таралған.
Бұл мемлекет шығыс Түркістанның тұрғындары пұтқа табынушы шығыл жəне 
яғма тайпаларының Жетісуға басып кіруімен ыдырайды. Қарлұқтар əлсірегенде 
қарлұқ қағанының билігін Сатух Барахан қолына алады. Ол кезде қарлұқ 
билеушісі болған атасы Қараханның атымен қарахан мемлекеті еді. 766 ж. Тараз 
бен Суяб, Жетісу қарлұқтардың қол астына кіреді. 766-775 ж. Олар Қашгарды 
басып кіріп Ферғанаға ықпалын жүргізе бастады. Егіншілік жақсы дамыған. 
Байлар мен құлдар 2 тап болды, əкімшіл-əміршіл жүйе болды. Араб географы Əл-
Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. 
Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, 
əзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 
8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың 
орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді.
Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін 
көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. 
Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен 
құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. 
Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, 
Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан жəне т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек 
жолы бойында орналасты. Қағанат шаруашылықтың көшпелі жəне жартылай 
көшпелі, отырықшы-егіншілік əдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, 
соғдылар да сауда-саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар 
айналысты. 
Қағанаттағы бірінші тұлға - жердің қожасы, əскери билеуші - қаған болды. 
Қағанаттағы жоғары лауазымдар - жабғы, шад, елтебер, қаған əулетіне ғана лайық 
атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың 
негізгі халқы - мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған, оларды "қара 
будун"(қара халық) деп атаған.Əлеуметтік жағынан тайпалар - ақ сүйек жəне 
вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-салық 
төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды.Жібек жолы бойында үстемдік орнату 
үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған.Ұлы Жібек жолы 
Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон 
бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан əрі созылып 
Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне 
кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран 
кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. 
Қарлұқтар Орта Азиядағы тайпалардың ішінде отырықшылдықа ерте бой ұрған 
бірлестік. Оларда жартылай көшпелі шаруашылық үстемдік етті. Аң аулау 
кəсібіменде шұғылданды. Қарлұқтардың, оғыздар мен кимектердің қарауындағы 
қоныстарда құмырашылық өндірісі де өркендеді. Бұған қоса олар мекендейтін 
аумақта темір, күміс, алтын, мыс жəне асыл тастар өндірілді. «Ондағы шеберлер, - 
деп жазды əл-Идриси оғыздар мен кимектер туралы, - темірден ғажайып əдемі 
бұйымдар жасайды». 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет